Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.
Шығыстағы Ескендір Зұлқарнайын мен Абайдың «Ескендір» поэмасындағы ерекшеліктері:
- Ескендір бейнесі жағымды болып бейнеленді.
- Он сегіз мың ғаламды билеуші
- Жер бетінде теңдесі жоқ әрі батыр, әрі қолбасшы ретінде суреттелді.
- Ақылшысы – Қызыр.
- Қай қаладан екені айтылмайды
Абайда
Ескендір бейнесі қатал, тойымсыз, қанішер қолбасшы болып суреттеледі.
- Ақылшысы – Аристотель
- Македония шаһарынан екендігі айтылып, әкесі Филипп патша болғандығы баяндалады.
Салыстыра отырып талдау жасасақ :
Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы Ескендір бейнесі шынайы тарихтағы Александр Македонскийдің тұлғасы. Сюжетіне келсек те тарихи оқиғамен ұқсас. Сонда ұлы ақынның поэмасы реалистік әдіспен жазылған туынды екенін көрсетеді.
Пікірлер :
- Қ.Жұмалиев (1907-1968) дастанның мазмұнына тереңірек үніліп, «Абай «Ескендірді» жазғанда тек шығыс классикасын ғана емес, сонымен бірге Александр Македонский туралы тарихи шығармаларды да (Плутарх) пайдаланған», деген ой айтады.
- М.С.Сильченконың мына пайымдауы назар аудартады: «Бәлкім, Абай өзінен бұрынғы ұлы ақындармен жарыса отырып, «нәзира» рухына беріліп қана қоймаған, Зұлқарнайын туралы мұсылман елдерінде таралған аңызға қарсы көркем туынды жасаған. Демек, ақынның өз шығармасын әңгіме (повествование) деп атауы тегін емес».
- М.Әуезов Абайға «Ескендірді» жазу үшін Низами дастаны жеткіліксіз болғанын көрсеткен де, оның Еуропа әдебиетіндегі мағлұматтарды пайдаланғанын білдіреді. Бірақ, нақты қай шығарма екеніне нұсқамайды.
- Профессор Ш.Сәтпаева (1930-2001) «Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы әдебиеттану ғылымында байсалды зерттеліп, дәлелді тұжырымдар айтылған. Алайда, бұл поэманы өзі тақырыптас кейбір туындылармен қатар салыстыра, байланыстыра зерттеу, «александрияға» қазақ ақыны қандай өзіндік үлес, тың түсінік, жаңа шешім қосып, дәстүр байытқанын анықтау — Абай асқан биіктің тағы бір қырын аша түсер еді».
- Абай мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде ұштасқандығының кезекті бір елеулі мысалы деуге тұрарлық сүйекті шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?