Өлең - сөздің патшасы. Отыз үшінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.
Тест тапсырмалары
1. Абайдың отыз үшінші қарасөзінде не туралы айтылатынын көрсетіңіз.
A) халықты сынап, күлкі қылу
B) мал қамын сөз ету
C) қолөнерге қабілеті бар қазақтың кемшілігін сынау
D) қазақ мақалдарын жоққа шығару
2. Отыз үшінші қарасөз қалай басталатынын белгілеңіз.
A) «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді...»
B) «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек»
C) «Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім»
D) «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп...»
3. Тиісті сөз тіркесін қойыңыз.
Мал жұтайды, ...
A) ақыл солмайды
B) көңіл толмайды
C) өнер жұтамайды
D) ниет озбайды
4. Отыз үшінші сөзде Абай қазақтың әулиесі деп кімді айтатынын табыңыз.
A) өнерін асырып бағалай білген жанды
B) алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнершіні
C) тамыршыл қолөнершіні
D) көптің қолынан келмейтін өнерді игерген адамды
5. Отыз үшінші сөзде Абай қолынан өнер келетін қазақтардың қанша «кеселін» санамалап беретінін белгілеңіз.
A) 4
B) 2
C) 5
D) 3
6. Отыз үшінші сөз қалай аяқталатынын көрсетіңіз.
A) Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?
B) «...ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек»
C) «...салғырттың иманы бар деп болмайды»
D) «Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек»
7. Отыз үшінші сөздегі «борыш» сөзінің мағынасын белгілеңіз.
A) саяхат
B) қарыз
C) сезім
D) арыз
8. Тиісті сөзді қойыңыз.
Егер де мал керек болса, ... үйренбек керек
A) даналық
B) сауда
C) қулық
D) қолөнер
9. Отыз үшінші сөзінде Абай халықты қандай болуға шақырғанын көрсетіңіз.
A) қатал, өзімшіл болуға
B) жағынып өмір сүруге
C) пысық, қу болуға
D) адал еңбекпен мал табуға
10. Отыз үшінші сөзде айтылатын «ісмер» сөзінің мағынасын көрсетіңіз.
A) шебер
B) құрмет
C) жылдам
D) жақсы
1 | С |
2 | В |
3 | С |
4 | В |
5 | А |
6 | А |
7 | В |
8 | D |
9 | D |
10 | А |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру