Атадан қалған асыл сөз. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.


Майқы би

Майқы би Төбейұлы 1105-1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақ халқының төбе биі болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар башқұрт қарақалпақ өзбек халықтары бас биіміз деп санаған.Ежелгі шежіре бойынша екі Майқы би болған тәрізді. Белгілі жазушы Балғабек қыдырбек ұлы бұл жөнінде былыай жазады «Артына өлтірмейтін сөз қалдырған-сол 12 ғасырда өмір сүрген Майқы ма? Көне көздерден ата баба, жеті пұстыдан қалған шежірелерге келсек қазақта екі Майқы болғаны байқалады. Оны екіншісі осы мақаланың авторының өзімен санағанда 41 атасы, яғни Шыңғыс заманындағы билік құрған Майқы. Егер біздің қолымыздағы атадан балаға мұра болып, дүниедегі ең ардақты құжаттай құрметтеліп рыжатталып келе жатқан әулет шежіресін тілге тиек етер болсақ 12 ғасырда жасаған Майқы өзін ұлы жүз санайтын біраз қазақтың атасы. Жалманбет ақ үйсін, жарықшақ қара үйсін, түркештің сары үйсін әкесі, Бәйдібектің атасы.

Абыз Әнет баба

Бірақ оны халық арасында кім айтып қалдырғанын білесіз бе? Ол, әрине, аты аңызға айналған – Әнет би. Бұрын соңды оның есімін заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов өзінің тұңғыш туындысы «Еңлік-Кебек» драмасында атап кеткен болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» деген шығармасында кемеңгер қария ретінде суреттеледі. Сонымен қатар, Әнуар Мамашәріп тегінің естелігінде жан-жақты баян етіледі. Әнет бабадан кейінгіге мұра боп қалған билік, шешендік ақыл, нақылдар аз емес.

       Жоғарыда айтылған «үш арсыз», «үш ғайып», «үш даусыз», «үш қадірсіз», «үш жаман», «үш күшті», «үш тәтті» деген ел арасында былайша дүниеге келген.

       Күлтөбеге жиналған ел:

  • Баба, дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не жаман?- деп жеті сұрақ қойыпты.

Сонда баба жеті сауалға үш-үштен жұптап былай деп жауап береді:

- Үш арсыз бар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш ғайып бар: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез, кәрілік, ажал. Үш қадірсізге жігіттік, денсаулық, әйел жатады,-дейді данагөй.

«Қадірсіз»дегенде, бұл жерде, Әнет баба, адам баласы жас шағында осы үш асыл нәрсенің қадірін білмейді, ес тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.

Үш тәтті бар. Олар: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті. Үш күшті бар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті. Сондай-ақ, үш жаман бар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар,-депті.

Ал «жеті жетім» туралы Әнет би былай деген екен:

 

Сөз жетім, ынтаменен тыңдалмаса,

Бөз жетім, киілместен тозған болса.

Жер жетім, иесі жоқ қалған болса,

Ел жетім, жақсы басшы арман болса,

Көл жетім, қаз қонбаса құстар ұшып,

Ер жетім, жеке қалса тізе құшып,

Болмаса замандасың тойға барма,

Басыңа жалғыздықтың торы түсіп.

 

Қазақ «жеті жоқ» деп Әнет бабаның тұсынан мына нәрселерді айтады:

 

Аспанда тіреуіш жоқ,

Жерде сүйеніш жоқ.

Таста тамыр жоқ,

Аллада бауыр жоқ.

Аққуда сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ.

 

Ал «жеті қазынаны» халық Әнет бабадан сұрағанда мүдірмей былайша жауап берген екен: - Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр ит.

Сонда біреу тұрып:

- Баба, қазақта тағы бір мақал бар, «бала белде, қатын жолда»,-дейді.

Ер жігіт әйелді жаудан барып олжалап алады, айттырса, қалың малына қырық жылқы айдап апарып береді. Қазақта тағы бір мәтел бар, «қойныңдағы қатыныңа сенбе» дейді. Тағы айтады «атың жаман болса, сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтіп құтыласың». Соған қарағанда, әйелді «жеті қазынаның бірі» деу дұрыс бола қояр ма екен?

Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс,-депті Әнет баба сонда. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы – әйел. Сондықтан оған тіл тигізуге де, қол тигізуге де болмайды. Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет тұтқан. Ал, бірді-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса, ондайларға тыйым салу керек, - дейді.

       Ия, аз сөзбен мол мағыналы ой айтқан мұндай данагөй бабаларымыздың әрбір сөзі таптырмас құнды қазына. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осындай асылдарымызды жадымызда сақтау – бізге парыз. Жоғарыда айтылған даналық сөздері Әнет бабаның бір-екі жиында айтқан нақыл сөздері. Онан басқа бабамыздың келер ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан теңіз.

       Атасынан ақыл қалса, тентек ұл да түзелер...

Төле би келінін қалай таңдаған

Бүкіл қазаққа төбе би болып билік айтқан Төле би “Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдауға бекінген екен.

«Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келінді өзі таңдауға бекінген екен.

Осындай ой құшағында жүрген Төле биді бір күні Түркімен еліне билік айтуға шақырады. Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді.

“Әй, қыздар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғарыдан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, арасында ер бастаған батыр бар шығар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар, батасын алып, алғысына бөленейік. Атты кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, – дейді Данагүл. Төле би мұны алыстан көріп, қыздарды шақыртады. Данагүлдің бұйрығымен қыздар аттан түсіп, жаяу келіп сәлем береді. Данагүлді сөзге тартып, даналығын байқаған Төле би кейін құда түсіп, өзіне келін еткен екен.

Сол Данагүл өз ауылына сыйлы, ақылды, дана келін ретінде ел есінде жатталып қалған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу