Атадан қалған асыл сөз. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 2-сабақ.


Атадан қалған асыл сөз- бұрынғы өткен данышпан, данагөй аталарымыздың айтқандары.

Үш жұрт

Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың - қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады. Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат. Үш ғайып - ажал ғайыпқонақ ғайып, несібе ғайып. Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш даусыз - мінезкәрілік, ажал. Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел). Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Үш жақын - Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті. Үш көз - Су анасы - бұлақЖол анасы - тұяқ . Сөз анасы - құлақҮш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам - қазық.

Төрт кітап

Тәурат - Мұсаның кітабы. Забур - Дәуіттің кітабы. Інжіл - Исаның кітабы. Құран - Мұхаммедтің кітабы.

Төрт қылыш

Хәмхан. Сәмсән. Зұлқожа. Зұлпыхар.

Дүниенің төрт бұрышы

Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы деп Шын – Машын (Үндістан), Мысыр, Рұм, Еуропа елдерін айтқан.

Төрт құбыла

1.Шығыс. 2.Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік.

Бес қару

1.Садақ. 2.Мылтық. 3.Найза. 4.Қылыш. 5.Айбалта.

Бес асыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз… Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл сөз көнсеңіз.

Бес парыз

1.Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау. 2.Намаз оқу. 3.Ораза ұстау. 4.Қайырсадақа беру. 5.Қажылық.

Алты игілік

1.Денсаулық. 2.Қазына. 3.Дос. 4.Әйел (жар). 5.Білім. 6. Бала (ұрпақ)

Алты парыз

Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беру (әдейі барып). 2. Шақырса – бару. 3. Кеңес сұраса – ақыл қосу. 4. Сұрағына – жауап беру. 5. Ауырып қалса – көңілін сұрау. 6. Қайтыс болса – жерлеуге қатысу. (Мұхаммед пайғамбар)

Жеті амал

1.Күннің тоқырауы. 2.Қарашаның қайтуы. 3.Үркердің батуы. 4.Мұздың қатуы. 5.Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7.Ай тоғамы.

Жеті жұт

Жеті жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.

Жеті жетекші

1. Адамның басшысы – ақыл. 2. Жетекшісі – талап. 3. Жолаушысы – ой. 4. Жолдасы – кәсіп. 5. Қорғаны – сабыр. 6. Қорғаушысы – мінез. 7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ел жетім, Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғалам

Жеті ғалам (дүние, жұрт) - қазіргі тілімізде "дүние жүзі", "бүкіл әлем" дегенді білдіреді. Мұнда жетіде сандық мән жоқ. Байырғы кезде бұл термин халықтың әлем туралы өте ерте кездегі мифологиялық түсінігін бейнелеген. Бұл түсінік бойынша жеті саны негізгі жеті бағытты білдірген. Олар - дүниенің төрт бұрышы: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер - орта ғалам, жер асты - төменгі ғалам.

Жеті қат көк

Жеті қат көк тіпкесін қазіргі қолданысымызда "шырқау биік, шексіз аспан" деп мінінен айрылған. Жеті қат көк - байырғы шығыс астраномдарының кеңінен қолданған термині. Мұндағы жеті саны - жеті жұлдызға сәйкес келеді. АйМеркурийШолпанКүн, Қызыл жұлдыз (Марс), Мүштәри (Юпитер), Сатурн. Осы жеті шығыс астрономиясында "жеті қат (қабат) көк" деп аталады.

Жеті ғашық

Халық аузында, оның өлеңжырлары мен ертегіэпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түптөркіні Шығыс елдеріне аңыздастан болып тараған ғашықтық хикаялармен сабақтас. Бұл фразеологизм қазақ ауылдарының шығыс әдебиеті мен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын тілдік дерек. Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті ғашықтық жырға қосып, дастан жасаған. Олардың тыңдаушылары жаттап, кейде жазып алып, елденелге таратып отырған. Қазақтың жыршылары мен ақындарының шығармасында екі нұсқада кездесетін жеті ғашыққа мыналар жатады: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Таһир – Зуһра, Арзу – Қамбар, Уәлік – Ғафра, Уәки – күлшай; ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Жамал, Бозжігіт – Анула (кей нұсқаларда Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы – Ғайым).

Жеті шәріп (жеті әулие)

1.Мекке шәріп. 2.Медине шәріп. 3.Бұхар шәріп. 4.Шам шәріп. 5.Қатым шаріп. 6.Құддыс (мысыр) шәріп. 7.Кәлләм шәріп (құран).

Жеті қазына

1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақылбілім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы (ит).

Жеті ата

Жеті ұрпақ

Жеті жарғы

Әз Тәукенің заңдары 1жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туды). 2жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі). 3жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық). 4жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық). 5жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде пайдаланады). 6жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың малын береді. ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді. 7жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төленсін. Міне, XVII ғасырда өмірге келген «Тәуке ханның жеті жарғысының» негізгі баптары осындай. Алайда оның негізі ежелгі Түркі мемлекетінде (қағанатында) VI ғасырдың ортасында туған болатын.

Жеті күн

1. Бүгін. 2.Ертең. 3.Бүрсігүні. 4.Арғы күні. 5.Ауыр күн. 6.Соңғы күн. 7.Азына. 1.Дүйсенбі. 2.Сейсенбі. 3.Сәрсенбі (сәтті күн). 4.Бейсенбі. 5. Жұма (қасиетті күн). 6.Сенбі. 7.Жексенбі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу