Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 9-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Қиял мен шындық

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

А/И3. Көркем шығарманың тілі

 Сабақ мақсаты

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау

 Бағалау критерийі

«Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің тілдік ерекшелігін талдайды, автор стилін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: Қуыс шар, сауыттай, мәңгілік мұз, қазаншұңқырлар

Пән лексикасы және терминология: психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

табиғатты аялау

 Пәнаралық байланыс

астрономия, экология, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі

Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін талдау бойынша алған білімді кеңейту

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-8

Қызығушылықты ояту

Жолаушының қойын дәптері

1 – қадам: Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кесте таратылады, бірінші бөлікке өткен сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы жазғанын, үшінші бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.2 –қадам: Кестеге жазғанын жанындағы жұбына оқиды,

бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.

Не туралы сөйлестік?

Не туралы жаздық?

Қандай шешімге келдік?

 

 

 

Сабақ тақырыбы мен мақсаты талданып, таныстырылады.

Сабақтың ортасы

9-18

19 – 25

26-31

32-35

1-тапсырма. Зерделе

Топтарға «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінен үзінділерге дайындалған тапсырма таратылады.

Мұғалім оқушыларға тапсырманы орындатпас бұрын оқу мақсатындағы көркемдегіш құралдар бойынша әдеби –теориялық ұғымдарды қайталау сұрақтарын береді немесе бұрын дайындалған слайдқа көз жүгіртіп, еске түсіруге мүмкіндік береді.

1-топ

Үзіндіні оқы. Автор ойын түсіндір. Диалогты қолдану себебін түсіндір. Автордың Мерген планетолог әкесі Ертілеспен бірге Айда болып қайтыпты деген сөйлемде асты сызылған сөзді қолдануының себебін аш.

2-топ

Үзіндіні оқы. Автор ойын түсіндір. Үзіндіде асты сызылған сөздер мен сөйлемдерді қолдану себебін аш. Олар көркемдегіш құралдарға жата ма? Дәлелде.

табан тіреуге Дауыл мұхиты, Жаңбырлар теңізі, Дағдарыс теңізі жұлдыздар да жымыңдамайды. Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіл құлазытады. Тіршіліксіздіктің нағыз көрмесі

3-топ

Үзіндіні оқы. Автор ойын түсіндір. Төл сөз бен төлеу сөздің рөлі көріне ме? Үзіндіде асты сызылған сөздер мен сөйлемдерді қолдану себебін аш. Олар көркемдегіш құралдарға жата ма? Дәлелде.

ылғалданған құм сияқты ескерткіш қара бояудан жуылғандай елеусіз қуыс шардың үстінде тұрғандай қара тушы төгілген сауыттай

4-топ

Үзіндіні оқы. Автор ойын түсіндір. Ғылыми тұжырымға осы үзінді мысал бола ала ма? Автор бейнесін осы үзінді арқылы ашуға бола ма? Дәлелде.

5-топ

Үзіндіні оқы. Шағын үзіндіде автор бейнесі қалай көрінді? Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі осы үзіндіде қамтылған ба анықтап, дәлелдеңіз.

2-тапсырма. Әңгіме кестесі

Оқушылар шығарма үзінділері бойынша топта әңгіменің идеясы мен тақырыбын, автор стилін, әдеби көркемдегіш құралдарын талдайды.

Айдағы жасырынбақ

І үзінді

ІІ үзінді

Қолдану ерекшелігі

Өзіндік пікір

Идеясы

Тақырыбы

Әдеби көркемдегіш құралдар

Автор стилі

3-тапсырма. Қайта жазу

Оқушылар берілген үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдік қолданысын талдап, перифраз жасап қайта жазады.

Күннің сәулесі де шашырамай бажырая қалған. Аяқ астымыз қуыс шардың үстінде тұрғандай қатты діріл қағады. Қарайған көлеңкесі әлі де болса бір жағына жантайып, қара тушы төгілген сауыттай болып жатыр. Сөйтіп қап-қараңғы дүниеге тап болдым.

Сыныптық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

«Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің тілдік ерекшелігін талдайды, автор стилін анықтайды

Үзіндіні оқиды

топта тапсырмаларды орындайды

ойын дәлелді жеткізеді

автор бейнесін талдайды

әңгіменің идеясы мен тақырыбын талдайды.

автор стилін талдайды.

әдеби көркемдегіш құралдарын талдайды.

презентация

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесін оқу;

Фантастика әлемінің құпия сырларын зерттеу.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу