Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 11-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Қиял мен шындық

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы

 Сабақ мақсаты

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

 Бағалау критерийі

«Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің бүгінгі күнмен байланысын, ұлттық сипатын заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: Ғаламшар , ғылыми зерттеу, болашақ тазалығы, мәдени даму

Пән лексикасы және терминология: рухани құндылық, жаңашылдық, заманауи

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтар

 Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия

Алдыңғы білім

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі. Құндылықтарды айқындап, баға беру бойынша алған дағдыларын жетілдіру.

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту

« Оқу атысы» жаттығуы

  • Бірінші ғаламшарға сабақтың тақырыбы жазылады.
  • Екінші ғаламшарға оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы қандай оқу мақсатымен жұмыс жүргізілетіні туралы жазады;
  • Үшінші ғаламшарға мақсатқа қандай тапсырмалар орындау мүмкіндігі болатынын болжап жазады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

6-15

16 - 26

27 - 33

34-35

1-тапсырма. «Ойлаудың алды қалпағы» әдісі

Оқушылар топта қалпақтар бойынша талдауға қатысатын тапсырмаларды алады.

Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру.

Сары қалпақ - Мерген мен Сартайдың іс-әрекеттерін қолдау.

Қызыл қалпақ - Балалардың іс- әрекетіне өз эмоциясын жеткізу.

Қара қалпақ - Балалардың іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту.

Жасыл қалпақ - Сартайды қорқытпаудың қандай жолдары бар еді?

Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау.

2-тапсырма. «Мәтіндік зерттеу» әдісі

Оқушыларға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік унверситетінің PhD докторы  Қ.Қ.Аубкированың «Ғылыми фантастикалық шығармалардағы ортақ негізгі принцип» тақырыбындағы мақаласы таратылады.

Оқушылар жұппен «Ғылыми фантастикалық шығармалардағы ортақ негізгі принцип» тақырыбындағы мақаланы оқиды;

Оқушылар ғалымның фантастикалық шығармалар туралы пікірін өз ойларымен байланыстырып талдайды.

3-тапсырма. «ҒЗО» әдісі

Оқушылар шығарма мазмұны бойынша «Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады. Жұмыстың өмірмен байланысы болуы керек. Жобада «Айға жасырынбақ» шығармасының жаңашылдығына заманауи тұрғыда баға береді.

  • ҒЗО (ғылыми зерттеу орталығы) қызметкерлері (оқушылардың бір немесе бірнеше тобы) көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • Автордың суреттеудегі қолдану ерекшелігін топтасып талдайды;
  • Автор қолданысына пікірді өзара міндет бөлінісі арқылы шығармашылықпен орындайды.
  • Біткен жұмысты кестеге түсіріп, қабылдау комиссиясына (2-3 үздік оқушы) жоба қорғау түрінде өткізеді.
  • Комиссия қабылдамаса, жұмысты қайта толықтырады.

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

«Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің бүгінгі күнмен байланысын, ұлттық сипатын заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді

топта «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша талдау жүргізеді

шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды

фантастикалық шығармалар принципі туралы мақаланы оқиды

ғалымның пікірін өз ойымен байланыстырып талдайды

«Шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады.

Жұмысты өмірмен байланыстырады

«Айға жасырынбақ» әңгімесінің жаңашылдығына заманауи тұрғыда баға береді.

презентация

Қосымша ресурстан қараңыз.

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесін оқу;

Жазушының басқа да фантастикалық тақырыпта жазған шығармаларын зерттеп оқу.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу