М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 26-сабақ.
Ой қозғау
Орындалған музыкалық шығарма кімдікі деп ойлайсыз?
Шығарма қай жанрға жатады?
Бұрын осы шығарманы қайдан естідіңіз? Әлде...
Музыкалық шығармадан қандай әсер алдыңыз?
Көз алдыңызға ненің бейнесін елестете алдыңыз?
Ой қозғау
Орындалған музыкалық шығарма кімдікі деп ойлайсыз?
Шығарма қай жанрға жатады?
Бұрын осы шығарманы қайдан естідіңіз? Әлде...
Музыкалық шығармадан қандай әсер алдыңыз?
Көз алдыңызға ненің бейнесін елестете алдыңыз?
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Тұжырымдар талқысы
1-топ
Поэманың І бөлімінен алған әсерлерімен бөліседі;
Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы,аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі;
Сызат, алау сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
2- топ
Ақынның ананың психологиялық жай-күйін жеткізуі;
Ананы қасиетті аққуға оқ атуға итермелеген күш;
Баласының ана отыр күйін бағып –деген өлең жолындағы «күй» сөзінің мағынасын түсіндіреді.
3-топ
Осы бөлімдегі жылқышы мен ананың диалогін екі оқушы кезекпен мәнерлеп оқиды;
Білмеймін сор аттың ба,бақ аттың ба ?
Аққуға кезенерде ырым жасап,Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?-деген жылқышы қарттың сөзінің мағынасын түсіндіреді;Қасиет, қасірет сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
ПОПС формуласы
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы тағдырына мойынсынған ана : «Аққулар,кешіріңдер,жазықтымын!
Қараймын керуеніңе қажып бүгін.
Адасып кетті-ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менен нәзіктігім,- деп өз қателігін түсініп, табиғат Ананың
алдында бас иді» деген тұжырымға пікір білдіріп, қорытынды жазыңыз.
Менің ойымша, ...
Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .
Өздік бағалау
Рефлексия
Еркін микрофон
Сабақта қиындық туғызған тапсырма болды ма?
Неліктен қиындық туғызды?
Неге назар аудару керектігін түсіндіңіз?
Үй тапсырмасы
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын шығармадағы кейіпкерлер үніне назар аударып оқу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?