Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 6-сабақ.


Кім жылдам?

1-жұп. «Келісемін/ Келіспеймін» әдісі бойынша «Үш қиян» өлеңінде анықталған өзекті ойды жұбыңызбен анықтаңыз.

Өзекті ой

Келісемін

+

Келіспеймін

-

Ел жерден, жесір жаудан кесір көріп, барарға да, басарға да өрелі өріс қалмай торықты

Аталыдан ар кетті, адамы түгел зар шекті

Ел ішінде азғын, тозғын, жылпос-сымпостар жоқ

Дәулеттіден бақ тайды, ақшалының күні туды

Пара-пәле аз

Ағайындық пен татулыққа жік түсті

Арамзалар болыс боп ел билейді

Замана түзелмеске бет бұрды

2-жұп. «Келісемін/ Келіспеймін» әдісі бойынша «Үш қиян» өлеңінде анықталған көркемдік бітім мен көңіл-күйге қатысты ойды жұбыңызбен анықтаңыз.

Көркемдік бітім мен көңіл-күй

Келісемін

+

Келіспеймін

-

«Үш қиян» – Мұрат ақынның шеберлік шоқтығын танытпайтын шығарма

Шығарма қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдарын бейнелейді

Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, шерменде көңіл күйі шертіледі

Туған халқы басынан кешкен жұт жылдары отаршылар төндірген ауыртпалықтармен ұштаспайды

Өлгенде де туған жердің топырағы бұйырмасын деген тілек

Атамекен, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік

«Үш қиян» – тілі көркем толғау. Бейнелі сөздер, әсерлі суреттер мол. Теңеу, эпитеттердің шебер қолданыстары көптеп кездеседі.

Ақын бұлыңғыр болашақ үшін қауіптенеді.

Кейінгі туған баланың

Ұстай ма деп білегін,

Шая ма деп жүрегін.

Шашын, мұртын қойдырып,

Ащы суға тойдырып,

Бұза ма деп реңін.

Өзімді байқап көрейін...

Тірек сөздер мен суреттерді бір-бірімен байланыстырып, шығармадағы көркемдік-идеялық құндылыққа сыни шолу жасаңыз.

Тірек сөздер: азаттықты аңсау, ұлтты езгіден құтқару, шерлі шындық, бұғауда бұлқыну, отаршылдыққа наразылық, ұлт қамы, рухты ояту, күрескерлік сана, т.б.

Еркін жазу

Оқушы шығармадағы көркемдік-идеялық құндылықты гуманистік тұрғыдан талдай отырып, өзі таңдаған тақырыпта әдеби эссе жазыңыз.

Эссенің үлгі тақырыптары:

  • Елі мен жері үшін қасірет шеккен саналы суреткер.
  • Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі.
  • Ел тарихын емірене жырлап, ержүрек батырлардың образдар галереясын қалдырған эпик ақын.

Эссе екіге бөлінеді:

1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту.

2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Эссенің жазылу құрылымы:

1.Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту. Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, параллелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

Мысалы:1.Аргумент, түсіндіру, мысал, (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент, түсіндіру, мысал, (факт) байланыстырушы сөйлемдер;

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы.

Әдеби эссе

Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу