Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 18-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 18

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.А/И1. Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақ мақсаты:

Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: дастан , композиция,«иә» мен «жоқ», жанр,сюжет, постер құру, «кейс – стади», жағдаяттар т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

Оқушылар «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын толық меңгеріп, жанрлық ерекшелігі, сюжеттік желісі, дастан мазмұнында көтерілген мәселелер туралы жалпы түсінік алып, тапсырмалар орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Иә» мен «Жоқ» ЖЖ.

Оқушылар дастанның жазылуына, дастандағы оқиғаларға қатысты «иә» мен «жоқ» тапсырмасына жауап береді. Дұрыс жауап болса, «иәнің» тұсына (+); жауап қате болса, «жоқтың» тұсына (- ) белгісін қояды.

Оқиғалар

Иә

Жоқ

Дастан тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған.

Еңлік — Кебек оқиғасына арнап Мағауия Абайұлы да поэма жазған.

Ақынның өлгенді тірілтуіне бip кезде қоғам өмірінен аластатылған адамдар соңғы тұста өзгеше танылып, өзге бағасын алу кepeктiгi себеп болған.

Матай мен Тобықты руларының тартысынан Еңлік — Кебек трагедиясы туды.

Кебек — Тоқтамыстың баласы.

«Сақтанбасаң, артқыға сөз боларсың». Нысан абыздың сөзі.

Қара жартас — Кебектің келген жері.

Матайлар Еңлікті Кебек алып қашқанын аю терісінен білді.

Еңлік–Кебек моласы Таймақ пен Ералының арасында орналасқан.

Дастаннан алар ғибрат:

«Ғаділ, залым, шафқатлі,

мейірімсіз,Соларды айыра алмай,

қапы қалма!»

Оқушылар өз жауаптарының дұрыс-бұрысын слайдтағы дұрыс жауап арқылы тексереді.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу.

http://bilim-all.kz/olen/1568

Сабақтың ортасы

6-15+3 мин

19-28 мин

29-34 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ. «Постерге саламын»

Әр топқа шығарманың композициялық құрылымы ұсынылады. Оқушылар шығарманың әр бөлігіндегі кейіпкерлер, олардың әрекеттері мен шығарманың сол бөлігіндегі оқиғаны постер түрінде ұсыну керек.

Постер талаптары:

  • Постер мазмұнды болуы керек;
  • Шығарма бөлігіндегі оқиғалар негізге алынуы шарт;
  • Шығарма бөлігіндегі кейіпкерлер әрекеті айқын болуы тиіс;
  • Постер эстетикалық талғамға сай болуы қажет.

1 – топ.

Оқиғаның басталуы ─ Тоқтамыстың батыр інісі Кебектің  Нысан  абызға  бал  аштыруы. Абыздың кеңесі.

2 – топ.

Оқиғаның  байланысы ─ аңға шығып адасқан Кебектің Еңлікті жолықтырып ұнатуы.

3 – топ.

Оқиғаның  дамуы ─ Еңлік пен Кебектің жалынды махаббаты.4 – топ.

Оқиғаның шиеленісуі ─ Еңлік-Кебектің елден қашып, Орда тауын паналауы, дүниеге келген сәби. 

5 – топ.

Шарықтау  шегі ─ екі жасты  өлім жазасына кесу туралы ру басыларының қатыгез, қатал үкімі.

6 – топ.

Оқиғаның  шешімі ─ ғашықтар трагедиясы, иесіз тауда шырқырап қалған жазықсыз сәби.

Әр топ өз постерін қорғағаннан кейін басқа топтар бағалау парағына бірден бағалап отырады.

Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады.

Постер мазмұнды жасалған;

Шығарма бөлігіндегі оқиғалар негізге алынған;

Шығарма бөлігіндегі кейіпкерлер әрекеті айқын берілген;

Постер эстетикалық талғамға сай құрастырылған.

2- тапсырма ЖЖ.

«Кейс – стади» әдісі

Оқушылар қызыл, көк және жасыл түсті стикерлер бойынша жұптарға бөлініп, берілген жағдаяттарға байланысты өз пікірлерін дәлелді жеткізеді. Қызыл түсті стикер алған оқушы берілген пікірмен келіседі, көк түсті стикер алған оқушы пікірге қарсы пікір айтады. Жасыл түсті стикер алған 2 оқушы төреші рөлінде болады.

1-жағдаят. Дастанда Кебек Нысан абызға бал аштырады. Өз тағдырының немен аяқталатынын біле тұра, Еңліктен бас тартпайды.

Сұрақ: Бұл Кебектің өз тағдырына немқұрайлы қарағандығы ма немесе ғашықтық сезімнің күштілігі ме, әлде өзіне деген сенімі зор болғанынан ба?

2-жағдаят. Еңлік бірінші рет көріп отырған жігітке өз тағдырын сеніп тапсырады.

Сұрақ: Бұл «Қызға қырық үйден тыйым» деген ата дәстүрімізге қайшы емес пе, әлде Еңліктің лажсыздығынан туындаған шешім бе?

3-жағдаят. Бірін-бірі қалтқысыз құлай сүйген Еңлік пен Кебек тәуекелге бел буып, қашып кетті. Кебек беделді рудан болғандықтан, өз туыстарына сенді.

Сұрақ: Қазақта «қыз алып қашу», «даулы жағдайда бітімге келу» деген бұрыннан бар. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешуде неліктен екі жақтың ру басылары аяусыз қаталдық танытты?

Қалыптастырушы бағалау.

Дескриптор:

  • жағдаяттардың мағынасын түсінеді;
  • өз пікірін дәлелді жеткізеді;
  • композициялық талдау жасайды.

3- тапсырма ЖЖ. ,ТЖ.

«ПОПС» формуласы

(позиция, негіздеу, мысалдар, салдар)

Ұсынылған шумақты негізге алып, «ПОПС» формуласы

арқылы шығарма композициясы турасында ой түйіндейді.

Естіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.Қызықпақ, не жек көрмек, жиіркенбек,Бастан кешкен әр істен белгі қалмақ.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Сабақтың соңы

35-40 мин

Кері байланыс «Бір сөзбен» әдісі ЖЖ.

Оқушы 12 сөз ішінен өзінің бүгінгі сабақтағы жай-күйін сипаттайтындай 3 сөзді таңдап, жұбына сабақтан алған әсерін сол сөздермен байланыстырып айтады.

  • Төзімсіздік
  • Ашу
  • Қуаныш
  • Немқұрайлылық
  • Қанағаттану
  • Шабыт
  • Зерігу
  • Алаңдау
  • Тыныштық
  • Сенімділік
  • Сенімсіздік

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушылар «Қызығушылықты ояту» сатысында дастанның жазылуына, дастандағы оқиғаларға қатысты «иә» мен «жоқ» тапсырмасына жауап беру арқылы детальді сұрақтарға жауап табады. «Кейс – стади» тапсырмасында берілген жағдаяттарға байланысты өз пікірлерін дәлелді жеткізу дағдыларын дамытады. Ұсынылған шумақты негізге алып, «ПОПС» формуласы

арқылы ой түйіндеуда қабілеті жоғары оқушылар креативті ойлай алады.

.

Шығарманың композициялық құрылымын постерге салу тапсырмасын орындау кезінде әр топ өз постерін қорғағаннан кейін басқа топтар бағалау парағына бірден дескрипторға сүйеніп бағалап отырады. «Кейс – стади» әдісі тапсырмасында жұптар дескрипторға сүйеніп бірін-бірі өзара ауызша бағалайды.

Топтық «Кейс – стади», «ПОПС» формуласы тапсырмаларына жауап беру кезінде оқушылар басқалардың пікірін тыңдап, құрметтеулері тиіс екені ескертіледі. Мұғалім сынып ішіндегі қозғалысты реттеу, бір-біріне/жұптарға/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылайды.

Осы сабақ барысында:

  • Өмір бойы білім алу.
  • Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;
  • Шығармашылық.

сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу