Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 21-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 21

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу

Сабақ мақсаты:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.
  • Шығармашылық.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей біліп, креативті жазу жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көркем шығарма, үзінділер, дастан тағалымы, қайта өңдеу, креативті жазу, баяндау, түсіндіру, талдау т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойлауымша; өз пікіріме дәлел келтірер болсам; оның мынадай себептері бар; ойымды қорытындылай келе т.б.

Алдыңғы білім

Оқушылар «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша тапсырмалар орындады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Бес қадам» стратегиясы

Оқушылар қадам аттаған сайын 5 сұраққа жауап береді:

  • Ш.Құдайбердіұлының өз бетіңізбен оқыған 5 шығармасын атаңыз.
  • «Еңлік-Кебек» дастанының 5 кейіпкерін атаңыз.
  • «Еңлік-Кебек» дастанынан өзіңізге ұнаған 5 көркем сөз айтыңыз.
  • Семей топырағында дүниеге келген 5 атақты тұлғаны атаңыз.

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу.

http://bilim-all.kz/olen/1568

Сабақтың ортасы

6-15 мин

16- 26 мин

27-37 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ. «МИКС» жаттығуы

  • топ Еңлік-Кебекке арнап өлең шығарады;
  • топ «Еңлік-Кебек» дастанының тағылымы туралы өз пікірлерін жинақтап, шағын эссе жазады;
  • топ «Еңлік-Кебек» дастанының үзіндісінен сахналық көрініс дайындайды;
  • топ Шәкәрімнің бір әнін топпен орындайды.

Топтар бірін-бірі бағдаршам көтеру (қызыл-өте жақсы, жасыл –жақсы, сары – орташа) арқылы бағалайды.

2- тапсырма Ж. «Қабырға газеті»

1-қадам. Оқушыларға дастан үзіндісі бөліп беріледі. Оқушылар түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнағанын таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.), жанр таңдап (өлең, құттықтау, әңгіме, аңыз, ертегі т.б.), өзіне берілген шығарма үзіндісін қайта өңдеп, сезімдерін, креативті жазуларын кескіндерге жазады;

2-қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;

3-қадам. Қабырға газетіне саяхат: мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, оқиды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.

4-қадам. Саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптап, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей біліп, креативті жазу жаза алады.

  • шығарма үзіндісін қайта өңдей біледі;

өз ойын көркем тілмен жеткізе алады;

креативті идеясымен оқырманын сезіміне әсер етеді.

3- тапсырма Ж. «DEAL»

Топтар жеребе бойынша бір тапсырманы алып, «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша өз ойын айтады.

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

Сабақтың соңы

38-40 мин

Кері байланыс «3-2-1»

Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 мәселе;

Сабақта ұнаған 1 аспект.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

«Қызығушылықты ояту» сатысына өз қалауымен ортаға шақырылған оқушылар «Бес қадам» стратегиясы бойынша ақын шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ізденімпаздығын дәлелдей алады. «МИКС» жаттығуында тапсырма оқушылардың креативтілігін ашатындай етіп, түрлендіріліп беріледі. Қабілетті оқушылар тапсырма кезінде өз мүмкіндіктерін көрсете алады. «Қабырға газеті» тапсырмасында да креативті жазумен қоса, сыныптастарының пікірін сараптап, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. «DEAL» тапсырмасы оқушылардың дастанды қорытындылауына арналған.

«МИКС» жаттығуында топтар бірін-бірі бағдаршам көтеру (қызыл-өте жақсы, жасыл –жақсы, сары – орташа) арқылы бағалайды.

«Қабырға газеті» тапсырмасында бағалау критерийіне сүйеніп бағалайды. «DEAL» тапсырмасын мұғалім ауызша бағалайды.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар, сөмкелер оқушыларға бөгет жасамайтындай етіп ыңғайланып қойылады. Сабақ кезінде оқушыларға смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау; сабаққа кешікпеу; белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі. Мұғалім сынып ішінде бір-біріне/жұптарға/топтарға кедергі келтірмеу жағын бақылайды.

Осы сабақ барысында:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.
  • Шығармашылық.

сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу