Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.


Қорқыт Aтаның нақыл сөздері

“...Баят руынан Қорқыт ата дейтiн бiлiктi, сәуегей адам болыпты. Тәңiрi зердесiне салған соң оның барлық болжамдары қатесiз болған... оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелердi шешкен. Қандай ғана қиын iс болмасын Қорқыттың кеңесiн алмай, ел ешбiр жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық билiгiн бұлжытпай орындаған.

 Қорқыт атадан бiр сөз мынадай:

Тәңiрге сыйынбаған адамның тiлегi қабыл болмайды.

 Тiрiсі құрамаса, ешкiмнiң бiрi екеу болмайды.

Тәңiрi пәндесiнiң маңдайына жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейдi, ажал келiп өлмейдi. өлген тiрiлмейдi, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейдi.

 Жiгiт тiрiсiнде Қаратаудай қылып, бiр күн тыным көрмей дүние жияды, баийды, бiрақ iшiнен өзiне тиiстi үлесiн ғана жейдi.

 Сулар қанша тарам-тарам болып, тасып аққанмен, теңiздердi толтыра алмайды.

Менмен, тәкәппар адамды Тәңiрi сүймейдi.

 Басқалардан өзiн жоғары ұстаған адамға Тәңiрi бақ бермейдi. өзiңнен тумаса ұл өгей, қанша бағып-қақсаң да ұл болмайды. Ер жетiп, ат жалын тартып мiнген соң өз жөнiне кетедi, бәлки ол тәрбиелеген адамды көрдiм-бiлдiм деген сөздi де айтпас.

Кұмды қаншама үйгенмен төбе болмас.

Қара есектiң басына жүген таққанмен тұлпар болмас.

 Күңге сарыпай шапан жапқанмен бәйбiше болмас.

 Қар қаншама қалың жауғанмен жазға бармас.

Гұлденiп өскен бәйшешек күзге бармас.

Тозған мақта бөз болмас, ежелгi жау ел болмас.

 Ат қиналмай жол шалмас.

 Қайыспас қара балтасыз жау алынбас.

Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйiнен дәм беруге де жарамас.

 Ананың көңiлi балада болар, жақсы ана үшiн бала – екi көздiң сыңары. ұлың өсiп жетiлсе, ол от басының мерейi, бас-көзi.

Атадан қалған малы болмаса, баланың күнi қараң. Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ”. 

Қорқыт ата өзінiң ел -жұртына тағы мынадай өсиет айтқан:

“Жол қиындығын көрмеген, жабы мiнген жiгiтке арғымақтан пайда жоқ.

Қолына қылыш ұстап көрмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшiңдi сарп етпе.

Батыр туған жiгiттiң садағының оғы да қылыштай кесiп түседi.

 Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз жақсы.

Ат жемейтiн ащы шөптiң гүлденiп өспегенi жақсы.

Адам iшпес судың жылға қуып ақпағаны жақсы.

Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы.

Ата даңқын шығарып, өзiнiң тегiн қуған балаға ешкiм жетпейдi.”

Қорқыт Aта кiтабы. Алматы: “Жазушы”, 1996. – 7-8-бб. Дайындаған:Жамбыл Артықбаев

[attachment=28394:aza-deebieti_8-synyp_1-tarau_4-saba_didaktikaly-material_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу