Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, 8 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

І Дананың сөзі – ақылдың көзі

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақ мақсаттары

түркі халықтарының рухани-мәдени дәстүрінің негізін қалаушы Қорқыт жырларынан тағылым алу, баға беру.

Бағалау критерийлері

шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады;

тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

«Бамсы-Байрақ туралы жыр» мен «Алпамыс батыр» жырының арасындағы ұқсастықтарды ашып, талдайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: материалдық емес мұралар, тарихи және көркемдік құндылықтар, Қорқыт ата жырлары т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер:

менің ойымша, «Бамсы Байрақ жырының» идеясына тоқталсам ..., тарихи/ көркемдік құндылығын бағаласам т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, топта жұмыс жасау, жауапкершілік және көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Топ ережесін басшылыққа ала отырып деңгейі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен байланыс. Қорқыт жырларының қазақ эпостарымен байланысы. Қорқыттану ғылымының мәселелері.

Мәдениеттану. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімі.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта жырды композициялық құрылысы жағынан талдады, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастырды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

8-10

1.Ойқозғау. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне Қорқыт ата шығармашылығын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сіз осы бағыттағы жұмыстың нәтижелі болатынына сенімдісіз. Ой-пікіріңізді қажетті дәлелдермен қорғап, дәйектеп беріңіз.

Оқушының ықтимал жауабы:

Қорқыт ата мұралары бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани қазына екендігі;

Қорқыттың күйлерінің басқа халықтарда кездеспейтіндігі;

Қорқыт ата еңбектерінің тарихи құндылығы т.б.

2. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

11-13

14-25

26-30

3. Т. «Сұраулы сөз» кестесі

Топ мүшелері тапсырмаларды өзара ақылдасып таңдап алады. «Сұраулы сөздің» жауабын кесте, сурет, шығармашылық жоба түрінде таныстыра алады. Топ мүшелері өз міндеттерін бөліседі: ұйымдастырушы, тайм-кипер, безендіруші, спикер, бағалаушы, қорытындылаушы.

4. Тапсырма:

Қорқыт ата «Бамсы-байрақ туралы жыр» мен қазақ эпосы «Алпамыс батыр» жыры арасындағы тарихи-генетикалық байланыстарды ашу.

Сұраулы сөз

Оқушы түсініктері, жырдан үзінді

Қартайған ата-аналардың перзентсіздік зарын тартуы қалай суреттеледі?

Бамсы-Байрақ туралы жыр:

Алпамыс батыр жыры:

Сұраулы сөз

Оқушы түсініктері, жырдан үзінді

Батырлардың сыннан өтуі

Бамсы-Байрақ туралы жыр:

Алпамыс батыр жыры:

Сұраулы сөз

Оқушы түсініктері, жырдан үзінді

Басты кейіпкердің тұтқынға түсуі

Бамсы-Байрақ туралы жыр:

Алпамыс батыр жыры:

Сұраулы сөз

Оқушы түсініктері, жырдан үзінді

Батырдың үйлену оқиғасы

Бамсы-Байрақ туралы жыр:

Алпамыс батыр жыры:

Дескриптор

  • сұрақтың мәнін түсінеді;
  • жырдан дәлел келтіреді;
  • екі жырдың оқиғасын салыстырады;
  • тарихи/көркемдік құндылығын бағалайды.

Қабілеті жоғары оқушылар жырдан дәйекті мысалдар келтіре отырып екі жырдың арасындағы байланысты түсіндіре алады.

Қабілеті төмендеу оқушылар жыр мазмұнына тоқталады.

5. Топ жауаптары кезек-кезек тыңдалып бағаланады.

«Сұраулы сөз» кестелері

«Бамсы-байрақ туралы жыр»

«Алпамыс батыр» жыры

Сабақтың аяғы

31-35

36-40

6. Үш минуттық эссе (бір абзац) жазу

Тақырыбы: «Қорқыт жыры мен қазақ эпосының арасындағы байланыс туралы»

7. Оқушылар жазған эсселерін оқып, «Екі жұлдыз, бір тілекпен» өзара баға береді.

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Ресурс немесе мәтін бойынша саралау

Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.

Оқушылар топтық жұмыс барысында топ мүшелерінің міндеттерін өзара бөлісіп алады. Бағалаушы ең соңында әрқайсысы өз міндетін қалай орындағандықтары туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар оқушылардың үш минуттық эссесінен тақырыпты қаншалықты меңгергендіктері байқауға болады.

Санитарлық нормаларға сай санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтайды және орындайды. Сабақ барысында қалыпты моральдық-психологиялық ахуал, қауіпсіздік ережесі сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу