Шығарма бойынша жазылған әдеби сын - пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 20-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 20
Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары | ||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жаза алады. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар қолдана алады: Шығарма бойынша әдеби сын- пікір жазудың ерекшелігін таниды; Ауызша шығарма туралы өз көзқарастарын басқа сын -пікірлермен салыстыра бағалайды ; Жазылым жұмысында шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады. Пәндік лексика мен терминология: әдеби сын, пікір, көтерілген мәселе, заман сипаты. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады: | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Ақтамберді жырау толғауы бойынша тапсырмаларды орындауда тарих пәнімен байланыс болады. | ||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары бойынша тапсырмалар барысында оқушылардың зерттеушілік, танымдық, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1.Миға шабуыл «Өз жауабыңды көрсет» әдісі Оқушыларға Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғауларына байланысты айтылған сын-пікірлер таратылады. Оқушылар сын-пікірлерді алдымен жеке оқып шығады. «Өз жауабыңды көрсет» тәсілімен жұптасып, сын- пікірлерге қатысты қарапайым ойлар мен терең ойға негізделген сұрақтар құрастырып, талдайды. Жұппен талдап болғаннан кейін екінші жұппен топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топ мүшелері «Сұрақ? Жауап» тәсілі арқылы пікір алмасып, топтағы бір оқушы ортақ ойды сынып алдында мазмұндап айтады.Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
| Сын-пікірлер жазылған үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, флипчарт Асыл арна. Danalik_Dariyasi. Ақтамберді Жырау. Даналық дариясы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут
| 2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма "Әңгіме кестесі» Сынып оқушылары жұппен шығарма негізінде «Әңгіме кестесін» толтырады.
2-тапсырма «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі 1-қадам. Шығарманың мазмұнына сұрақтар дайындау; 2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиет сыншысы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:
3. Мағынаны тану 3-тапсырма « Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,» әдісі Оқушыларға тапсырма орындамас бұрын газет-журналдардан алынған «Жырау шығармашылығының тақырыптық және көркемдік» тақырыбындағы ақпарат таратылады. Оқушылар Ақтамберді толғауларына байланысты ақпараттармен танысып болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінен қызыл, жасыл, көк, сары түсті үлестірме қағаздарды таңдап алады. Өздері таңдап алған қағаз түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылған «Ақтамберді –тарихи тұлға», «Қоңыраулы найза қолға алып», ««Күмбір- күмбір кісінетіп» толғауы –патриоттық туынды», «Толғауы тоғыз ханды түзеткен» тақырыптары көрсетіледі. Әр топтан бір оқушы шығып тақырып таңдап алады. Топ мүшелері толғауды бірінші тақырыптармен салыстырып анықтайды, содан кейін әртүрлі ақпарат көздерінен жазып алған деректермен байланыстыра отырып талдап, қорытынды ойларын тақырыпты таңдап алған оқушы келесі топқа барып айтады. Осылайша барлық топ бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, ой бөліседі. Қабілеті жоғары оқушы тақырыпты анықтап, деректермен байланыстырады, қабілеті орта оқушы қорытынды ойды келесі топқа баяндап жеткізеді. 4. Бекіту 4-тапсырма Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы әр оқушы «Сенің білгің келетін сұрақтар?» әдісі бойынша толғау ойынша үш түрлі сұрақ құрастырады. Үш сұраққа «5-5-1» әдісі бойынша бірінші бес сөйлем құрастырады. Екінші бес сөйлемді бес сөзге қысқартады, үшінші бес сөзді бір сөзге қысқартады. Сабақ қорытындысында оқушылар «Пирамида» тәсілі бойынша : 1. Cенің сұрақтарың..., 2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар..., 3. Сенің бүгін білгенің…» тіркестері бойынша қорытынды жасап, өзін- өзі бағалайды. 5.Салыстыру 5-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады Топ мүшелері алдымен шумақтарды жеке таңдайды. Содан кейін жұппен шумақтарды салыстырады. Топтағы оқушылардың таңдаған шумақтары бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шумақтарды бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін алдыңғы тапсырмада таңдап алған тақырыптары бойынша толғауға сын-пікір жазады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, толғау бойынша жазған сын- пікірін оқиды. 4 оқушы пікірлерін оқып тұрғанда қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды
- деген кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады. 6.Бағалау. Шығарманың ұнаған және ұнамаған тұстарын есіңе түсіріп, жеке «Ішкі және сыртқы» кестеге толтыр. Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары бойынша «ішкіге» – шығарма бөліктерінің өзі келісетін, ұнаған тұстары, «сыртқыға» – өзіне ұнамаған, қарсы пікірі жазылады.
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған бағалау критерийі бойынша топтық бағалау жасайды. Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды. | Маркер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, флипчарт | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс: Оқушылар «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды.
| Стикер | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,», «Бірдей..., Әртүрлі?»,«Ыстық орындық» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Сұрақ қою. Қайта сұрақ қою » әдісі кезінде жағдай жасалады. | Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. | Оқушылардың топпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуы үшін орындықтар мен үстелдер екі жаққа тең етіп бөлініп, қарама- қарсы қойылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?