Ұрпақ тәрбиесі. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 1-сабақ

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Угыбаева Г.А.

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Ұрпақ тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Шығармамен танысады, сюжетін біледі;
  • Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді ажыратады;

Көптеген оқушылар

  • Сюжеттің бөлшектерін ажыратады;
  • Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;

Кейбір оқушылар

  • Сюжеттің бөлшектерін тиімді талдайды;
  • Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыруда ұтымды ой айтады.

Бағалау критерийлері

  • Шығарма сюжетінің бөлшектерін талдайды;
  • Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Сюжет, эпизод, әдеби шығарма.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Батырлығы жоқ адамнан, Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.

Туған елім - арман, мұңым, Енді сені жетелейді жол қалай?Қадір тұтам қиялдауды Ертең талғам өзгерер.

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық ұстаным: отансүйгіштік қасиетті қамтиды. Жауапкершілігі мол азаматтар адал, сындарлы, белсенді. Олар қоғамды дамыту, ұлтты қорғау, айнала қоршаған ортаны сақтау үшін  тұтастық, түрлі пікірлер, сыни идеялар әкеледі.

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

1-сағаты

Сабақтың басы

4 минут

Сынып оқушылары «Балмұздақ таяқшалары» арқылы 5 топқа бөлінеді.

Оқу мақсаты таныстырылады.

Балмұздақ таяқшалары

Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

4 минут

5 минут

4 минут

7 минут

12 минут

Тақырыпқа келу

Топтар слайдта берілген суреттер мен сөздерді қолдана отырып, тақырыпты анықтайды.

Мағынаны тану

М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасын аудиокітаптан тыңдайды.

ТЖ

Топтар ақылдаса жүріп, сынып қабырғаларына ілінген кестелерді толтырады. Бос бағандарды барлық топ алма-кезек толтыра алады. 5 минут уақыт беріледі. Топтар «уақыт ережесіне» бағынады. Соңынан әр кестедегі жазбалармен танысады.

Өлеңнен үзінді

Ақын қандай сезімде?

Ақын өмірімен байланысы

Батырлығы жоқ адамнанҮлкен ақын шыққан емес ешқашан.

Өлеңнен үзінді

Ақын қандай сезімде?

Ақын өмірімен байланысы

Туған елім - арман, мұңым,Енді сені жетелейді жол қалай?

Өлеңнен үзінді

Ақын қандай сезімде?

Ақын өмірімен байланысы

Қадір тұтам қиялдаудыЕртең талғам өзгерер.

Өлеңнен үзінді

Ақын қандай сезімде?

Ақын өмірімен байланысы

Туған елім,Құдіретімсің аңсаған.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарма сюжетінің бөлшектерін талдайды;

Шығарма сюжетін біледі;

Сюжет бөлшектерін талдайды;

Кері байланыс

  • «Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.», «Менің бассыз қалғандығым, сенің бассыз қалғандығың болмағай!» деген жолдарды қалай түсіндіңіздер?

https://www.youtube.com/watch?v=AvMyiuSvpKw

Сынып оқушылары бейнежазба арқылы «Әке үкімін» тыңдайды. Алғашқы тыңдаған бөліммен байланысын анықтайды.

Ж

Тапсырма: Бөлімдер бойынша берілген жолдарды, екі үзіндідегі оқиғаны, іс-әрекетті салыстырып, Т кестесін толтырыңыз.

  • Махамбеттің сөзі:

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ.Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан замандаТіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.

2. Баласы айтты:

- Топ бастадық төрт адам.

Махамбеттің жақыны

Ықыласты үгіттеп,

Мақтап, қағып арқаға

Қосып алдық ортаға.

Бұл - түгелдей мына ұлыңның ақылы.

Еркін жетер әңгіме ол бір таңға.

Қапысызда қармақ салып,

Махамбетті алдап соғып,

Басын кесіп, сыйға тарттық сұлтанға.

Т кестесі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады.

Шығармадағы эпизодтарды ажыратады;

Эпизодтар мен бейнелерді салыстырады.

Слайд

http://kitap.kz/audiobook/2422-bota_narinkum/2422-bota_narinkum

Кесте парақшалары

https://www.youtube.com/watch?v=AvMyiuSvpKw

Сабақтың соңы Рефлексия

4 минут

Рефлексия (өзінің орындаған тапсырмасы бойынша рефлексия жасайды)

«Маңыздылық аймағы»

Ішкі шеңбер – ең маңызды

Ортаңғы шеңбер – маңыздырақ

Сыртқы шеңбер – маңызды емес

Қосымша

Махамбетті Орынборға ұстап тапсыруға шекара комиссиясы Айшуақовқа бұйрық жібереді. Бірақ бұл бұйрықты орындау оңайға соқпайды. Өйткені қара халық Махамбетті жасырып, Баймағамбеттің ұстауына бөгет жасайды. Мұны сезген қулығы мол сұлтан зұлымшылдыққа бел байлайды. Астыртын адамдар жіберіп ұстамақшы, оның реті келмесе өлтіртпекші болады. Махамбеттің басына мың сом бәйге тігеді. Осы ниетпен 1846 жылы октябрь айының ішінде елге шығады. Ел арасынан қара ниетті адамдар қарастырады. Ондай адамдарды сұлтан іздестіріп табады да, оларды сол октябрь айында Махамбетке аттандырады. Бұлардың ішінде бұрыннан осындай сұрқиялық істері үшін хорунжий атын алған Ықылас Төлеев, және сол сықылды құлқынның құлы Беріш руының биі Жаңаберген Боздақов, оның ықпалына түскен Төрежан Турумов, Жүсіп Өтеулиев тағы басқалар. Бұлар күндіз Махамбеттің үйіне келеді. Махамбет үйі басқа ауылдардан оңашарақ көшіп жалғыз үй отырады екен. Махамбет бұл отрядтың тегін келмегенін сезеді. Бірақ оның қашуына мүмкіншілік болмай қалады. Жүсіп Өтеулиев Махамбеттің басын қылышпен шауып түсіреді. Ал ел аузынан тараған аңыздарға сүйенсек мұнда Махамбет сол қанышер Ықыластың қолынан қаза табады. Ықылас Махамбетпен достасқан болып, әуелден сыр таратушы Баймағамбет пен патша үкіметінің ескі тыңшысы болды. Сондықтан да ол келіп кетіп жүреді екен. Бұл жолы ол жолдастарымен келіп қонақ болып отырып Махамбетке қанжар сілтейді. Сөйтіп елін сүйген ер, атышулы ақын абайсызда сұрқия жауының қолында қаза табады. Махамбет 42 жасында, 1846 жылы, октябрь айының ішінде қайтыс болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу