Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының аты-жөні________________________________________________________

1-тапсырма

Кестені толтыр.

Қарасөздер

Көтерілген мәселелер

Бірінші қарасөз

Жетінші қарасөз

Отыз бірінші қарасөз

2-тапсырма

Төмендегі зерттеу мәтіндерін оқы. Төмендегі тапсырманы орында.

1-мәтін

Қарасөз тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады.1 Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы2 Имандылық тақырыбы3 Жаман мінез, әдеттер4 Адамгершілік жайлы5 Қазақ мақалы6 Қазақ халқы жайлыАдам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қарасөздеріне айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады. Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 - қара сөзінде айтқан. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді.

2-мәтін

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де байқалады. Сонымен ақынның бірінші қарасөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті. Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді

3 маңызды мәселе

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3 ақпарат

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Менің 3 тұжырымым

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[attachment=27542:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_11-saba_-didaktikaly-material_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу