Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Эссені жазу проблеманы түсініп, оны ашудан басталу керек, кейіннен автордың өзіндік ойы, оны растайтын дәлелдемелері, қорытындылары келтіріледі. Егер сіз эсседе келтірілген проблема бойынша атақты ойшылдардың, ғалымдардың пікірлерін келтірсеңіз жұмыстың сапасы артады. Сонымен қатар эссенің жазылу стиліне назар аударыңыз, орынсыз, жеңіл-желпі пікірлерді жазбаңыз.

Эссе жазуда еске сақтаңыз:

Ғылыми фактілер жөнінде немесе өзіңіздің бақылауыңызды жазуда ойыңызды дәлелдермен толықтыру үшін сізге ақпараттар қажет. Факті қандай ақпараттар көзінен алғанын белгілеңіз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын фактілер мен қорытындыларға немқұрайлы қарамаңыз. Эссені жақсы жазатын адам өзінің ойын дәлелдейтін аргументтерді үнемі таба біледі.

Эссені тексеру үшін төмендегі тәсілді қолданған тиімді:

«Түрлі түсті жиектер» әдісі

Пайдаланатын мақсаты: Сабақта психологиялық жайлы жағдай жасау үшін пайдаланады.

Қажетті жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, түстің шартты белгілену кестесі.

Орындау барысы: Оқушы жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Оның мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б.

[attachment=27538:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_12-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу