Абай қарасөздері. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған қосымша ақпарат

Дәйексөз » тәсілі

Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.

Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.

  • Әр топ бір дәйексөз таңдайды.
  • Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды:

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)

B. Интерпретация:Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)

C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)

  • Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
  • Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
  • Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Ескерту: Барлық топ бір дәйексөзбен жұмыс істей алады. Талқылау кезінде жауаптардың қайталанбауын талап ету керек. Ондай кезде оқушылардың бірін-бірі белсенді тыңдау және бір-бірінің жұмысын бағалай білу дағдысы қалыптасады.

Тиімділігі:әдеби көркем шығарманы талдау, шығармаларды қайталау.

«Түрлі түсті жиектер» әдісі

Пайдаланатын мақсаты: Сабақта психологиялық жайлы жағдай жасау үшін пайдаланады.

Қажетті жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, түстің шартты белгілену кестесі.

Орындау барысы: Оқушы жазба жұмысын орындау барысында дәптер жиегіне түрлі түсті қарындашпен белгі салып отырады. Оның мағынасы: «қызыл – тексеріп, барлық қателерін түзетіңізші», «жасыл – барлық қателерді белгілеңізші, мен барлығын өзім түзетемін», «көк – қате санын көрсетіңізші, мен өзім тауып түзетемін», «қара – бұл жұмысқа баса назар аудармаңыз, мен оны асығыс орындадым» және т.б.

[attachment=27534:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_13-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-1-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу