«Алып Ер Тұңға» жыры. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Туған жерім-аялы алтын бесігім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Алып Ер Тұңға» жыры

Оқу бағдарламасына сілтеме

Тарихи және көркемдік құндылығы

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен шығарманың тарихи және көркедік ерекшелігін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейіпкерлердің іс-әрекетін ажырата отырып,жырдың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып,жырдың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесін салыстырады
  • Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздер мен терминдер: түркі тайпалары, жоқтау, көсем, қаһарман, батыр т.б.

Айтылымға қажет тіркестер:

ПОПС» формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Туған елдің тарихына деген құрметі артады.

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Белгілі бір анықталған эпизодтардың мағыздылығына баға беру дағдылары қалыптастырылған.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

10 минут

Қызығушылықты арттыру.

«Патша жарлық етеді!» ойыны арқылы жырдың мазмұнына байланысты сұрағына жауап беруді талап етеді.

Бір-біріне қошемет көрсетеді.

Ортасы

.

10 минут

15 минут

Мағынаны тану кезеңі.

Алып Ер Тоңға жайлы балалар фильмі көрсетіледі. (тірек сөздерді жазып алу тапсырылады, қолдауды қажетсінетін оқушыларға тірек сөздер мен сөз тіркестері беріледі)

Портреттік мінездеме анықтамасын оқушылардың естеріне қайта түсіремін.

1-тапсырма

Портреттік мінездеме

Кейіпкердің іс-әрекеті

Дескриптор

Білім алушы

  • портреттік мінездемені кейіпкердің іс-әрекетімен салыстырады.

Бағалау . Жұптық бағалау және мұғалімнің кері байланысымен бағаланады.

2- тапсырма

Жыр үзінділерін оқып, екінші тапсырманы орындау тапсырылады.

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан.

Қаһарын жауға таратқан,

Көк Тәңірінің ұлы еді.

Түркі бектерінің ішіндегі ең мәртебесі биік тұрғаны,

Елге құт болғаны - Алып Ер Тоңға.

Оның күші мен ерлігіне ешкім тең келмес,

Ал ақыл мен даналығы бәрінен де астам.

Жүсіп Баласағұн

Ол әрі данышпан әрі ақылды болуға міндетті еді,

Өйткені билікті онсыз нығайту мүмкін емес.

Шығарманың тарихи құндылығын берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып бағалаңыз

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан.

Елге құт болған, Көк Тәңірі,Қаһарлы

Шығарманың көркемдік құндылығын бағалаңыз

(арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаббар, ең мәртебесі биік, даналығы бәрінен де астам,)

Дескриптор

Білім алушы

  • шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды;
  • тірек сөздерді орынды қолданады;
  • өз ойын дәлелдейді, баға береді.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға қолдау көрсетемін, қабілетті оқушылардың сыныптастарына көмектесуін ұйымдастырамын, сонымен қатар

Тарих пәнімен байланыстырылады.

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалаймын, сергіту жасатамын.

Балалар фильмі көрсетіледі.

Туған елдің тарихына деген құрметі арттырылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу