Туризм: экотуризм. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


 Оқушыға қолдау көрсету үшін

 Экологиялық туризм - әлемдегі ең ірі және екпінді даму салаларының бірі. Экологиялық туризмнің пайда болуының негізгі өзгешілігі мен тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес табиғи ортаға түскен шығынды төмендету болып табылады. Барлық ғаламшарда экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, туристтік фирмалар табиғи қоршаған ортаға келушілердің әсерін төмендету туралы қоғамның хабардарлығын жоғарлатудың жолдарын іздеуде.

 Туризмнің дамуы - келешекте ұзақ мерзімдік және экономикалық тиімді болашақ, себебі туризм шетелдік валюта тарауын қамтамасыз етеді және төлеу теңгерімнің және елдің жиынтық экспортының көрсеткіштеріне салмақты ықпал көрсетеді.

 Қазақстан тәуелсіздік алу арқылы туризмнің дамуында үлкен болашақтарды ашты. Осы уақытта Қазақстанда туризмге қызығушылық туындауда, ел үлкен туристік потенциалға ие, дегенмен дүниежүзілік туристтік ағымдағы үлесі 1,5% құрайды. Қазақстанда туризмге қызығушылық, алдыменен, осы қызмет шеңберінде мемлекетпен қамтамасыз етілген құқық формасы ретінде көрінеді.

 Туристтік саланы одан әрі дамыту мақсаттарында, Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігімен туристік салаға инвестиция тарту бойынша жағдайлар жасау, және де туризмнің приоритеті бағыттарының дамуы, дүниежүзілік деңгейде ұлттық туристтік өнімінің брэндінің жасалуы және өрлеуі, ең ірі халықаралық туристтік көрме және жәрмеңкеге елдердің қатысуы, республикаға туристтік ағынды тартуға мүмкіндік беретін, туристтік іс-шара ұйымдастыру, туризм облысында  ынтымақтастық туралы халықаралық келісімнің жүзеге асуы бойынша игі жұмыстар жүргізілуде.

 Туристтік кластердің дамуының шегінде, республикада туризмнің дамуының басым бағыттары белгілі болды, мынадай іскерлік, экологиялық, мәдениетті - танымдық, және де экстремалды туризмнің экологиялық түрлері.

 Туризм Қазақстанның мемлекеттік экономикасының дамуының басым салаларының бірі болып мойындалды.

 Қазақстанда - шамамен 600 туристік фирмалар болса, олардың тең жартысы Алматы қаласында болатын. Ең жақсы дамығандары - Алматы, Шығыс - Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік - Қазақстан облыстарының туристтік фирмалар жүйесі болып табылады, және де Алматы қаласы және Астанада. Осы облыстардың және қалалардың туристтік ұйымдарымен жыл сайын 88 % дейін туристтер және экскурсанттар күтіледі екен.

 Республикада туризмнің дамуы үшін ЮНЕСКО ынтымақтастығымен жүзеге асатын, туристтік трансконтиненталды жол бағдарымына «Ұлы жібек» Қазақстанның қатысуына үлкен мүмкіндіктер ашылуда.

 Қазақстанның аумағында 9000 аса археологияның, тарихи, қала құрылысының, монументалді өнер ескерткіштері айқындалды.

 Тұңғыш рет Қазақстанда Үкіметтің тапсырмасы бойынша туризм облысында жаңа мүмкіндіктер ашылды:

 ҚР азаматтарына 28.07.01 жылдан бастап жолсапардың бұрыштамасы (визасы) жойылды.

 Қазақстан Республикасының «Туризм туралы» заңы, «туризм» ұлттық жүйе қызметінің базистік заңды актісі болып табылады, оны сол немесе басқа да аймақтың, мемлекеттердің, оның мәдениетінің және салт-дәстүрлерін танып білу мақсатымен адамдардың демалыс уақытын өткізу жүйесі ретінде анықтайды.

 Әртүрлі елдің тәжірибесі көрсеткендей, туризм индустриясы іс жүзінде кез келген экономиканың құрамдас бөлігі болып табылатынын айғақтайды.

 Өзінің төл өзгешеліктеріне ие бола отырып, туризмнің бәсекеге қабілетті индустриясын жасау үшін Қазақстан үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие болады. Осыған мүмкіндік беретіндер:

 · осы аймақ арқылы халықаралық туристтік және коммерциялық сапарлар ағыны қажеттілігін тудыратын аймақтың тиімді геосаясат жағдайы;

 · саяси тұрақтылық, бұқарашыл өзгерістер, экономикалық реформаны жүргізу;

 · экологиялық туризмді ұйымдастыру үшін табиғи ландшафттың, флораның және жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі;

 · экологиялық туризмнің нысандары болып табылатын, мәдени - тарихи рекреациялық қорлардың түрлілігі;

 · еркін еңбек қорларының барлығы.

 Дегенмен, бұған қарамастан, экологиялық туризмнің дамуы мұнда көптеген мәселелерге ие.

 Экологиялық туризмнің дамуының ең басты мәселесі республикада, осы кезге дейін экотуризмнің дамуы туралы мемлекеттік бағдарламаның болмағандығы, демек, туризмнің осы түрінің мемлекеттік сүйеніші болмағаны. Сонымен қатар, экологиялық туризм Қазақстанда дамыған жоқ деп айтуға болмайды. Көптеген ЕҚТА өзінің аумақтарында экотуризмді дамыту мақсатында экомаршруттар жасап жатыр. Мекеме, экологиялық туризмнің даму сұрақтарымен айналысатын мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар бар. Сондықтанда, республикада экологиялық туризмнің мүддесі өсе бастады деп сенімділікпен айтуға болады. Қазіргі уақытта іс жүзіндегі туризм жүйесі Қазақстанда туристтердің барлық қажеттіліктерін және ықыластарын қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Рекреациялық қорлардың молдығы едәуір күрделі материалдық базасын салуды болжайды.

 Экологиялық туризмнің дамуы және туризмнің басқа түрлері сияқты, қонақ үйлер, туристтік базалар, кіре беріс жолдары, тамақтану пункттері құрылысына, жарнамалық өнімді дайындауға және т.б. қаржылық және материалды - техникалық қаражаттарды жұмсалуына байланысты болады.

 Қорғалатын табиғи аумақтар, олардың шегінде, әдетте, экологиялық туризм дамиды, қазіргі уақытта қаражаттық және материалдық көмекке мұқтаж болып отыр.

 Экологиялық туризм дамуының ғылыми негізделген бағдарламасы республикада мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты аралығында, оның жүзеге асуын қарастыру қажет. Экологиялық туризмнің дамуының бағдарламасын жүзеге асыру экономикалық тиімділікті анықтауда күрделі мәселе болып отыр. Мәселенің күрделілігі, әртүрлі деңгейдегі (республикалық, аймақтық) шаруашылық механизімінде табиғатты пайдаланушылардың табиғи жағдайлардың және табиғи қорлардың тиімді пайдалану қызығушылығын қамтамасыз ететін шарттары әлі де жасалмағаны, экотуристтік қызметтің экономикалық нәтижесінің есебінің болмауы.

 Экологиялық туризмнің Қазақстанда әлсіз дамуының негізгі себептеріне тағы да жатқызуға болатын мәселелер:

 ·  экологиялық туризмнің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажет;

 ·  экологиялық туризмнің нысанының жағдайы және саны туралы статистикалық есептілікті нақтылау;

 ·  салық саясатының жетілмегендігі, соның нәтижесінде туристтік қызмет шетелдік туристтерді қабылдау немесе отандық туристтерді шетелге жіберу әдісін жүзеге асыратын туристтік фирманың қызмет атқару сипатын шектемей 20% өлшемде үстемелі құнға салық салынады;

 ·  экологиялық туризмнің жол бағдарының дамуына ЕҚТА көпшілігінің жетерлік қаражатының жеткіліксіздігі;

 ·  келушілерді ақпараттандыру және қызмет көрсету бойынша дайындалған кадрлардың жеткіліксіздігі;

 ·  магистралдан және жолдардан негізінен едәуір арақашықтықа орналасуынан экологиялық туризм нысандарының төмен транспорттық қолжетімділігі;

 ·  экологиялық туризмді ұйымдастыруда, экологиялық туризмнің және халықаралық тәжірибе облысында халықаралық жөнделген қатынастарының жеткіліксіздігі.

 Ландшафттық және биологиялық әртүрлілікті сақтау бағыттарының бірі статусы бойынша әртүрлі болатын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» жүйесін жасау болып табылады.

 Бірінші кезектегі экологиялық мәселелерді шешумен қатар, туризм облысында мәселені шешудің маңызды мағынасы бар. Неғұрлым тұрақты дамуға ауысу кезінде бірінші кезекте қоршаған ортаны жақсарту мәселесін шешу қажет, онда туристтік сферада туризмнің табиғатты сақтайтын түрлерінің дамуына назар аудару керек. Ұзақ мерзімдік 2030 - стратегиясының «Экология және табиғи қорлар» басымдықтарына экотуризмді дамытудың кіргені кездейсоқтық емес.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу