Шешендік сөздер. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
Тезистер-мақаланың, кітаптың, баяндаманың негізгі ережелерінің қысқаша мазмұны; бұл тұжырымдар, қорытындылар, оқырман дәйексөз түрінде немесе егер олар бекіту сипатында болса, өз тұжырымында жазып береді.
Дайын мәтіннің тезистерін дұрыс құрастыру үшін, мәтінде, оның әр бөлігінде (жоспарды жасау кезінде нені үйренгеніңіз) ең бастысын табуға үйрену керек. Сондықтан қандай да бір мәтіннің тезистерін жасауды осы мәтіннің жоспарын құрастырудан бастаған жөн. Әрбір тезис жоспардың тиісті тармағына қарағанда мәтіннің қандай да бір бөлігін ғана атай алмайды, осы бөлікте жасалған негізгі жағдайды өте қысқа баяндайды.
Тезистер-мәтінді қысқартудың ең күрделі түрлерінің бірі. Дұрыс құрастырылған тезистер мақала,баяндама, рефератпен жұмысты жеңілдетеді.
Мәтінді қысқарта білу тек жоспар мен тезистерді құрастыру үшін ғана емес, сонымен қатар конспектілерді құрастыру үшін де маңызды. https://studfile.net/preview/2383408/page:8/
Оқылым тапсырмасы.
Оқушылар жұпта: берілген мақаланы оқып, кестеде берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап береді.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақ | Мәтін мазмұны негізінде жауап |
Таяуда UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне не енді? | |
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан және кімге арналып салыған болатын? | |
Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдерінің маңызы қандай? | |
Қазақ күресінің маңызы қандай? | |
Күй дегеніміз не? | |
Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптарын атаңыздар. | |
2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO қандай мейрамды адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді? |
Адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енген қазақстандық 10 жәдігер
Таяуда ғана "Қорқыт Ата" түркі эпосы UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгені хабарлады. Тізімге енген басқа да қазақстандық жәдігерлер жайлы не білеміз? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі анықтады. Олар:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Кесене - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат.
Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, сопылықты уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына орнатылған.
Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері
Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450 344 га. болатын екі қорық. Олар: Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің суайырығы. Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс және Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына миграциялайтын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері.
Қазақша күрес
Қазақ күресінің дамуы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі басқосулар мен жиын-тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың құрмет тұтар адамына айналған.
Күй
Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. Махмұт Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары
"Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары" халқымыздың "қымызмұрындық", "бие байлау" және "айғыр қосу" деген жоралғыларын қамтиды.
Саятшылық (құс салу)
Бұл - жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер.
Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, лашын тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен.
Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер.
Айтыс
Айтыс ерекше суырып-салма өнері ретінде Қазақстан мен Қырғызстан атынан тізімге енгізілді. Бұл суырып-салма ақындық өнері бар екі адамның арасында болатын жарыс, өлең оқылады немесе қазақтың домбырасы сынды ұлттық музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен шырқалады.
Киіз үй
"Қазақтың күйі қос ішекті дәстүрлі, алмұрт іспеттес, ұзын мойыны бар аспап - домбырамен орындалатын жеке аспапты қойылым дегенді білдіреді. Күй отбасылық немесе көпшілік жиындарда орындалады және әдетте аңыз, әңгімелер қоса айтылады. Күй орындаудың қазақ халқының әлеуметтік бірлігі мен өзіндік ерекшелігін, ауызбіршілігін сақтаудағы атқаратын маңызы зор", - делінген UNESCO сайтында.
Наурыз
2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру