Жастар мәдениеті және мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.


Тақырып не туралы?

Тыңдалым алды тапсырма

«Азия» тобының орындауындағы «Мен жастарға сенемін» әнін тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=sreJDbRgFhk

Тыңдалым тапсырмасы

3) Бейнебаяндағы термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды тауып, олардың қолданысын түсіндіреді, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркеспен жеткізеді.

Бағалау дескрипторы:

 термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды табады олардың қолданысын түсіндіреді;

бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосады:

өз ойын 1мақал-мәтел, 1тұрақты тіркеспен жеткізеді.

2) Бейнебаянда айтылған екі пікірді таңдап, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойларын білдіруде 1 теңеу мен 1 эпитеттті қатыстырады.

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Мысалы,

Ойымды қорытындылайтын болсам...

Бағалау дескрипторы:

пікірге қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.

өз ойын білдіруде1 теңеу 1 эпитетті қатыстырады.

1) Бейнебаяннан алынған кез келген пікірді таңдап, «Гипотеза» әдісі арқылы өз пікірін Қазыбек бидің шешендік сөзімен байланыстыра отырып талдайды.

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.

деген ойды жалғастырып, бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырып, бейнебаяндағы негізгі мәселені талдай отырып, монолог айтады. Сөз саны-140-150 сөз

Бағалау дескрипторы:

берілген ойды жалғастырады;

бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырады;

бейнебаяндағы негізгі мәселені талдайды.

С.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Бөлтірік шешеннің сөздерін қазіргі өмірмен байланыстырып талқылайды.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, –

Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан.

Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! –

Рефлексия. «Бір сөзбен»

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады, неліктен сондай жағдайда болғанын түсіндіріп кетеді.

*Төзімсіздік,

*Ашу,

*Қуаныш,

*Немқұрайлылық,

*Қанағаттану,

*Шабыт,

*Зерігу,

*Алаңдау,

*Тыныштық,

*Сенімділік,

*Сенімсіздік.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу