Менделеев кестесі. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал.


Төмендегі теңеулер мен ауыспалы мағыналы сөздерді оқып, мағынасын талқылаңыз.

  • Темірдей тәртіпке бағыну
  • Темірдей төзімді болу
  • Мінезі қорғасындай салмақты
  • Алтын жүректі адам
  • Алтындай ардақты, күмістей салмақты
  • Алтынның сынығы
  • Бұл тіркестерде металдардың құны жоғарылап, төмендеп тұрғанына баға беріңіз.
  • Осы металдардың Менделеев кестесінде қалай орналасқанын естеріңе түсіріңдер
  • Осы сабаққа дейін талқылаған халық мақалдарын негізгі алып, ұсынылған химиялық элементтерді халық қалай орналастыруы мүмкін?

Неліктен екенін дәлелдеуге тырысады.

Алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын.

Менделеев кестесі

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.

Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес – Титан болу сорың ба?!

О, жасаған! Титан неге жиырма бірінші орында?!

Темірдей деп мақтаушы едік,

Темірдің де кезі өткен.

Кезі өтпесе, тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте.

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын,

Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.

Ал орынын сұрама сен,

Айтуға оны ұялам.

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.

Элементтер ішінде де қатты-ау, сірә, қақтығыс,

Шылыпшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс.

Күміс дейміз,

Күмістің де өмір емес өмірі –

Екінші емес,

Үшінші емес, -

Қырық жетінші нөмірі.

Қалай саған ұнай ма бұл?

Ұнаса егер ал тыңда :

Жүлделі орын тимей қалған платина,

Алтынға!

Жетпіс сегіз,

Жетпіс тоғыз –

Екеуінің кезегі.

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас –талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,

Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен.

Құрметті тер жер тимесе егер шын асылда бар ма айып?!

Өз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып...

Оңай емес бұл өмірде бәрін әділ бөлісу,

Бірінші боп сутегі тұр,

Болғаннан соң тегі су...

Осыларды көріп өскен, ұғып өскен балаға

Бұл өмірде ренжуге,

Өкпелеуге бола ма?

Тапсырма.

Өлеңнің әр шумағындағы ойды бір сөйлеммен жазыңыз

1-шумақ

2-шумақ

3-шумақ

4-шумақ

5-шумақ

6-шумақ

7-шумақ

8-шумақ

Тапсырма.

  • Өлеңде неше химиялық элементтің аты аталды?
  • Өлең не туралы?
  • Әр химиялық элементке қатысты автордың көзқарасы қандай? Оны қандай тіркестер арқылы байқауға болады?
  • Өлеңде неше риторикалық сұрақ кездесті? Оларды автор не себепті қолданып тұр деп ойлайсыз?
  • Өлеңдегі астарлы ойды анықтаңыз.Автор осы өлең арқылы оқырманға қандай ой тастайды?

Дескриптор:

Өлеңнің мазмұнын түсінеді;

автордың көзқарасын анықтайды, дәлел келтіреді;

өлеңдегі астарлы ойды анықтайды, дәлел арқылы жеткізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу