Менделеев кестесі. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Сабақтың тақырыбы: Менделеев кестесі | Мектеп: Орал қаласы НЗМ Пәні: Қазақ тілі Т1 | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жакыпжанова А.С | ||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 9Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: 0 | |||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Ауыспалы мағыналы сөздермен жұмыс | ||||||||||||||||||||||
Бағалау крийлері | Оқылым мәтінін түсінеді Әр шумаққа тақырып қояды Автор көзқарсы мен астарлы мағынаны анықтайды Мәтін бойынша сұрақ құрайды | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында жүзеге асатын құндылықтар | Ашықтық ,құрмет | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, химия | ||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Жұптық тапсырма. Оқушылар төмендегі теңеулер мен ауыспалы мағыналы сөздерді оқып, мағынасын талқылайды.
Үлгі: Қазақ халқы алтынды кестенің бірінші қатарына орналастырар еді, себебі алтынды өте бағалы санап, қадірлеген. Оған дәлел мына мақалдар: «аз сөз- алтын, көп сөз-көмір», «алтын көрсе періште жолдан таяр» т.с.с Мұғалім сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын таныстырады, талқылайды. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 10 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға Қадыр Мырзаәлінің «Менделеев кестесі» өлеңінің бірінші шумағын дауыстап оқып береді. Оқушылар автордың неден шошып, таңданғанына болжам жасайды. Өлең үзіндісі. Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын. Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым. Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне, Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме. Болжау сұрақтары:
Оқылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға оқылым мәтінін ұсынады. Оқушылар жеке оқиды. Менделеев кестесі Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын. Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым. Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне, Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме. Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді, Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді. Анау емес, мынау емес – Титан болу сорың ба?! О, жасаған! Титан неге жиырма бірінші орында?! Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен. Кезі өтпесе, тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте. Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын, Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын. Ал орынын сұрама сен, Айтуға оны ұялам. Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан. Элементтер ішінде де қатты-ау, сірә, қақтығыс, Шылыпшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс. Күміс дейміз, Күмістің де өмір емес өмірі – Екінші емес, Үшінші емес, - Қырық жетінші нөмірі. Қалай саған ұнай ма бұл? Ұнаса егер ал тыңда : Жүлделі орын тимей қалған платина, Алтынға! Жетпіс сегіз, Жетпіс тоғыз – Екеуінің кезегі. Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді. Тас –талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен, Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен. Құрметті тер жер тимесе егер шын асылда бар ма айып?! Өз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып... Оңай емес бұл өмірде бәрін әділ бөлісу, Бірінші боп сутегі тұр, Болғаннан соң тегі су... Осыларды көріп өскен, ұғып өскен балаға Бұл өмірде ренжуге, Өкпелеуге бола ма? Тапсырма. Оқушылар алдымен жеке ойланады, кейін жұпта талқылайды. Оқушылар өлеңнің әр шумағындағы ойды бір сөйлеммен жазады.
Тапсырма.
Оқушылар жұпта сұрақтарға бірлесе жауап береді. (постерда орындатуға болады) Дескриптор:
Бағалау Жұптар топтарға бірігеді. Жұптар бір-бірінің жауаптарын тыңдайды, дексрипторға сай кері байланыс береді. Тапсырма. Оқушылар мәтінде көтерілген мәселеге қатысты оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрағын құрастырады. Дескриптор:
Топтық тапсырма.
| http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=114954&simple=true#
| |||||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | Оқушылар сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлеріне қайта оралып, қаншалықты қол жеткізгенін талқылайды. «Төрт сөйлем» тәсілі. 1. Пікір. Сабақта қалай жұмыс жасағандығы туралы пікірі 2. Дәлел. Өз пікіріне дәлел 3. Мысал. Жасаған жұмысынан мысал 4. Қорытынды. Сабақты бір сөйлеммен қорытындылау | ||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері | |||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды