Пайдалы қазбалар-халықтың, елдің ырысы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы

 А. Елімізде ерекше назарға алынған мемлекеттік саясаттың бірі – қазақстандықтарды сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамамсыз ету. Осыған орай, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданған болатын. Оны жүзеге асырудың нәтижесінде елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, суды  есептегіш құралдарды қалалық және ауылдық жерлерде орнату, жерасты суларына зерттеу жұмыстарын жүргізу шаралары қарастырылған. Бүгінде бұл бағдарлама табысты жүзеге асуда. Аталмыш бағдарламаның арқасында ұзақ жылдар бойы таза судан тапшылық көрген республиканың түкпір-түкпіріндегі тұрғындар, әсіресе, ауылдағы ағайынға сапалы су жетіп, қуанышы қойнына сыймай жүр. Атап өтерлігі, елдегі сусыз елді мекендерді таза ауыз сумен  қамтамамсыз ету жұмыстары әлі де жалғасуда.

 Ә. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданғаннан бергі 5-6 жылдың ішінде ауылдық жерлерді ауыз сумен жабдықтауға деген қолжетімділік 50 пайыздан асқан. Қалалық жердегі көрсеткіш те өскен. Ал 2020 жылға қарай тұрғындардың 98 пайызы сапалы және санитарлық нормалары талапқа сай келетін таза ауыз суға қол жеткізуі тиіс деген талап қойылды.

 Б. Мемлекет басшысының осынау тапсырмасын орындауға елдегі таза ауыз суы тапшы ауыл-аймақ әкімдері іске кірісуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Павлодар облысында да қолға алынуда. Мәселен, өткен жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарының 90 пайызға жуығы су құбырына қосылды. Бағдарлама аяқталғанға дейін, яғни, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деп күтілуде. Қазіргі таңда аймақтағы ауылдық елді мекендердің 20 пайыздан астамы орталықтандырылған су құбырына қосылған екен. Бұл көрсеткіш соншалықты жоғары болмағанымен, осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде қолға алынуда. Соның дәлеліндей, былтыр 5 ірі жобаны жүзеге асыру мақсатында бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Сондай-ақ, бірқатар елді мекендердегі ауыз су мәселесі де оң шешімін тапқан. Атап айтар болсақ, республикалық тас жолдың бойында орналасқан Достық ауылдық округіне қарасты Төртқұдық бөлімшесінің тұрғындары ұзақ жылдар бойы ауыз суға зәру болып келген еді. Бұл жөнінде басылым беттерінде де мәселе көтерілген болатын. Қуантарлығы, былтырғы жылдың жаз айында аталмыш бөлімше тұрғындарына жаңа құдық орнатылып берілді. Сол сияқты көптен бері ауыз судан тарыққан Успен ауданына қарасты Равнополь және Константиновка ауылдарын сумен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоба жасалып,  республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасына енгізілген. Егер биыл осы мақсатқа тиісті қаражат бөлінсе, әр үйге жеке су құбыры тартылады деп жоспарлануда.

 В. Осылайша, халықты таза ауыз сумен қамтуды көздеген «Ақ бұлақ» бағдарламасының пайдасын мыңдаған тұрғын көріп, риза болуда. 2020 жылға дейін жалғасатын мемлекеттік бағдарлама әлі де ауыз суға зар болған талай шаңырақты шаттыққа бөлемек.

 Су – тіршілік көзі десек, «Ақ бұлақ» бағдарламасы сусаған жандарға үміт сыйлайтын үлкен олжа. Сонысымен де, бұл бағдарламаның тұрғындар үшін маңызы зор.

Марат Серікбай

Тыңдалым және оқылым мәтіндері бойынша кестені толтырыңыз

Мәтін

Идеясы

Көтерген мәселесі

Мақсатты аудиториясы

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Тыңдалым

Оқылым



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу