Туризмді дамыту жолындағы проблемалар. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.


Мұғалімге мәтін туралы қосымша ақпарат

Мәтіннің (формасы) нысаны төртке бөлінеді.

  • Тұтас мәтін (көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, есеп, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау).
  • Тұтас емес мәтін (графика, кесте, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий).
  • Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық   веб-парақтар).
  • Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның  туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік-үзік мәтіндер).

Мәтіннің (типі) түрі 6 бөліктен тұрады.

  • Сипаттау («не?» деген сұраққа жауап береді, ақпаратты көрсетеді, техникалық нұсқау)
  • Баяндау (мазмұндау) (қандай? қашан? деген сұраққа жауап береді, роман, әңгіме, пьеса, өмірбаян, комикс, оқиға жайындағы газет есебі).
  • Түсіндіру (мазмұндама) (жад үлгісін көрсететін диаграмма, онлайн- энциклопедия жазбасы).
  • Дәлелдеу (аргументациялау)  (редакторға хат, даулы тақырыпты шешу)
  • Нұсқау (инстуркция) (қолданудың бағытын  көрсетеді, мысалы, рецепт, басқа да нұсқаулар).
  • Келісім (бір мақсатқа жетуге бағытталған мәтіндер, хаттар, электрондық хаттар, хабарламалар).

Үшінші компонент – аспект. Аспектінің өзі бес тармақтан  тұрады.

  • Ақпаратты іздеу (мәтіннен тірек сөздерді табу, кодты таңбалау)
  • Кеңінен түсіну (мәтінге жоспар құру, тақырыпшаларға бөлу, ат қою, аннотация, тезис).
  • Интерпретациялауды дамыту. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ерекше әдіс-тәсілдер арқылы логикалық ойлау дәрежесін дамыту, ықтимал жауап беруге құлшындыру.
  • Мәтін мазмұнын көрсету және бағалау. Мұнда мәтін типтерінің қайсысына жататынын анықтау. Оқиғалы мәтін болса, композициялық  құрылымына талдау жасалады.
  • Мәтін формасын (нысанын) көрсету керек. Шығарманың жанрына тоқталу, автордың ойы мен идеясын, тақырыбын ашу, әдебиет теориясына  талдау  жұмысы жүргізіледі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу