Туризмді дамыту жолындағы проблемалар. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 3 сабақ.


  1-таратпа

 «Идеялар кілемі»

 1.Картаны мұқият оқы. Картадағы шартты белгілерді анықта, топта талқыла (2 мин.).

 2.Сабақ тақырыбын ашуға мүмкіндік береді деп есептейтін бір маңызды, өзекті проблеманы топ болып анықтаңдар (1 мин.).

 3.Айқындаған мәселенің шешімін табу жолдарын топта талқылап, бірнеше шешім ұсын (1мин.).

 4.Топтағы әр оқушының жеке үлесі. Осы мәселенің шешімін табу жолында қандай үлес қосар едің? (1 мин.)

 

 

 2-таратпа

 

  • Жұппен бірге берілген мәтіндерді түсініп оқы.
  • Екі мәтінде берілген ақпараттарды ірікте, сәйкестендір, салыстыр.
  • Іріктелген ақпараттар бойынша қорытынды шығар, салыстыру кестесін толтыр.

 

Ұқсастықтары

1-мәтін

2-мәтін

Ерекшеліктері

 

 1-мәтін

 Елде туристерді қызықтыра алатын орындар – табиғаты тамаша өзен-көлдер, таулар мен минералды сулар, археологиялық жәдігерлер көп. Экстремалды туризмге қызығатындар альпинизммен айналысып, шөл даланы шарлай алады, көшпелілердің ізімен сайын далада өмір сүруге де, бұрынғы еңбекпен түзеу лагерлеріне, ядролық сынақ алаңдарына да баруға болады.

 Көп қаражат салынып жатқанына қарамастан, Қазақстан туристер үшін тартымды елдер тізіміне кіре қойған жоқ. Оған заманауи демалыс орындарының жетіспеушілігі және ішкі әуе қатынасының нашар дамуы себеп. Бұған ойқы-шойқы жолдар мен қызмет көрсету сапасының төмендігін қосыңыз. Kapital.kz бизнес басылымына берген сұхбатында жапон турисі:

 ​- Қызмет көрсету саласында істейтіндердің ешқайсысы ағылшынша сөйлемейді, туристер жүретін аймақтарда шет тілде жазылған белгілер мүлде жоқ, - дейді. Шетелдік саяхатшылар қонақүйлер мен мейрамханалардағы қызмет сапасы және гигиена стандарттары жақсартылуы керек дейді. Жапон турисінің айтуынша, кафелер мен мейрамханаларда даяшылар «қалдық ақшаны қайтаруды жиі ұмытып кетеді». Қазақстандағы I-Travel агенттігінің басшысы Ғалия Ізбастованың айтуынша, елдегі қонақүйлердің көбі «халықаралық стандарттардың қарасын да көре алмайды». Ол әйгілі Шарын ұлттық бағындағы жағдайды ерекше атап өтті. «Оның маңайындағы қонақүйлердің жуынатын бөлмелерінен кісі ұялады», - дейді туристік агенттік өкілі.

 Қалталы шетелдіктерді тарту қамымен көп айналысып кеткен Қазақстан қымбатшылық кесірінен ішкі туристерді жоғалтып жатқан жайы бар. Қазақстандықтар шетелдерде демалу үшін жылына 400 миллион доллар жұмсайды. Ал ел ішіндегі шипажайлар мен тау курорттарында демалушылар саны кеміп барады. Алматы қаласы тұрғыны Әсел Сандыбатова Қазақстандағы қонақүй бағасының қымбаттығынан Бурабай шипажайында демалу жоспарын өзгертіп, оның орнына Түркияға баратын болғанын айтады. Жеке саяхат агенттігінің қожайыны Марина Судакованың айтуынша, бұл мәселені шешудің жалғыз жолы - «эконом-класқа» көп көңіл бөлу. Яғни, Қазақстанда үш жұлдызды қонақүйлер, арзан бағалы әрі отбасымен демалуға ыңғайлы туристік орындарды көп ашуға күш салу керек.

 Фарангиз Наджибулланың мақаласын ағылшын тілінен аударған –

 Мұхтар Екей

 

 

2-мәтін

Қазақстан туризмнің даму деңгейі

Кесте 1

Жылдар

Барлық

туристер

Туристердің

келуi

Туристердің шығуы

Ішкі

туризм

Экскурсиялық қызмет көрсету

1996

195,3

10,1

87,9

97,3

30,7

1997

63,5

6,8

42,1

14,6

2,8

1998

477,8

23,5

418,0

30,3

9,5

1999

251,7

27,5

147,1

49,9

8,7

2000

228,3

50,1

145,7

53,7

7,2

2001

146,9

31,4

106,1

72,1

6,9

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу