Туризмді дамыту жолындағы проблемалар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туризмді дамыту жолындағы проблемалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпаратты салыстыру

 Сабақтың мақсаттары

Мәтін мен кестедегі мәліметті салыстырады.

 Бағалау критерийі

Әр түрлі мәтіндердегі ақпараттардың ұқсастығы мен ерекшелігін салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

археологиялық жәдігерлер, экстремалды туризм, ішкі туризм, тартымды елдер тізімі, халықаралық стандарт

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

география

Бастапқы білім

Қазақстандағы туризм

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1

1-2

2-5

1. Раппорт (сенім) орнату. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді, оларға жылылық танытып, жұмсақ сөйлеседі, орынды мадақтау айтады.

2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды.

3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды:

- Сіздер бүгінгі сабақта туризм туралы тағы не білгілеріңіз келеді?

- Ұсынылған тақырып бойынша үйренгендеріңізді қалай анықтай аламыз? Оның көрсеткіші не болмақ? (бағалау критерийі)

Оқушыларды сынып оқушыларының санына байланысты 4 немесе 5 топқа бөледі.

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-35

Оқылым алды тапсырма

Мұғалім оқушыларға «Қазақстандағы туристік мекемелер картасын» ұсынады. Сабақтың бұл кезеңіндегі тапсырманы орындау үшін төмендегідей қадамдарды ұсынады.

«Идеялар кілемі»

  • Картаны мұқият оқиды. Картадағы шартты белгілерді анықтайды, топта талқылайды (2 мин.).
  • Сабақ тақырыбын ашуға мүмкіндік береді деп есептейтін бір маңызды, өзекті проблеманы топ болып анықтайды (1 мин.).
  • Айқындаған мәселенің шешімін табу жолдарын топта талқылап, бірнеше шешім ұсынады (1мин.).
  • Топтағы әр оқушының жеке үлесі. Осы мәселенің шешімін табу жолында сіз өзіңіздің қандай жеке үлесіңізді қосар едіңіз? (1 мин.)

Оқылым тапсырмасы

Салыстыру кестесі

Сынып оқушылары тапсырманы жұпқа бөлініп орындайды. Мұғалім барлық оқушыға бірдей мәтіндер ұсынады: бірі – тұтас мәтін, екіншісі – тұтас емес мәтін (кесте). Екі мәтін де Қазақстандағы туристік қызмет туралы ақпаратты қамтиды.

Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар жұппен бірге берілген мәтіндерді түсініп оқиды.
  • Екі мәтінде берілген ақпараттарды іріктейді, бір-бірімен сәйкестендіреді, салыстырады.
  • Іріктелген ақпараттар бойынша қорытынды шығарып, салыстыру кестесін толтырады.
  • Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Топ өз ішінде барлық жұп жұмыстарын қорғайды. Мұғалім әр топты сыртынан бақылайды.

Ұқсастықтары

1-мәтін

2-мәтін

Ерекшеліктері

Оқылымнан кейінгі тапсырма

 «Үнсіз дебат» әдісі арқылы орындалатын тапсырма

 Мұғалім сынып бөлмесінің 4 бұрышына А3 қағазына төмендегі сұрақтарды жазып іліп қояды. Оқушылар ешқандай да сөйлемей, үнсіз жүріп әр пікірге байланысты өз көзқарасын жазып шығады.

  • Елде туристерді қызықтыра алатын көрнекі орындар жоқ деген пікірмен келісесіз бе?
  • Қызмет көрсету саласын жақсарту үшін ағылшынша сөйлейтін қызметкерлер қажет деген пікірмен келісесіз бе?
  • Қазақстан туристер үшін тартымды елдер тізіміне кірмеуіне жолдың нашарлығы әсер етіп отыр деген пікір туралы ойыңыз қандай?
  • Қазақстандағы қымбатшылық ішкі туристердің азаюына әкеліп соқты деген пікірмен келісесіз бе?

Дескриптор:

- картаны пайдаланып өз пікірін айтады;

- мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады;

- салыстыру кестесін толтырады;

- тақырып бойынша өз пікірін білдіреді.

Өзара бағалау

Оқушылар сабақта жоспарланған әр тапсырма бойынша өзара бірін-бірі бағалайды. Мұғалім бағалауды әр тапсырма аяқталғаннан кейін жүргізіп отырады. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болу үшін мұғалім мынадай үлгі ұсына алады:

Үлгі (шаблон):

Сіз (сыныптасына) бүгінгі тақырыптан мына нәрсені ..., себебі ..., оны біріншіден ..., ..., екіншіден .... байқалып отыр

Сіз ... жақсарту үшін біріншіден .... өзгерткеніңіз дұрыс сияқты, екіншіден ... назар аударуыңыз керек.

1-таратпа

2-таратпа

1-мәтін «Қазақстандағы туризм жағдайы»

2-мәтін кесте түрінде берілген Қазақстандағы туризм жағдайы туралы

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Сынып оқушылары сабақтағы әрекеттеріне анализ жасап, қорытынды шығарады.

- Нені үйрендім?

- Не нәрсе түсініксіз болып қалды?

- Немен қайта жұмыс жасау керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу