Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Қазір дамыған елдердің барлығы да ғарыш саласын меңгеру үстінде. Мәселен, Ресей өзге елдің бір азаматын ғарышқа ұшырғаны үшін ел бюджетіне 30 миллион доллардан аса қаржы түсіреді екен. Тіпті олар қазір Қиыр Шығыстан «Байқоңырға» балама болатын ғарыш айлағын салып жатқан көрінеді. Осылайша, олар «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алуды бірте-бірте доғаруы мүмкін. Сондықтан келешекте космодромымызды сақтап қалу, оны игеру үшін ғарышкер мамандарды дайындауды бүгіннен бастап қолға алғанымыз дұрыс шы ғар...
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми сайтына кірсеңіз, жастардың басым көпшілігінің «мен қалай ғарышкер боламын, бізде ғарышкерлерді дайындайтын арнайы жоғары оқу орындары бар ма?» деп, агенттік төрағасы Талғат Мұсабаевтың атына сұрақтар жаудырғанын байқайсыз.
Демек, жастардың ғарышты бағындырамын деген арманы жоғары деңгейде. Үміт бар. Бірақ сол үмітті еліміз қаншалықты ақтай алып отыр? Жалпы, бұл төңіректе ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің мамандарымен сөйлесе қалсаңыз, елімізде ғарыш саласы дамып жатыр, өркендеп жатыр дегенді алға тартады. Шынында да, солай ма? Тіпті аталмыш агенттіктің төрағасы Талғат Мұсабаев бір сұхбатында «еліміздің бірқатар ұлттық университеттерінде аэроғарыш мамандарын дайындайтын оқу бөлімдерін ашамыз» деген еді.
Мейірбек МОЛДАБЕКОВ, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары: – Елімізде ғарыш саласының мамандарын даярлайтын арнайы жоғары оқу орны жоқ. Бірақ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Гумилев атындағы Еуразиялық университетте, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да, Алматы энергетика және байланыс институтында, Азаматтық авиация академиясында ғарыш саласында білім беруге болады деген тоқтамға келген болатынбыз. Бірақ Авиация академиясының аэроғарыш саласында неге мамандар даярламай отырғанын мен білмеймін. Дегенмен бізде мынадай жүйе қалыптасқан. Егер студент Үкімет бөлген грантты иеленсе, ол өзінің таңдаған университетіне барып білім алады. Міне, осы бөлінген гранттарды ұтып алған студенттер бес ЖОО-ның барлығына бірдей бармаған. Менің білетінім, қазір ғарыштық саланың студенттері Алматы энергетика және байланыс институты мен Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да білім алып жатыр. Әрине, олардың зертханалық базасы, оқытатын мамандары, оқулықтары барлығы жақсы деңгейде деп айта алмаймын. Сондықтан ғарыш саласына арнайы жабдықталған дербес университет керек-ақ. Бірақ олардың барлығы бір күнде келе салмайды. Уақыт өте келе шешімін табады деп ойлаймын.
Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты: – Біз қазір «Байқоңырдың» қадіріне жете алмай отырмыз. Ертең ол космодромымызды ресейліктер тастап кетіп, өз еліндегі ғарыш айлағын дамытатын болады. Сонда біз не істейміз? Өзіміздің «Байқоңырды» қалай сақтап қаламыз, қалай дамытамыз? Тағы да АҚШ-қа, Қытайға, Француздарға жалға беріп қойып отыра береміз бе? Ол болмайды! Сондықтан қазірден әрекет етуіміз қажет. Бірақ ғарыш саласын дамыту үшін арнайы колледж, университет ашудың керегі жоқ. Одан ұтарымыз шамалы. Одан да «Байқоңырдың» жанынан Қазақстан жастарының білім алуы үшін арнайы орталық ашайық. Сонда жастарымыз ол жерде нақты тәжірибе жүзінде үйреніп, білімін шыңдайтын болады. Ал университет ашатын болсақ, оның зертханасы керек, басқасы керек, қаншама шығынды қажет етеді.
http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/6820ce3c407de65a17cc18f67c36356e.pdf
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды