Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.
Публицистикалық стильдің функционалдық сипаты
М.Қ.Қанабекова
ҚазМемҚызПУ
Қазақстан Республикасы
Қазіргі таңда публицистикалық стильдің, яғни бұқаралық сипаттағы газет-журнал басылымдарының, әсіресе теледидар мен радиохабарлардың функционалдық сипаты артып, әлеуметтік мәнділігі күшейе түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрі тілдік қарым-қатынастың өзіндік жүйесі мен құрылымдық ерекшеліктері бар айрықша типін қалыптастырып, тілдік ортада бұқаралық қатынас тілі деген терминдік атаумен орныға бастады.
Қазақ тіл ғылымында публицистикалық стиль жетілген әдеби стильдердің бірі ретінде әбден қалыптасып, оның функционалдық-прагматикалық табиғатын тануға бағытталған іргелі зерттеулер жүргізілуде. Публицистикалық стильдің негізгі жанры болып есептелетін тұңғыш қазақ газеттерінің тілін Б. Әбілқасымов, 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілін С.Исаев, қоғамдық публицистикалық стильді О.Бүркітов, т.б. ғалымдар зерттеген. Қазіргі қоғамдағы коммуникативтік қызметі ерекше публицистикалық стильдің әр түрлі мәселелеріне байланысты, мәселен, газет лексикасы А.Алдашеваның, Б.Момынованың, газет тілінің прагматикасы Б.Жұмағұлованың, Ф.Жақсыбаеваның, т.б. зерттеу еңбектерінде біршама сөз етілген. Ал теледидар тілі де бірқатар еңбектердің зерттеу нысанына айналды. Мәселен, теледидар хабарлары тілін лингвопрагматикалық аспектіде зерттеген ғалым Г. Машинбаева, сондай-ақ теледидардан берілетін хабарлардың тілін cөз мәдениеті тұрғысынан Д.Бисмильдина талдап қарастырған. Белгілі ғалым Н.Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» атты ғылыми еңбегінде публицистикалық дискурс және оның тілдік, коммуникативтік нормалары мәселелеріне назар аударып, жаңа бағыт-бағдарлар тұрғысынан публицистикалық стильдің сөз мәдениетімен арақатынасын тиянақты зерттеген.
ХІХ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған функционалды стиль түрі – бүгінде қоғамға аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы.
Публицистикалық стильдің өз ішінде шағын жанрлық түрлері жайында қазіргі тілтаным ғылымында әрқилы пікірлер айтылып, түрліше пайымдаулар жасалуда. Бірқатар зерттеушілер негізінен публицистиканың жанрлық түрлерімен (газет тілі, радио тілі, теледидар тілі, кино тілі, т.т.) байланыстырып, оларды стилішілік түрлері деп есептейді: үгіттік публицистикалық шағын стиль; саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль; саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль. Бұқаралық қатынас тілінің әрқайсысының бір-бірінен ерекшеленетін лингвистикалық белгілері болады, кейде тілдік-стилистикалық тұрғыдан ортақ тұстары да байқалады.
Ғылымда орныққан таным-түсініктер бойынша публицистикалық стильдің барлық жанрларына ортақ мынадай қызметтері айқындалып қалыптасқан:
- ақпараттық (түрлі деректер мен хабарларды жеткізу);
- түсініктеме-баға берушілік (берілетін деректер көбінесе түсіндірумен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады);
- танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи және ғылыми материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады);
- ықпал ету қызметі (көпшіліктің саяси-әлеуметтік көзқарасына, санасына әсер етушілік);
- гедонистикалық (әдетте, мұндай қызмет көңілді хабарларды жеткізу кезінде байқалады, әсіресе, радио мен телевизия арқылы кез келген хабардың тыңдарман мен көрермендердің көңіл-күйін көтеретіндей, эстетикалық қажетін өтейтіндей тартымды, әсерлі жүргізілуі).
Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық сипаты төмендегідей:
- ақпараттың жедел қабылдануы;
- хабардың толыққанды жеткізілуі;
- баяндаудың:
а) нақтылығы;
ә) фактографиялылығы;
б) логикалылығы;
в) ықшамдылығы;
г) экспрессивті-эмоционалдылығы;
ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі.
Публицистикалық стильдің (бұқаралық ақпарат құралдарының) жазбаша түріне мерзімді баспасөз (визуалдық), ауызша түріне радио (аудиалдық), теледидар хабарлары, деректі кино (аудиовизуалдық) жататыны белгілі. Ал жанрлық түрлері: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет және сұхбат, т.т. Әрқайсысының өзіндік сөз қолдану ерекшелігі, экстралингвистикалық, лингвистикалық белгілері айқындалады. Басты стильдік сипаты: мұнда қолданылатын сөз үндеу мәнінде жұмсалады. Сөз эмоционалды-экспрессивті сипатта болады (еңбек ардагері, дем беруші, көшбасшы, нық қадаммен, т. б.). Тілдің осындай эмоционалды-экспрессивтілік сипаты жағынан көркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі көрінеді.
Публицистикалық стильдің әдеби ауызша түріне радио-теледидардан берілетін хабарлар жатқызылатыны белгілі. Зерттеушілер телехабарлардың құрылымы тетрададан (төрттіктен) тұратындығын атап көрсетеді:
- сөйлеу тілінен;
- табиғи дыбыстан;
- музыкадан;
- көріністен (М. Серғалиев).
Олай болса, аудиовизуалдық хабарлардың адресаттары көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне байланысты ол хабарлардың тілдік сипаты да әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Публицистикалық стильдің барлық түрлеріне ортақ лингвистикалық ерекшеліктер төмендегідей: лексика мен фразеологияда – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер (хабар, репортаж, ереуіл, парламент, демократия, сұхбат, диктор), бағалауыштық мәндегі лексикалық бірліктер (ұлтжандылық, көшбасшысы, бәсекеге қабілетті, ұрпақтар сабақтастығы, ақпараттар ағыны, т.т.), эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, перифразалар (халық қалаулылары, ақ халатты абзал жан, былғары қолғап шебері, дала кемесі, т.б.), стандарт тілдік бірліктер (арнайы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгімелейді, т.т.);грамматикада – қосарлы сөздер (бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық,т.б.), бұйрық рай тұлғалы сөздер (жүзеге асырайық, оңды нәтижеге жетеміз, іске жұмылдырылсын), сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, әртүрлі қайталамалардың, көркемдік құралдардың қолданысқа түсуі, ықшамдалған сөйлемдер мен түрлі синтаксистік құрылымдардың пайдаланылуы, өзге де стиль түрлеріне тән белгілердің кездесуі жиі байқалады. Мәселен, ақпараттың толық әрі нақты жеткізілуін қамтитын синтаксистік құрылымдарға негізделген баспасөз тіліне қарағанда, теледидардан көрсетілетін жаңалықтар мен ақпараттар легі қысқа әрі нұсқа үлгісіндегі сөйлемдермен жеткізіледі, онда стандарт тілдік бірліктер, дәстүрлі қалыптасқан сөз үлгілері жиі жұмсалады: Бүгінгі көретіндеріңіз; Арнайы тілші репортажы; Назарларыңызға ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтары; Тікелей эфирде «Хабар» арнасының қорытынды жаңалықтары; Хабарымызды жалғастырамыз; Тілшіміз әңгімелейді; Ендігі кезек спорт жаңалықтарында; Жаһан жаңалықтары; Бүгін сіздермен Айзада Жақсыбек, Медетжан Ызғұтты, т.б. Мұндай құбылыс – теледидар хабарлары тілінің табиғатына тән ерекшелік.
Публицистикалық стильдің ауызша әдеби түрі шаршытоп алдында сөйленетін, ресмилік сипаты бар тіл тәжірибесіне негізделеді. Демек, ана тіліміздің сөздік қорын байытып, әдеби тілімізді дамытып кеңейтетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге пайдасын тигізетін теледидар тілін ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеу мәселесі аса маңызды болып отыр. Осы бағыттағы түбегейлі ғылыми зерттеу жұмыстары бірінші кезекте радио-теледидар тілі дейтін мәселелердің жете сөз етілмей, қарастырылмай келе жатқандығын алғаш рет таныған ғалым М. Серғалиевтың бірқатар мақалалары мен ой-тұжырымдарынан басталады [1,134 б.].
Демек, публицистикалық стиль – әлеуметтік үні бар мәселелерді насихаттап, саясат пен идеологияның құралы ретінде қызмет етіп қоймай, түрлі саяси ақпараттар мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізіп, оған баға беру, адресат қабылдауына тиімді ықпал ету тәрізді маңызды міндеттерді де қоса атқарады. Публицистикалық стильдің басты функционалдық ерекшелігі: тіл мәдениеті дамуының көрсеткіші, яғни ұлттық әдеби тілдің жетілуіне, сөздік қазынасының толығуына зор ықпал етеді, сол арқылы бүгінгі әдеби тілдің лексика-грамматикалық жүйесінің даму сипаты, жаңа тұлға-бірліктердің нормалану үрдісі айқындалады.
1. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
http://www.rusnauka.com/46_PWMN_2015/Philologia/7_204887.doc.htm
Ғылыми стиль
Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел’гі болады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің не-
гізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образ-
ды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшелікте-
ріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл
білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б.
физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен
бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланыс-
ты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.
Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт;ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күр-дёлі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негіз-делуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекше-лігіне қарай баяндау тэсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мы-салы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады1.Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция мо-ментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кең келген айна-лыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасы-ның сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квад-ратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады2.
Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер — осы мамандықтағы адамдарға- ғана таныс. Сонымен қа-тар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген. Әсіресе қоғамдық ғылымдарда тілдің еркін және мәнерлі қолданылатыны байқалады. Оны В. Г. Белинскийдің мына бір сөзінен аңғаруға болады. “Сана дегеніміз — өмірдің рухы, оның жаны, поэзия дегеніміз — өмірдіқ күлімдегені; оныц тасқынды ай-қын жүзінің тез ауысып отыратын түйсігі. Жаратылыста сирек кездесетін эдемі эйелдер болады, бірақ оның сол сымбатты көр-кемдігінің жансыздығымен таң қалдырғанымен де, жүріс-тұрысын-да икемдігі, грация болмаса, мұндай әйелдер өзінше асқан көркем болғанымен, де жэне сізді таңырқатқанымен де, оның кездесуі еш-кімнің жүрегін тебіренте алмайды, оның көркемдігі махаббат туғы-за алмайды, сондықтан махаббатсыз сұлулық та, өмір де, поэзия да жоқ”3.
https://referattar.kazaksha.info/%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D0%B8-%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BB%D1%8C
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды