Қызметке тұру. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ.
Перифраз жасау тәсілдері
1.Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.
Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.
Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.
2. Синонимдерді қолдану.
Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.
Перифраз: Менің апам әдемі жан.
3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.
Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие болды.
Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды.
4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).
Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады.
Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды.
5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.
Түпнұсқа: Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? - деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Перифраз: Зат есім - бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз табы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?- деген сұрақтарға жауап береді.
6. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі формаларын түрлендіріп қолдану.
Түпнұсқа: «Өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажет» - деді Ф. Достоевский
Перифраз: Ф. Достоевский өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажеттігін атап өтті.
7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.
Түпнұсқа: Арман сабағына дайындалып отырып, інісіне де көмектесті. Алайда екі нәрсені қатар жасау оған қиын тиді.
Перифраз: Арман әрі сабағына дайындалды, әрі інісіне көмектесті. Дегенмен екі нәрсені қатар жасап қиналды.
8. Алайда жалқы есімдер мен кілт терминдерді ауыстыруға, өзгертуге болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды