Қызметке тұру. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | |||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Қызметке тұру | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1. перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Перифраз, көтерілген мәселе, тұжырым жасау Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:
Өмір — үйретеді.
Ісіңе сен.
| |||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | |||||||
Пәнаралық байланыс |
| |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тыңдалым және айтылым дағдылары дамытылды. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы
5 минут | «Құндылықтар спектрі» тапсырмасы. Спектр үшін жіпті, тақтаны көрсетіп тұратын стрелкаларды пайдаланыңыз; қарама-қарсы қабырғаларға пікірлердің екі ең шеткі нүктелерін орналастырыңыз. Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылар немесе оқушылардан құрылған топтар айтылған пікірмен қаншалықты келісетіндігін айта отырып, оған қатысты өз ойларымен бөліседі. Бұны жүзеге асырудың тәсілдері өте көп: оқушылардан олардың өз пікірлерін көрсететін сызықтың нүктелеріне келіп тұруды өтінуге болады немесе олар айтылғанды алдымен топ ішінде талқылайды да, содан кейін топтан бір оқушы шығып өз тобының ұстанымын түсіндіре отырып, тобының белгі/карточкасын сызықтың бойына орналастырады. Бұл – бір сұрақтардың әртүрлі жауаптарын салыстырып, пікірлер арасындағы алшақтықты анықтауға арналған өте жақсы әдіс Тұжырым: Бүгінгі заманда жұмысқа орналасу қиын. Осы тапсырмадан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін бірге талқылайды. | Таныстырылым | ||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 15 минут 10 минут | Тыңдалым/айтылым алдындағы тапсырма. Мұғалім оқушыларға жұмысқа орналасуға қатысты әрекеттер жазылған бірнеше қима қағаздарды үлестіреді. Оқушылар әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырып, үдерісті әңгімелеп береді. 1-тапсырма. Жұмысқа орналасу үшін жасалатын әрекеттерді дұрыс ретімен орналастырып, үдерісті әңгімелеп беріңіз. Тыңдалым/айтылым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға бейнематериалды қосып, тыңдалым мәтінін тыңдатады. Оқушыларға осы тыңдалым бойынша перифраза арқылы құрылған сұрақтарды береді. Мұғалім перифраз жасаудың тәсілдерін ескеріп, басқа да сұрақтар құрастыра алады. Оқушылар осы сұрақтарға мәтін бойынша жауап береді. 1-тапсырма. Бейнематериалды тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Бейнематериалдағы қағидалар кімдерге арналған? 2. Мамандар неліктен бір орында ұзақ тұрақтамауға кеңес береді? 3. Қызметке тұрушы туралы алғашқы көзқарасты не қалыптастырады? 4. Қызметке орналасуда қандай әрекет ең пайдасыз? 5. Жұмыс берушілер қызметкерге зәру екенін көбіне қайда жариялайды? 6. Түйіндемені жіберген фирма бірден хабарласа ма? 7. Қызметке тұруда қандай әрекет жағымды нәтижеге әкеледі? 8. Жұмысқа орналасуға қатысты қандай кеңестер берілді? А) Ә) Б) Дескриптор:
2-тапсырма. Оқушылар тыңдалым мәтінін бойынша ой тұжырымдап, жеке көзқарасын ПОПС формуласы арқылы білдіреді. Сұрақ:
Дескриптор:
Оқушылар бір-біріне дескрипторға сай кері байланыс береді. Шығармашылық тапсырма. Мұғалім оқушыларға бірнеше комикстердің суреттерін береді. Оқушылар осы комикстерді өздері сөйлетулері керек. Ол үшін тыңдалымдағы ақпараттарды, ұсынылған мақал-мәтелдерді қолданулары керек. Тапсырма. Төмендегі комикстерге қарап, «Менің жұмысқа орналасудағы талпынысым» тақырыбында шағын әңгіме құрап, әңгімелеп бер. 1-сурет. 2-сурет. Мақал-мәтелдер:
Өмір — үйретеді.
Ісіңе сен.
Дескриптор:
|
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы
https://www.youtube.com/watch?v=InWfqIDnU_k https://www.zharar.com/kz/makal/1057-labor.html | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Мұғалім тақтаға «нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді. | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды