Жануарлар әлемі. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 5 сабақ


Топтарға бөліну

Оқу мақсаты

О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу:

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

ӘТН 3 Лексикалық норма:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ мақсаты

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқылым мақсаты бойынша:

Мәтін мазмұнын түсінеді;

нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Әдеби тілдік норма бойынша:

мәтіннен омоним, антоним, синонимдерді анықтайды;

омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Сұрақтың түрін анықта

Жұбыңмен талқыла

1.Қарапайым сұрақтар: Жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды.

2.Анықтауыш сұрақтар: Оқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей емес, оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады. «Менің түсінгенімше,», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар

3.Түсіндірмелі сұрақтар:

Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз.

Сіз неге ... ойлайсыз?

Сіз неге ... деп есептейсіз?

Топтық жұмыс

Тапсырма. Әр топ мәтін негізінде 3 сұрақ түріне сай сұрақтар құрастырыңыз:

Қарапайым сұрақтар( Мәтіннен жауабын табуға болатын сұрақтар);

Анықтауыш сұрақтар құрастырады(мәтіндегі ақпаратты анықтауға арналған сұрақтар);

Түсіндірмелі сұрақтар(мәтіндегі ақпаратты түсіндіруге бағытталған сұрақтар)

Мәтіндегі сөздермен жұмыс

1.Мәтіннен алынған сөздердің омонимін тауып түсіндір, сөйлем құрап көр.

2.Мәтіннен алынған сөздердің синонимін тауып жазып, сөйлем құра.

3. Мәтіннен алынған сөздердің антонимін тауып түсіндір, сөйлем құра.

Кері байланыс

Сабаққа қандай мақсат қойылды?

Біз сабақ мақсатына жеттік пе?

Сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу