Ит- адамның досы. Өмірде болған ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі мен әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 6-бөлім: «Қоршаған ортаны қорғау» | Мектеп: Талдықорған қаласы НЗМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||||||
Сынып: 4А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ит- адамның досы. Өмірде болған ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2.8.1 Кейіпкердің/кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау. | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалау. Көптеген оқушылар: Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалау. Кейбір оқушылар: Кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген мәтінді мәнерлеп,рольге бөліп оқиды. | ||||||||||
Сөздік қор
| Табиғат, табиғатты қорғауға байланысты мақал – мәтелдер, көркем сөздер | ||||||||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана білу. | ||||||||||
Жаһандық азаматтық | Дүниежүзіндегі табиғат құбылыстарын білу. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернеттен деректер іздеу | ||||||||||
Алдын игерілген білім | Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің мағынасын біледі. | ||||||||||
Сабақбарысы | |||||||||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал қалыптастыру. Cыныпта жайлы орта орнату. Оқу мақсатын таныстыру. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау Күтілетін нәтижені анықтау. | ||||||||||
Сабақтың ортасы | Үй тапсырмасын тексеру Жұпта ақпарат оқыту Есіңе түсір Мінездеу – көркем шығармада кейіпкердің мінез-құлқын, сенім-нанымын, көзқарасын, көңіл күйін суреттеу. Мінездеу сол кейіпкердің жағымды-жағымсыз әрекеттері, сөйлеу мәдениеті, үлгі боларлық қылықтары арқылы көрінеді. Есіңе түсір Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесің? Мәтінді оқу «Көшер кезде» «Түртіп алу» тәсілі Өз ойыңмен бөліс Жазушы Майлыаяқты қалай суреттеген?Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдың?Ит иесінің орнында болсаң, Майлыаяқты тастап кетер ме едің? Қосымша ақпарат Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырады.Жеті қазынаға жүйрік ат; қыран бүркіт; құмай тазы; берен мылтық; қанды ауыз қақпан; майланғыш ау; өткір кездік жатады. «Диалог» Келісемін/Келіспеймін Өз ойыңмен бөліс Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар. Ит – жеті қазына Итті иесімен қина Топтық жұмыс Ит туралы қызық оқиға білсең, әңгімелеуге дайындал. Мақал-мәтелге қатысты қақпаға ілінетін жарнама сөз дайындап, жаз. Бас бармақ арқылы бағалау Оқушылардың бірін- бірі бағалауы. Жұпта тексеру Дескрипторы: -өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді; -берілген тапсырмаларды орындайды; -сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді. Пікіріңді айт Өзің қай жануарды асырағың келеді? Неге? «БІЛЕМІН, БІЛДІМ,БІЛГІМ КЕЛЕДІ»
(Т,М)Қорытындыла. Үйге тапсырма. | ||||||||||
Сабақтыңсоңы | Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі. | Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау, толықтыру жасау, бағыттау. | |||||||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру