Кітап неден жасалады? Мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбіту. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

6-бөлім: «Қоршаған ортаны қорғау»

Мектеп: Талдықорған қаласы НЗМ

Күні:05.03.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И., Кудабаева А.К

Сынып: 4В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кітап неден жасалады? Мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбіту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.2.2 шығарма тақырыбы мен кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

 Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын тыңдап, ондағы оқиғаға сүйеніп, сюжеттің соңын болжайды. Өз ойын дәлелдер келтіріп айтады. Ауызша кітап күту ережесін айтады

Көптеген оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын тыңдап, ондағы оқиғаға сүйеніп, сюжеттің соңын болжайды. Өз ойын нақты дәлелдер келтіріп айтады. Шығармашылықпен жұмыс ждасайды, кітап күтуге 1 – 2 ереже жазады.

Кейбір оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын тыңдап, ондағы оқиғаға сүйеніп, сюжеттің соңын болжайды. Өз ойын нақты дәлелдер келтіріп айтады. Шығармашылықпен жұмыс ждасайды, кітап күтуге 2 – 3 ереже жазады.

 Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, дамуын болжайды, кітап шығарылу, күту ережесін біледі.

 Сөздік қор

 

Ағаш, ағаш сақинасы, баспахана,

 Миссия және пайымдау

Алған білімдерін өмірде қолдана білу.

 Жаһандық азаматтық

Қоршаған ортаны қорғау.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыс

Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру.

 АКТ қолдану дағдылары

Интернеттен деректер іздеу

Алдын игерілген білім

Шығарманың мазмұнын түсініп оқып, нақтылау және себеп-салдарын

анықтау сұрақтарын қоя алады. Отан, бейбітшілік, бақыт сөздерінің

мағынасын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Cыныпта жайлы орта орнату.

Оқу мақсатын таныстыру

Мәтіннен көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтаймын.

Мәтінге кейіпкерлер қосып, жаңа оқиға ойлап табамын.

Күтілетін нәтижені анықтау.

Сабақтың ортасы

(Ж,М) Кейіпкермен сөйлес

– Мені кім «тербетіп, аялап» өсірді?

– Жасым сақинамда жазулы екенін білесіңдер ме?

– Қартайғанымды қалай білдіңдер?

– Қалай ойлайсың, ағашқа кім қамқорлық жасауы керек?

(Т,М) Кітап қалай жасалады?

https://www.youtube.com/watch?v=8LErsnQYMyY

Бағалау критерийлері:

Кітаптың қалай жасалатыны туралы ақпартты түсінеді және ауызша айта алады.

(Ж,Қ) Мәтінді түсініп оқиды, соңын болжам жасайды.

Болжа. Кітаптардың тағдыры қалай шешілуі мүмкін?

– Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер, – деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соң басу айтып... – Әріптестерім, «Отқа тамызық қылады», – деп ұнжырғаларың түспесін. Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, сиямыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. «Тек келесі жылы ұқыпты оқушының қолына түссек!» – деңдер.​– Соны айтсаңшы, – деді бәрі бірдей жамырап.

Танаш Дәуренбеков

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалған мәтіннің дамуына өз болжамын жасайды.

(Ж,М) СахналаМәтінді рөлге бөліп оқу.

(Қ,М) Үлгіге қарап, «Оқулықты күту ережесін» құрып жаз.

1. Пайдаланған кітапты орнына қой.

2. ...

3. ...

Бағалау критерийлері:

  • «Оқулықты күту ережесін» құрып жазады.

Дескриптор:

  • «Оқулықты күтуге 1 ережені құрып жазады.
  • Оқулықты күтуге 2 ережені құрып жазады.
  • Оқулықты күтуге 3 ережені құрып жазады.

(Ж,М) Өлеңді мәнерлеп оқы және жұбыңмен толықтыр.

Білуші едім ........ –​Ең мықты ағаш дегенді.​Жапырағы ...............​Саясы бар көлемді.​Жерді ........ бауырдан,​Нәр алады жауыннан.​Көп жасайтын кәрі емен,​Қорықпайды дауылдан.

Н. Әлімқұлов

Өлеңді мәнерлеп оқы және жұбыңмен толықтыр.

Білуші едім еменді –​Ең ...... ағаш дегенді.​Жапырағы жайылған.​.............бар көлемді.​Жерді бүріп бауырдан,​Нәр алады ..........................​...... жасайтын кәрі емен,​Қорықпайды ..................

Н. Әлімқұлов

(Т,М) Қорытындыла.

♦ Бүгінгі сабақтан өзің үшін қандай маңызды ақпарат алдың?

♦ Өзіңнен кіші балаларға қандай кеңес берер едің?

Үйге тапсырма.Ізден және сипаттау мәтінін жаз.

1. Емен ағашы қанша жыл өмір сүреді?​2. Емен ағашының биіктігі қанша метр болады?​3. Емен ағашының қандай пайдасы бар?

Сабақтың соңы

Рефлексия. Тапсырманың оң жағына берілген түсті таңдап кері байланыс жаса.

Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың сипаты. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау.

Сабақтың мақсаты: Сюжеттің дамуын болжау. Шығармашылық жұмыс жасау.

  • – тапсырма.

Кітаптар мұңы

 Мектептің қоймасына біреу бір құшақ кітап әкеп тастады. Есік қайта жабылуы мұң екен, - шеткерірек түскен бірі басын көтеріп алды. «Қайда келдім?» дегендей жан – жағына қарап сәл отырды да жанында жатқан көршісін түртті. Ол қозғала қоймап еді, жұлқып – жұлқып қалды.

  • Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тірімісің өзің?
  • Ой, мазамды алмашы. Бүйткенше, парақтарымның пәре – пәресі шығып, желмен ұшып кеткені жақсы еді.
  • Не боп қалды? «Жалғыз сенің басыңа келді!» - деймісің бұл қиыншылық?! Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер. Жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп – бүтін ғой.
  • Сыртымды қайтесің? – деді анау жер таяна орнынан әрең тұрып. – Сыртым бүтін болғанмен, ішім – түтін. «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауыспап па еді? Сонда кім үшін? «Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын!» деген ізгі ниет еді. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасатқа тәрбиелеуге тырысып бақтым. Қырсық қылғанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мына күйге ұшырадым. Егер күтіп ұстаса, келер жылы басқа балалар оқымас па еді, қайтейін?!
  • Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ. Мен «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы боламын, – деді бірінші кітап.
  • «Сотқарбай» деген баланың меншігіне тидім. Басында оқулық болып мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай суретімді сиямен бастырып сызып тастады. Оқу жылы аяқталған күні ауласына тастап кетті. Әркім өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай балалар жоқ шығар. Адырбай мен Сотқарбай деген балалардың қолына түсу қандай жаман! Ұқыпсыз, сотқар, бұзық заттарын күтіп ұстамайды.

Мысалы, менің өзім сияқты досым бар. Екеуміз кітапханаға бір күнде түстік. Міне, «оқушы» деп со кітаптың иесін айт. Ондай баланың қолына түссең , арманың болмас. Кітаптың керек бетін белгілеу үшін парағын бүктемейді, қағаз салып қояды...

  • Енді бңздң қайтер екен? – деді бір кітап. – Әлде жинап – жинап, отқа жағады ма?

 «От» деген сөзден бәрі селк ете қалды. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.

2– тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Кітаптардың арманы орындалатындай етіп, ертегіні аяқта.

 

 

– Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер, – деді «Ежелгі дүние тарихы» сәлден соң басу айтып... – Әріптестерім, «Отқа тамызық қылады», – деп ұнжырғаларың түспесін. Мен тарихты білсем, бізді фабрикада жуып, тазартып, сиямыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. «Тек келесі жылы ұқыпты оқушының қолына түссек!» – деңдер.​– Соны айтсаңшы, – деді бәрі бірдей жамырап.

3– тапсырма. Үлгіге қарап, «Оқулықты күту ережесін» құрып жаз.

1. Пайдаланған кітапты орнына қой.

2. ...

3. ...

Қорытындыла

♦ Бүгінгі сабақтан өзің үшін қандай маңызды ақпарат алдың?

Жауабы:---------------------------------------------------------------------------------------- 

♦ Өзіңнен кіші балаларға қандай кеңес берер едің?

Жауабы: --------------------------------------------------------------------------------------

Ізден

1. Емен ағашы қанша жыл өмір сүреді?​2. Емен ағашының биіктігі қанша метр болады?​3. Емен ағашының қандай пайдасы бар?

Өлеңді мәнерлеп оқы және жұбыңмен толықтыр.

Білуші едім ........ –​Ең мықты ағаш дегенді.​Жапырағы ...............​Саясы бар көлемді.​Жерді ........ бауырдан,​Нәр алады жауыннан.​Көп жасайтын кәрі емен,​Қорықпайды дауылдан.

Н. Әлімқұлов

Білуші едім еменді –​Ең ...... ағаш дегенді.​Жапырағы жайылған.​.............бар көлемді.​Жерді бүріп бауырдан,​Нәр алады ..........................​...... жасайтын кәрі емен,​Қорықпайды ..................

Н. Әлімқұлов

Өлеңді мәнерлеп оқы және жұбыңмен толықтыр.

Білуші едім ........ –​Ең мықты ағаш дегенді.​Жапырағы ...............​Саясы бар көлемді.​Жерді ........ бауырдан,​Нәр алады жауыннан.​Көп жасайтын кәрі емен,​Қорықпайды дауылдан.

Н. Әлімқұлов

Білуші едім еменді –​Ең ...... ағаш дегенді.​Жапырағы жайылған.​.............бар көлемді.​Жерді бүріп бауырдан,​Нәр алады ..........................​...... жасайтын кәрі емен,​Қорықпайды ..................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу