Қазақ тілі мен әдебиеті Сөз таптары


Онлайн сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті   Сынып: 2

Бөлім: 6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Сөздік қор: байғазы, көрімдік, сыйлық

Оқу мақсаттары:

2.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.4.2.3 көптік жалғауларын дұрыс қолдану

Сабақ мақсаты:

Сұрақтар қою және жауап беру

Сөздегі көптік жалғауларын ажырату

Сабақ барысы 

Стартер. 2 минут

Балалар, ребусты дұрыс шеше алсаң, сен бүгінгі тақырыбымыз не туралы екенін өзің анықтай аласың.

Қанекей, кім тапқыр! Ойлан.

Сен білесің бе? 1 минутБайғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің балаға беретін сыйлығы. Байғазыны көбінесе жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары немесе жеңгелерінен, жақын туыстарынан сұрайды.Үлкендер Байғазы (ақша,малдың төлі-лақ, қозы, тай, бұзау) берумен бірге құтты болсын айтып ізгі тілек білдіреді.

Байғазы сөзін жазып алу.

Мәтін оқу. «Байғазы» 4 минут

Cұрақ қойып талдау

Сен қалай ойлайсың, әжесі балаларға не үшін ақша берді?

Мәтінде қандай салт – дәстүр туралы айтылған?

Байғазыны қашан береді?

Топтық жұмыс

5 минут

1. Мәтін мазмұны бойынша екі сұрақ құрастыр.

2. Сыныптасыңның қойған сұрақтарына жауап бер

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырады;
  • Мәтін мазмұны бойынша екінші сұрақ құрастырады;
  • Сыныптасының қойған сұрағына жауап береді;

Мадақтау арқылы бағалау

Тапсырма 1. 1 минут

Көптік жалғауы жалғанған сөздерді тап.

-Ау, әжесі, мына батырлар жаңа киім киіп келіпті ғой, байғазы бересің бе?-деді атасы.-Ал, балалар, киімдерің тоза берсін, өмірлерің ұзақ болсын!-деп екеуіне екі қағаз ақша берді.

Сәйкестендіру 2 минут

Төменде берілген сөздердің көптік жалғауларын жалғап жаз. Қосымша жалғауды белгіле

Мадақтау

2 минут

Ойын «Қайтала» Мәтін оқу. Сөйлем құрамында байғазы, сыйлық, көрімдік, салт-дәстүр» сөздерін естігенде оқушылар үш рет айқайлап айтады.

Мысалы: Дастан атасынан байғазы сұрады. (байғазы, байғазы, байғазы)

Атасы Дастанға көрімдік берді. (көрімдік, көрімдік, көрімдік)

Қазақ ұлтында осындай дәстүр бар. (дәстүр, дәстүр, дәстүр)

1 минут

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Заттың атауына тиісті көптік жалғауын жалғап жаз.

Бесік, сандық, көрпе

Дескриптор

Білім алушы

- суреттегі заттарды көпше түрде жазады;

-көптік жалғауларын дұрыс жалғайды;

- сөздерді сауатты жазады;

- көркем жазу ережесін сақтайды.

Кері байланыс

1 минут

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді.

Сабақта жаңа тақырып бойынша жұмыс жүргізілді. Кейбір оқушылар белсенді, кейбір оқушылар жауап бермей қалды. Оның себебі,

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу