Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс. Физика, 11 сынып, қосымша материал 1, 7-8 сабақ.


Тақырыбы: Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы

Оқыту мақсаты:

11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;

11.4.3.4 - резонанстық жиілікті есептеу

Бағалау критерийлері:

  • Резонанстың орындалу шартын біледі және түсіндіреді
  • Резонанстың қолданылу аясына мысалдар келтіре алады
  • Резонанстық жиілікті есептей алады

Тапсырма №1

Кернеудің амплитудалық мәні 140 В болса, оның әсерлік мәні неге тең?

Тапсырма №2

Индуктивтігі 4 Гн катушкадан және электр сыйымдылығы 9 Ф конденсатордан тұратын тізбектегі резонанстың жиілігін анықтаңыз.

Тапсырма №3

«Резонанс» деп қандай құбылысты айтамыз?

Тапсырма №4

«Резонанс жиілігі» дегеніміз не?

Тапсырма №5

Резонанс кезінде активті, индуктивті және сыйымдылық кедергілердегі кернеулер неге тең?

Тапсырма №6

Жиілігі 500 Гц айнымалы ток тізбегінде индуктивтігі 10 мГн катушка қосылған. Резонанс басталу үшін бұл тізбекке сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?

Тапсырма №7

Индуктивтігі 0,08 Гн катушка жиілігі 1000 Гц айнымалы кернеу жалғанған. Кернеудің әсерлік мәні 100 В. Тізбектегі токтың амплитудасын анықтау керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу