Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестік. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік индукция

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.К.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу;

 Сабақ мақсаттары

  • механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу.

Жетістік критерийлері

Магнит өрісінің энергиясының физикалық мағынасын түсінеді;

Механикалық энергиясының физикалық мағынасын түсінеді;

Өздікиндукция мен инерция арасындағы ұқсастықты таба алады;

Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізе алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология: Электромагниттік индукция, туындаған ЭҚК, магнит ағыны

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Катушкада орнатылған ЭҚК болады, өйткені ...

Орнатылған ЭҚК көлемі ұлғаяды өйткені ...

Орнатылған ЭҚК бағыты егер… қарама қарсы болады

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушылардың бір-бірімен сабақ бойы ынтымақтастықта болуы;
  • Оқушылар бірін - бірі әділ, әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді;
  • Жеке тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындайды;
  • Оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді;
  • Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке баулау;
  • Сабақ мақсаттарын айқындайды және түсінеді;
  • Оқушылар бірін - бірі тыңдайды, сөздерін бөлмейді;

Оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Теңдеулерді түрлендіруде математикамен байланыс орнатылады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

8 сынып: магниттік өрістер; өрістерді күш сызықтарымен беру; тұрақты магнит өрістері және сымдардағы ағындарға тәуелділік

10 сынып: магниттік өрістер; магнит ағыны және өлшем бірлігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Жұмыс барысмен таныстыру. C әрпіне басталатын тілек тілейміз.

Слайд 1

Сабақтың ортасы

4 мин

3 мин

2 мин

4+2 мин

5 мин

5+2 мин

8+2 мин

4+1

«Блиц-опрос». Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды.

1. Current in a wire is induced when ………

2. If the conducting wire is moved parallel to the field lines......

3. Induced e.m.f. depends on……

4. Doubling the rate of change of magnetic flux ......

5. Doubling the number of turns in the coil ...... ..

6. Doubling the magnetic flux density ......

7. The mathematical formula of Faraday's law of electromagnetic induction is

Оқушылар кезектесіп оқиды, басқалары тыңдап бір-бірін бағалайды.

«Ой қозғау»

- Өзіндік индукция құбылысымен адам күн сайын кездеседі. Бөлменің жарығын қосқанда немесе өшіргенде, тізбекті қосамыз немесе ажыратамыз, осы кезде индукциялық ток туындайды. Кейде бұл токтар үлкен мәнге жетуі мүмкін, олар көре алатын ұшқын сөңдіргіш ішінде пайда болады. Себебі, тізбек ажырағанда өздік индукция токтың өтуін қамтамасыз етеді.

- Электр тогын өңдіру үшін, демек, оның магнит өрісін тудыру үшін құйынды электр өріс күшке қарсы жұмысты орындау қажет.

- Жұмыс істей алу қабілетін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай?

(Оқушылар сабақ тақырыбын құрастырады)

Мәселелік сұрақ:

- Сіз қалай ойлайсыз, магнит өрісінің энергиясы қандай шамаларға тәуелді?

(оқушылар барлық жауаптары тақтаға жазылады)

- Сабақ мақсатын, мақсатқа қол жеткізу критерийлерін құрастырыңыздар.

(Оқушылар сабақтың мақсаттарын өздігінен құрастырады, кейін интерактивті тақтаға сабақтың мақсаттарының дұрыс тұжырымы көрсетіледі).

Жаңа материалды меңгеру

Жұппен жұмыс. Оқушыларға өздік индукция және инерция арасындағы ұқсастықты айқындау тапсырмасы беріледі (тізбекте I шамасы бар электр тогын тудыру процесінің және белгілі бір υ жылдамдықтағы қандайда бір дененің табу процесінің).

Барлық оқушылардың жауаптарын тақтаға жазу керек, содан кейін жауаптың дұрыстығы жөнінде кері байланыс беру.

Оқушылардың ықтимал жауаптары

  • Катушка тізбекке қосылған кезде ток бірте-бірте жоғарылап, I мәнінің белгілі бір мәніне ие болады.
  • Орнынан қозғалған автокөліктің жылдамдығы бірте- бірте көбейеді және біраз уақыттан кейін белгілі бір υ жылдамдыққа ие болады.
  • Тізбекті тұйықтағанда индуктивтілігі бар ток қандай да бір мәнге ие болу үшін жұмыс жасауы керек.
  • Автокөлік қандай да бір жылдамдыққа жету үшін жұмыс жасау керек.
  • Шарғының L индуктивтілігі көп болған сайын, I токтың өсуі баяулайды.
  • Автокөліктің массасы үлкен болса, υ жылдамдығы соғұрлым аз болады.

Мұғалімнің толықтауы:

Өздік индукция мен инерция арасындағы ұқсастықты қолданып токтың магнит өрісінің энергиясының формуласын қорытып алуға болады.

- Жоғарыда айтылғандардан қорытынды жасауға болады, өздік индукцияда жылдамдық рөлін тізбектегі ток күші атқарады, ал массаның - индуктивтілік.

I тогын тудырған кезде тізбекпен қабылданатын Wм энергияны анықтау үшін осы деректі қолданайық. Бұл энергия υ жылдамдығы бар қайсыбір дененің Ек ұқсас.

Ньютонның екінші заңынан белгілі болғандай, бұл

Демек, токтың энергиясы үшін формуланың құрылымы сондай болу керек. Ақырғы формуладағы υ ны I -ға, m -ді L - ға ауыстырған кезде, мынандай формула аламыз. Есептеулердің қорытындысынан токтың магнит өрісі энергиясының өрнегі бұндай болады.

- Соңғы формулаға мұқият қарап, магнит өрісінің энергиясы қай жерде шоғырланғанын айтыңыз?

(Электр тізбегінде магнит өрісінің энергиясы катушкаларда шоғырланған)

Электр және магнит өрістері бойынша оқушылардың білімдерін жалпылау.

Топтық жұмыс. Венн диаграммасын қолданып оқушылар электрлік, магниттік және гравитациялық өрістер туралы білімдерін жүйелейді.

Қиындық тудырған оқушыларға келесі параметрлерді ұсынуға болады:

- өріс көзі

- күш сызықтары

- тұйықталған траекториядағы жұмыс

- потенциалды немесе потенциалды емес.

Оқушылар сағат тілімен критерийлер бойынша бір-бірін бағалайды (оқушылар өз маркерлерімен басқа топтардың жауаптарын толықтыра алады, осылайша өзара оқыту жүзеге асырылады).

Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының жауабына түзетеді, түсініктеме береді.

Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау)

Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару.

Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді.

Жеке жұмыс. Оқушылар тест жұмысын орындайды.

Өзін-өзі бағалау. Оқушылар интер белсенді тақтада келтірілген жауаптар бойынша тексереді.

Слайд 2

Слайд 3

А4, фломастерлер

Слайд 4

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«сабақтан алған әсерім»;

«сабақтың ұнамаған тұстары».

Үй тапсырмасын беру: Теориялық метериалды қайталау.

Слайд 5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Өздік индукция мен инерция арасындағы ұқсастықты таба алады; магнит өрісінің энергиясынның формуласын қолданып есептер шығара алады

Көпшілік оқушылар Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті толық жүргізе алады, яғни физикалық мағынасын толық түсінеді.

Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады.

ҚБ

Өз-өзін бағалау;

Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу