Ампер күші. Лоренц күші. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: : 10.4А Магнит өрісі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып:10
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Ампер күші. Лоренц күші.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.2 –сол қол ережесін қолдану және тогы бар өткізгішке және қозғалатын зарядталған бөлшекке магнит өрісінің әсерін сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну; Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсерін түсіндіру;

F=BILsinα және F=Bqsinα формуласын білу және сол қол ережесін практикада қолдану

Бағалау критерийлері

Түсіну: Сол қол ережесін қолданылуын түсінеді, сипаттай алады

Қолдану: Ампер күшінің, ток күшінің, магнит индукция векторының бағытын анықтау үшін сол қол ережесін қолдана алады. Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісінің әсерін түсіндіру

Математикалық сауаттылық: Математикалық білімін тиімді қолданып, F=BILsinα және F=Bqsinα формуласын түрлендіре алады

Қолдану: Қарапайым тізбек құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Магнит өрісі

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ампер күші

сила Ампера

Ampere force

«сол қол» ережесі

правило "левой руки"

Left- hand rule

Лоренц күші

сила Лоренца

Lorentz force

Тогы бар параллель екі өткізгіштің өзара әсерлесу күші

Сила между двумя параллельными проводами с током

Force Between Two Parallel Current-Carrying Wires

Флеминг ережесі

Правила Флеминга

Rules Fleming

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Үлкен саусақ... білдіреді

Сұқ саусақ... білдіреді

Ортаңғы саусақ… білдіреді

Магнит күші ... перпендикуляр

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Математика Математикалық тәуелділіктерді анықтау.

География Жердің географиялық белдеулері

АКТ қолдану дағдылары

Бұл видео «тебілу әсерін» жай көрсетілімін көрсетеді және Флемингтің сол қол ережесін қалай қолдану керектігін көрсетеді:

http://www.youtube.com/watch?v=U9RezsWnPYs

Бұл қарапайым көрсетілім сыныптағы тебілу әсеріне тәжірибе ретінде пайдаланыла алады:

http://www.youtube.com/watch?v=9Wby4aHyXJQ

Бастапқы білім

Магнит өрісі. Магнит индукция векторы 8сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларға мәтін жазылған қағаз таратылады.

Activity «Мәтін»

Оқушыларға сөйлемдегі бос орындарды толтырады. Оның мағынасын ашып сипаттайды.

Магнит өрісі

Магнит өрісінің ерекшелігі оны тек қана _______________________ және _________________________айналасында тудырады.

Магнит индукциясының векторы магнит өрiсiнiң ____________________________болып табылады.

Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң ___________ полюсiнен ______________ полюсiне бағыты алынған.

Магнит индукциясы векторының бағытын ________________________ бойынша анықтайды:

Сабақтың ортасы

Ой қозғау:

Демонстрация:

Қажетті приборлар мен материалдар: ток көзі, жалғағыш сымдар, Амперметр, таға тәрізді магнит, реостат, тұрғы, кілт.

 

 

  Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан болатын әсерді бақылау, қорытынды жасау.

Миға шабуыл. Жұппен талдау жасау.

  • Неліктен өткізгіш таға тәрізді магнитке қарай тартылады немесе одан тебіледі?
  • Әсерді қандай тәсілдермен күшейтуге болады?
  • Әсер етіп отырған күштің бағытын қандай тәсілдермен өзгертуге болады?

Оқушылар жұппен талдау жасап қорытынды шығарады. Сонымен қатар, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Жасалған экспериментке сай теориялық мағлұмат беріледі.

Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.

Ток элементiмен α бұрышын құрайтын индукциясы В болатын магнит өрiсi тарапынан I тогы бар өткiзгiштiң Δl аз ғана кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнiң модулi F мына формула бойынша анықталады:

α=90º (sin90º=1) кезінде Ампер күшінің ең үлкен мәнге ие болады.

Ампер күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады (сурет): егер сол қолды  магнит индукциясының векторы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ ток бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90o-қа иiлген үлкен саусақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн күштiң бағытын көрсетедi.

Жұптық жұмыс:

Қосымша 1 «Ампер күшінің модулі мен бағытын анықтауға арналған тапсырмалар»

Дискриптор арқылы бағалау жасалады.

  • Сол қол ережесін қолданып, Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
  • Ампер күшніңі модулін анықтайды.

Презентация арқылы түсіндіру:

Ампер тәжірибесі

1820 ж Ампер параллель орналасқан өткізгіштердің әрекетін зерттеді.

Егер өткізгіштегі токтардың бағыты бірдей болса, онда өткізгіштер өзара тартылады, ал токтардың бағыты қарама қарсы болса, онда өткізгіштер тебіледі.

Тогы бар катушкалардың өзара әрекеттері

Ампер таразысы

Ампер таразысы – электр тогының өлшем бірлігін дәл есептеуге арналған құрал. Жұмыс істеу принципі: бойымен ток жүретін катушканың механикалық әсері қандай да бір жүкпен теңгеріледі.

Ампер таразысы немесе ток таразысы – электр тогының өлшем бірлігі – ампердің өте дәл мәнін алатындай электрмеханикалық құрал.

Ампер-таразы конструкциясының сызбасы

Ампер-таразы құрылысы бойынша өлшеуіш таразыға ұқсайды, тек бір табақшасы өзара әрекеттесетін өткізгіштермен алмастырылған. Таразы магниттелмейтін материалдардан жасалады. Өлшенетін ток күші тізбектей жалғанған бірқабатты концентрлі соленоид түріндегі екі өткізгіштің өзара әрекеттесу күштері бойынша анықталады. Соленоидтардың әрекеттесу күші гирдің салмағымен теңгеріледі, (1-сурет). Соленоидтардың әрекеттесу күшін , с-өткізгіштердің геометриялық өлшемдеріне қарай анықталатын нормалдық коэффициент. Тепе-теңдік орнағанда:

Осы формула бойынша анықталған ток күші электр өлшегіш құралдарды тексеруде эталон болып табылады.

Топтық жұмыс

Ампер күшінің тұрмыста және техникада қолданылуы

Топ 1: Магнит өрісінің әсер ету күшін, электр өлшегіш құралдарда қолданады.(амперметрлерде, вольтметрлерде).

Топ 2: Электр қозғалтқыштарының ішкі құрылысы және жұмыс принципі

Топ 3: Электродинамикалық дыбыс зорайтқышта (динамикте)

Оқушыларды алдын ала даярланған критерий бойынша бағалайды.

Дискрипторлар:

  • Ампер күшінің қолданысын сипаттайды
  • Құрылғылардың жұмыс принципін толық түсіндіреді.

Жалпылама талқылау:

Лоренц күші - индукциясы В магнит өрісі тарапынан және магнит өрісінің күш сызықтарына α бұрыш жасай қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш.

Лоренц күші келесі формула көмегімен анықталады:

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/sol-qol-erezhesi-zaryadtalhan-bolshekterding-magnit-orisindegi-qozhalysy сайтынан қысқа мерзімді видео көреді.

  •  Күш сызықтары бойымен қозғалатын зарядтың қозғалыс жылдамдығы
  •  Қозғалыстағы  зарядтың жолы күш сызықтарына перпендикуляр
  •  Cол қол ережесі
  •  Лоренц күшінің шамасы

Осы видеоны бір сөйлеммен қорытындылақ. Сөйлем кім, не, қашан, неге, қалай, қайда және т.б. қамту керек.

Бағыты: Егер сол қолдағы керілген төрт саусағымыз токтың бағытын (немесе оң зарядталған бөлшектің бағытын)  көрсететіндей және магнит индукция векторы алақанымызды тесіп өтетіндей орналастырсақ, тоқсан градусқа бұрылған бас бармағымыз осы бөлшекке әсер ететін күштің, яғни Лоренц күшінің бағытын көрсетеді.

Демонстрациялық эксперимент:

Электрондық зеңбірегі бар катод түтікшесіндегі электрон шоғының ауытқуын көрсетеміз.

1) Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан ол жұмыс атқармайды. Ол күш бөлшектің жылдамдығының модулін өзгертпейді, тек жылдамдығының бағытын өзгертеді.

Бөлшек шеңбер бойымен қозғалады.

2) Егер бөлшектің жылдамдық векторы магнит индукция векторына перпендикуляр болмаса, ол спираль бойымен қозғалады.

3) Егер зарядталған бөлшек магнит индукция векторына параллель (v⃗ ⇈B⃗ ) немесе қарсы бағытта қозғалса (v→⇈B→) Лоренц күші 0-ге тең және бөлшек түзу сызықты бірқалыпты қозғалады.

Қосымша 2 Қалыптастырушы бағалау «Лоренц күшінің модулін және бағытын анықтау»

Презентация «Ампер күші және Лоренц күші»

https://bilimland.kz/ru/courses/physics-ru/ehlektrodinamika/magnitnoe-pole/lesson/pravilo-levoi-ruki-dvizhenie-zaryazhennyx-chasticz-v-magnitnom-pole

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы: «Физика және астрономия» «Сұйықтардағы электр тогы»

Рефлексия

Рефлексия – «кері байланыс»;оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау, толқыныс).

Activity«Серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз»

  • Білген 3 нәрсемен
  • Оңай деп ойлайтын нәрсемен
  • Қиын деп ойлайтын нәрсемен
  • Болашақта оқуға тиіс нәрсемен

Үйге тапсырма Масс – спектрометр және оның жұмыс принципі

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу