Кирхгоф заңдары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АТұрақты ток | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кусбекова Э К |
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Кирхгоф заңдары |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Кирхгофф заңдарын біледі және зарядтың сақталуымен байланысын бағалайды. Көптеген оқушылар: Кирхгоф заңын пайдаланып екі және одан да көп параллель жалғанғандағы жалпы кедергісін есептеудің формуласын қорытып шығара алады Кейбіреуі: Күрделі электр тізбектеріне арналған есептерді шығара алады. |
Жетістік критерийлері | Білу: Кирхгоффтың 1 және 2 заңының формуласын біледі. Қолдану: Кирхгоффтың 1,2 заңының формуласын қолдана алады. Талдау: Тізбек бөлігін токтың бағытын талдай отырып, ток шамасын анықтай алады Математикалық сауаттылық: Есептеулерді қателіксіз дұрыс орындайды. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ток күші, кедергі, электр қозғаушы күш, түйін, тармақ, контур, Кирхгофтың 1 және 2 заңы, ток көзі,ток күші, кернеу, кернеудің түсуі, кедергі, электр қозғаушы күш, бөгде күштер, электр энергиясы, токтың қуаты Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Аккумулятордың және батареяның ішкі кедергісі ... |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық, мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу. |
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. |
Бастапқы білім
| 8 сынып физика курсы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
0-5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарын түгендеу, кабинет жағдайын қарап шығу Өткен сабақты қайталау | Smartboard | ||
5-15 минут |
Осы жоғарыдағы электр тізбегі туралы қысқаша баяндау және не үшін ток күштерінің шамалары кей жерлерде тең/ тең емес. Жауабы: 1 мен 5 ток күштері тең, 3-4 тең, 2 өзгеше, себебі олар өзара тізбектей және параллель жалғанға байланысты | Smartboard Ток көзі, 3 электр шамы, 5 амперметр Ескерту: тізбек алдын-ала жиналады | ||
15-20 минут 20-28 минут | (W) (G) Оқушылар Физика оқулығынан «Кирхгофтың 1-2 заңдары» туралы оқиды Мұғалім презентациямен негізгі сабақтың мазмұнын оқушылармен біріге отырып түсіндіреді. | Smartboard Автор: Б.Кронгарт, В.Кем Физика. 10 сынып. ЖМБ Презентация Bilimland.kz. | ||
28-38 минут | (I) Есеп шығару 1. Төмендегі электр тізбегінен жалпыток пен 3,0 Ом кедергісінен өтетін потенциалдыр айырымын табыңыздар. Шығарылуы: 3 Ом кедергісінен өтетін тұйық контур үшін: 1.6 В = 3 ОмI1 + 2 Ом (I1 + I2). 1.6 В = 5 Ом I1 + 2 Ом I2. 6 Ом кедергісінен өтетін тұйық контур үшін: 1.6 В = 6 Ом I2 + 2 Ом (I1 + I2). 1.6 В = 2 Ом I1 + 8 Ом I2. Содан: 0 В = 3 Ом I1 + 6 Ом I2 О/б I1 = 2 I2. 1.6 В = 12 Ом I2. I2 = 0.13 A және I1 = 0.27 A. Ток көзі үшін ток күші = I1 + I2 = 0.40 A. 3.0 Омкедергідегі кернеу = I1 × 3.0 Ом (= I2 6.0 Ом ) = 0.8 В. | Кеспе материал: әр оқушыға беру | ||
38-40 минут | Рефлексия Оқушылардан сабақ мақсаты бойынша мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттерге тоқталу: 1.Кирхгофф заңдарын біледі және зарядтың сақталуымен байланысын бағалайды. 2.Кирхгоф заңын пайдаланып екі және одан да көп параллель жалғанғандағы жалпы кедергісін есептеудің формуласын қорытып шығара алады 3. Күрделі электр тізбектеріне арналған есептерді шығара алады. Үй тапсырмасы Кирхгоф заңдары Есеп № 3.292 | Физика оқулығы 10 сынып Есептер жинағы С. Тұяқбаев, Ш. Тынтаева, Ж. Бақынов | ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру