Термодинамиканың бiрiншi заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2C Термодинамика негіздері

Мектеп: Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К.

Сынып: 10 ЖМБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Термодинамиканың бiрiншi заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;

Сабақ мақсаттары

Термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын түсіну, олардың қолданылуына назар аудару.

Бағалау критерийі

Оқушылардың барлығы:

- ішкі энергия, жылу мөлшері және жұмысқа сипаттама бере алады;

- шамалардың арасындағы тәуелділікті біледі;

- шамалар арасындағы тәуелділікті түсінеді;

- шамалар арасындағы тәуелділікті орната алады.

Бағалау түрі:

Өткен білімді еске түсіруде және ой қозғау кезеңінде: Сұрақ-жауап, яғни нақтылау сұрақтары арқылы оқушылардың жауаптарын бағалауға болады;

Мағынаны тану кезеңінде: жұптар немесе оқушылар бір-бірін бағалайды, ол үшін жетістік критерийін қолдана отырып, таңдап алады.

Мағынаны ашу: бекіту тапсырмасында оқушылар өз-өздерін бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ішкі энергия

Внутренняя энергия

Internal energy

Жылу мөлшері

Количество теплоты

Amount of heat

Жұмыс

Работа

Work

Термодинамиканың бірінші заңы

Первый закон термодинамики

First Law of Thermodynamics

Термодинамиканың екінші заңы

Второй закон термодинамики

Second law of thermodynamics

Диалогқа қажетті сөз тіркесі:

Энергия ... нәтижесінде ауыстырылады.

Жылулық құбылыстар ....

Термодинамика дегеніміз ...

Термодинамикалық жүй дегеніміз...

Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі...

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім жағымды ынтымақтастық ортаны құру; оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сәйкес жетістік критерийлерін бірге таңдайды; сабақ барысында ақпаратты іздеуде, тапсырмаларды жеке орындауда академиялық адалдыққа бағыттау; ақпарат барлық оқушыларға бір қалыпты бәріне бірдей беріледі және оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; сабақ барысында ұқыптылыққа және өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен және Дүниежүзі тарихы пәнімен байланыстыруға болады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті презентацияны қолдану.

Бастапқы білім

Газ заңдары. Дененің ішкі энергиясы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақ басында:

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

15 мин

4 мин

7 мин

Өткен білімді еске түсіру:

Оқушыларға темір білеуше таратып береміз.

1. Алдарыңызда жатқан темір білеушені қолдарыңызға алыңыздар. Не сездіңіздер? Алақандарыныңздың ішкі энергиясы туралы не айтуға болады? (алақанымыз салқындады, ішкі энергияның өзгерісі т.с.с.).

2. Алақандарыңызды бір-біріне үйкелеңіздер. Не сезуге болады? (оқушылар алақан қызғандығын, ішкі энергияның өзгеруі туралы пікірлер айтады).

Осы тәжірибе арқылы өткен білімді еске түсіреміз.

Ішкі энергия дегеніміз не?

Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?

Жұмыс атқару?

Жылу қалай беріледі?

Жылулық тепе-теңдіктің орнауы дегенді қалай түсіндіруге болады?

Ой қозғау:

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін: сыныпта тәжірибе жасау.

Көрсетілім: пробиркаға су құйып оны спирт шамының жалынына қойып қыздырыңыз. Судың температурасын термометрмен өлшеп отырыңыз.

Судың ішкі энериясының өзгерсі туралы не айтуға болады? Судың ішкі энергиясы қандай тәсіл арқылы өзгертілді?

Оқушылар не байқағанын алдымен жұппен соңан соң сыныпта талдайды.

Сабақ тақырыбын айту, оқу мақсатын жариялау.

Жетістік критерийлерін оқушылармен бірге айқындап алу.

Мағынаны тану: оқушыларды жұпқа біріктіріңіз. Әр жұпқа жеткілікті болатындай құрал –жабдықтар таратып беріңіз. Жұмыс тапсырмасы жазылған парақшаны әр жұпқа жеткілікті болатындай дайындаңыз.

Қауіпсіздік ережесін ескертіңіз.

1. Зерттеу жұмысы:

Жұмыс атқару арқылы дененің ішкі энергиясы қалай өзгеретіндігін анықтау.

Тапсырма: Ұсынылған сымның температурасын өлшеу. Берілген сымды 15-20 рет бүгіп, қайта жаза отырып, майыстырыңыз. Оның температурасын өлшеңіз, қандай қорытынды жасауға болады?

Бұл жағдайда ішкі энергия қандай тәсіл арқылы өзгертілді?

Зерттеу жұмысы мен көрсетілім бойынша оқушылар қорытынды шығарады. Дененің ішкі энергиясы жылу алмасуда және жұмыс жасалғанда өзгереді.

2. Зерттеу жұмысы:

Дененің ішкі энергиясының өзгеруін анықтау.

Тапсырма: 1) пробиркаға аздаған мөлшерде (8-10 г) су құйыңыз. Оның темпратурасын өлшеңіз. 2) пробирканы тығынмен берік жаба отырып, оны параққа ораңыз. 3) 30-40 с аралығында осы пробирканы қолыңызда ұстай отырып сілкілеңіз (абай болыңыз, қолыңыздан ұшып кетпеуін қадағалау керек). 4) тығынды аша отырып, пробирканың ішіндегі судың температурасын қайтадан өлшеңіз. 5) ішкі энергияның өзгерісін есептеңіз.

6) өлшеу нәтижелерін дәптерлеріңізде жазыңыздар. Есептеулердің толық болуына назар аударыңыз.

Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар:

1. Тәжірибе барысында ішкі энергия қалай өзгерді, артты ма, әлде кеміді ме?

2. Тәжірибе барысында судың ішкі энергиясын қандай тәсіл арқылы өзгерттіңіз?

3. Тәжірибе барысында пробирканы неліктен параққа орауға тура келді?

4. Дененің ішкі энергиясының өзгерісінің жасалған жұысқа тәуелділігі туралы не айтуға болады?

Бағалау критерийі:

1. Зерттеу жұмысы толық әрі дұрыс жасалуы керек;

2. Есептеулерге қажетті формулалар дұрыс жазуылу керек;

3. Формулаларға сәйкес есептеулер нақты және айқын болуы керек;

4. Өлшем бірліктердің дұрыс аударылуына назар аудару;

5. Соңында ұсынылған сұрақтардың әр қайсыларына толық жауаптар жазылуы тиіс.

Бағалау критерийіне сәйкес оқушылар бір-бірін немесе әр жұп келесі жұпты тексере алады.

Мағынаны ашу:

Ақпаратпен танысу. Оқушыларға презентация арқылы термодинамиканың бірінша заңы ұсынылады. Негізгі теориялық тұжырым мен формуласы беріледі.

Бекіту:

Оқушыларға тест тапсырмасы беріледі. Оқушылар бекіту тапсырмасын орындайды өздерін дұрыс жауаппен тексереді.

1. Идеал газға 300 Дж жылу мөлшері берілді. Газ 100 Дж-ға тең жұмыс атқарды. Газдың шкі энергиясы қалай өзгерді?

А. 400 Дж артты,

Б. 200 Дж артты;

В. 400 Дж кеміді;

Г. 200 Дж кеміді.

2. Идеал газ 100 Дж тең жұмыс атқара отырып, 300 Дж жылу шығарды. Оның ішкі энергиясы қалай өзгерді?

А. 400 Дж артты,

Б. 200 Дж артты;

В. 400 Дж кеміді;

Г. 200 Дж кеміді.

3. Идеал газ 300 Дж болатын жұмыс атқарды. Осы аралықта оның ішкі энергиясы 300 Дж емід. Осы процессте жылу мөлшері қандай?

А. 600 Дж берді;

Б. 300 Дж берді;

В. 300 Дж алды;

Г. Жылу алмасу болған жоқ.

4. Идеал газ 300 Дж болатын жұмыс атқарды оның ішкі энергиясы 300 Дж артты. Газға қандй мөлшерде жылу берілді?

А. 600 Дж берді;

Б. 300 Дж берді;

В. 600 Дж алды;

Г. 300 Дж алды.

Дұрыс жауабы тақтада презентация арқылы ұсынылады. Әр оқушы өздерін тексере отырып, бағалайды. Дұрыс жауаптары: 1 Б., 2. В., 3 Г., 4. В.

Жалпылау:

Жалпы сабақ бойынша бүгінгі алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға презентация арқылы жалпылау сұрақтарын қоя отырып, тақырыпты жалпылау.

Презентация.

Әр оқушыға темір білеушелер.

Ішінде суы бар шыны түтік, Спирт шамы.

Термометр мен алюминий сым

Тығыны бар кішігірім пробирка, термометр, мензурка, парақ, «Заттардң жылу сыйымдылығы» жазылған кесте

Сабақтың соңы

4 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Жеке рефлексия.

Сабақ бойынша қорытынды жасау. Оқушылар өз ойларын берілген стикелерге жазып, оны тақтаға іліп қояды.

Үй тапсырмасы. Термодинамиканың бірінші заңының шығу тарихы бойынша бір қызықты деректі жазып келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұпқа бөлінуде оқушылар өз қабілетіне сай жұптағы рөлдерді таңдап алады.

Зерттеу жұмысының жауаптарын жазуда, есеептеулерде оқушылардың жауаптары арқылы олардың тапсырманы орындай алу деңгейлерін аңғаруға болады.

Жұптық жұмыстарда жетістік критерийлеріне орай оқушылар жұптық бағалау жүргізеді және оқушылар бір-біріне баға бере алады.

Бекіту тапсырмасын орындау барысында әр оқушы өз жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өз-өзін бағалай алады

Көзге арналған гимнастика ұйымдастыруға болады. Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы. Зерттеу жұмысы барысында пробирканың сынп қалмауына назар аудару. Көрсетілім барысындағы спирт шамының жалына бөге заттарға тимеуін қадағалаңыз

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу