Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Дальтон заңы Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


«Газ заңдары» бөлімі

Тақырып «Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Дальтон заңы»

Оқу мақсаттары

10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Изопроцестерді біледі
  • Бойль-Мариотт заңын қолдана алады
  • Шарль заңын қолдана алады
  • Гей-Люссак заңын қолдана алады

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Тапсырма 1

Тұрақты қысымда идеал газ Т1=300K температурадан Т2=750K-ге дейін қыздырылды. Нәтижесінде оның көлемі ΔV=6·10-3м3-ге артты. Газдың бастапқы көлемін анықтаңыз

Дескриптор

Білім алушы

- изопроцесс түрін анықтай алады

- берілген процесс үшін тиісті формуланы қодана алады

- математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді

Тапсырма 2

Идеал газды қысымы 3есе өзгеретіндей етіп сығады. Егер газдың бастапқы көлемі V1=6л болса, онда газдың көлемі қаншаға өзгереді?

Дескриптор

Білім алушы

- изопроцесс түрін анықтай алады

- берілген процесс үшін тиісті формуланы қодана алады

- математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді

Тапсырма 3

300 К температурадағы және атмосфералық қысымдағы көпатомды идеал газ 5 л көлемге ие (А нүктесі суретте көрсетілген). Ол тұрақты көлемде В нүктесіне, яғни 3 атм-ға дейін қыздырылады. Одан кейін изотермиялық (С нүктесіне) ұлғаяды және соңында изобаралық сығылып бастапқы күйіне келеді. Зат мөлшерін, В және С нүктелеріндегі температураны анықтаңыздар

Дескриптор

Білім алушы

  • А нүктесінен В нүктесіне өткендегі процесті сипаттайды
  • В нүктесінен С нүктесіне өткендегі процесті сипаттайды
  • С нүктесінен А нүктесіне өткендегі процесті сипаттайды
  • Зат мөлшерін анықтай алады
  • В нүктесіндегі температураны анықтай алады
  • С нүктесіндегі температураны анықтай алады

«Газ заңдары» бөлімі

Тақырып «Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері. Дальтон заңы»

Оқу мақсаттары

10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тұрақты температура кезінде қысымның көлемге тәуелділігі туралы қорытындыға шығарады
  • Тұрақты қысым кезінде көлем өзгерісінің температураға тәуелді екендігі шешеді
  • изотермиялық, изобарлық және изохорлық процестердің графиктерін салуды біледі

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Тапсырма 1

  • Қандай процестер изопроцестер деп аталады?
  • Изотермалық процеске анықтама беріңіз және Бойль-Мариотт заңын қорытып шығарыңдар.
  • Идеал газдың изотермасын pV, TV және pT координаларында салыңдар. Осы графиктерде газдың бір ғана массасы үшін түрліше температураларында изотерма қалай орналасады?

Дескриптор

Білім алушы

  • Тұрақты температура кезінде қысымның көлемге тәуелділігі туралы қорытындыға шығарады
  • Бойль-Мариотт заңын біледі
  • Бойль-Мариотт заңын пайдаланып, есептер шығарады

Тапсырма 2

  • Изобаралық процеске анықтама беріңіз және Гей-Люссак заңын қорытып шығарыңдар.
  • Идеал газдың изобарасын pT, TV және pV координаларында салыңдар. Осы графиктерде газдың бір ғана массасы үшін түрліше қысымдарда изобаралар қалай орналасады?

Дескриптор

Білім алушы

  • Тұрақты қысым кезінде көлем өзгерісінің температураға тәуелді екендігі шешеді
  • Гей-Люссак заңын біледі
  • Гей-Люссак заңын пайдалана отырып, есептер шығарды.

Тапсырма 3

  • Изохоралық процеске анықтама беріңіз және Шарль заңын қорытып шығарыңдар.
  • Идеал газдың изохорасын VT, pT және pV координаларында салыңдар. Осы графиктерде газдың бір ғана массасы үшін түрліше көлем кезінде изохоралар қалай орналасады?

Дескриптор

Білім алушы

  • Тұрақты көлем кезінде қысым өзгерісінің температураға тәуелді екендігі шешеді
  • Шарль заңын біледі
  • Шарль заңын пайдалана отырып, есептер шығарды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу