Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Физика, 10 сынып, презентация.


МКТ-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Молекулалардың өзара әрекеттесу күші.

Оқу мақсаты:

Сабақтың мақсаты

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын білу;

Денедегі микробөлшектерді физикалық тұрғыдан сипаттау;

* Әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әсерлесу күштерін МКТ тұрғысынан түсіндіру.

Бағалау критерийі

- Денелерді микробөлшектер құрайтындығына мысалдар келтіре алады.

- Әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әрекеттесуін МКТ тұрғысынан түсіндіреді;

- Молекулалардың массасы мен өлшемдерін табуға арналған формулаларды есептер шығаруда қолдана алады.

температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау

Физикалық диктант  

1 Табиғатта кездесетін кез-келген дене қатты, сұйық, газ түрінде болады.

2 Барлық денелер тұтас емес, олар өте ұсақ бөлшектерден- молекулалар мен атомдардан тұрады

3 Бар заттың молекулалардың екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі диффузия деп аталады.

4 Диффузияның өту жылдамдығы дененің температурасына тәуелді

5 Броундық қозғалыс дегеніміз жылудық  қозғалыс, ол   температураға тәуелді болғандықтан тоқтамайды.

6 Авогадро тұрақтысы 6,02*10 23 моль-1 тең.

7 Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшері мольмен өрнектеледі.

8 Неліктен қатты денелер мен сұйықтықтар бекітілген көлемдерге ие? Себебі олардың молекулалары тығыз орналасқан.

9 Зат мөлшерінің формуласы тең.

Жеке жұмыс. Есеп шығару

1. Судың мольдік массасын анықтаңдар.

2. Судың бір молекуласының массасы қандай?

3. Массасы 5,4 кг-ға тең алюминий құймада заттың қандай мөлшері бар?

4. 500 моль көмірқышқыл газының массасы неге тең?

5. 1 кг судағы зат мөлшерін анықтаңыз.

6. 10 г оттегіндегі молеклалар саны неге тең?

7. Азот молекуласының массасы неге тең?

Дескриптор:

- Зат мөлшерінің формуласын біледі

- Авогадро тұрақтысының сан мәнін біледі

- Молекуланың массасын анықтайды

Жұптық жұмыс.

1. Баллон салқын бөлмеде үрленді. Баллонды ыстық бөлмеге алып келгенде ол ұлғая түсті. Бұл құбылысты баллондағы ауа молекулаларымен байланысты қалай түсіндіруге болады?

2. Заттың қандай агрегаттық күйлерінде диффузия жеделірек өтеді және неліктен?

3. Қай жауапта қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың молекулаларының қозғалысының ең жақсы сипаттамасы берілген?

1. Бұйымның 20 см2 бетіне 1 мкм күміс жалатылды. Осы қабатта күмістің неше атомы бар?

2. 1 м3 мыстағы атом санын табыңыз. Егер мыстың мольдік массасы 0,0635 кг/моль, ал тығыздығы 9000 кг/м3.

3. Массасы 0,05 кг болатын су 5 тәулікте буланып ұшып кетті. Орташа есеппен 1 с су бетінен қанша молекула ұшты?

Дескриптор:

- Зат мөлшерінің формуласын біледі;

- Авогадро тұрақтысының сан мәнін біледі;

- Прапорциялық қатынасты дұрыс қолданады;

- Математикалық есептеуді дұрыс есептейді.

Топтық жұмыс!!!

Үйге тапсырма: Молекулалардың жылдамдығын анықтайтын өз әдісіңізді ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу