Есептер шығару: Жасанды Жер серігінің қозғалысы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2В Гравитациялық өріс

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Есептер шығару: Жасанды Жер серігінің қозғалысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 9.2.2.9 бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану; 

Сабақ мақсаттары

Бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолданады 

Бағалау критерийлері

Ғарыштық жылдамдықты есептеу үшін формуланы қолдана алады

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бүкіләлімдік тартылыс заңы, күш, гравитациялық тұрақты, гравитациялық өріс кернеулігі, ЖЖС, геосинхронды, геостационар, орбиталар.

Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер:

Не әсер етеді … ?

Сіздің ойыңызша не болады, егер ...

Қандай өзгеріс ұсыныс жасай аласыз, егер ...

Гипотеза ұсыныс жасаңыз, соның әсерінен ...

Қай шама тұрақты болып қалуы қажет? 

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық және бірігіп жұмыс жасай алу, ойларын ашыө айта білу

 Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру және математикалық амалдарды қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім

 

7,8 сынып физика курсынан күштер, жер серіктерінің қозғалысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсатын айқындау

(W) «Сұрақ-жауап»

Оқушылар карточкалар таңдайды, карточкадағы сұрақтарға ретімен жауап береді.

Сұрақтар

  • Жердің жасанды серіктері дегеніміз не?
  • Дене ЖЖС болып айналуы үшін не қажет?
  • Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні неге тең, оның анықталу формуласы және қозғалыс орбитасы қандай?
  • Екінші ғарыштық жылдамдықтың мәні неге тең, қозғалыс орбитасын сипаттаңыз?
  • Үшінші ғарыштық жылдамдық қозғалыс орбитасы және оның мәні?
  • Геосинхронды орбиталарды сипаттайтын белгілерін атаңыз.
  • Геостационарлы орбиталарды сипаттайтын белгілерін атаңыз.
  • Полярлы және экваториалды орбиталарды сипаттаңыз.
  • Геосинхронды және геостационарлы орбиталарды қандай салаларда қолданады?
  • Орбиталық жылдамдық формуласын жазыңыз.

Жұптық жұмыс

Тапсырмалар

  • Жасанды жер серіктері Жерді әртүрлі орбиталар бойынша айналады.

(а) Жерге қатысты полярлы, геостационарлы және геосинхронды орбиталарды салыңыз.

(b) (і) Геосинхронды орбитаны сипаттаңыз

(іі) Геостационар орбитаны сипаттаңыз

(ііі) Геостационар орбитада орналасқан серіктердің қай жерлерде қолданатындығын жазыңыз.

2. Суретте, Жер мен Айдың массалары және арақашықтықтары берілген. Жердің радиусы 6400 км.

  • Жер мен Айдың арасындағы тартылу күшін есептеңіз.

3. Марс планетасының диаметрі 6800 км. Планетаның бетінен 5000 км биіктікте серік 7100м/с жылдамдықпен қозғалады. Марс планетасының массасы 6,42* 1023 кг.

(i) Осы жылдамдықпен қозғалғандағы серіктің центрге тартқыш үдеуін анықтаңыз

(ii) Осы биіктіктегі еркін түсу үдеуін анықтаңыз

 4. Жасанды жер серігі Жер бетінен 200 км биіктіктегі орбитамен қозғалады. Жердің радиусы 6.4 × 106 м, массасы 6.0 × 1024 кг.

Жасанды Жер серігінің орбиталық жылдамдығын есептеңіз.

(І) Жеке жұмыс

Тест

1.Реактивті ұшақтың массасы 60т, двигателінің тарту күші 90 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған?

A 15 м/с2

B 0,67 м/с2

C 1,5 м/с2

D 6,7 м/с2

2. 0,25 м/с2 үдеумен көтерілген лифтдегі массасы 100кг жүктің салмағы неге тең?

(g = 10 м/с2)

A 10 кН

B 1 кН

C 955 Н

D 975 Н

3.Планетаның Жерге қарағанда еркін түсу үдеуі 6 есе аз. Планетадағы дененің массасы 30 кг. Денеге әсер ететін ауырлық күші қандай?

A 49 Н

B 4,9 Н

C 180 Н

D 290 Н

4.Егер әрбір дененің массасын 2 есе арттырсақ, ал денелер арасындағы арақашықтықты 2 есе арттырсақ, онда олардың өзара тартылыс күші

A өзгермейді

B 2 есе кемиді

C 2 есе артады

D 8 есе артады

5.Бірқалыпты горизонталь қозғалып келе жатқан тепловоздың тарту күшін анықтаңдар. Үйкеліс коэффициенті 0,003, ал рельске түсірілген тепловоздың қысым күші 25105Н.

A 0,75 кH

B 8,3108 Н

C 7,5 кН

D 8,3102 Н

6.Ұзындығы 5 см серіппеге массасы 0,1 кг жүк ілгенде серіппенің ұзындығы 10 см болды. Серіппенің қатаңдығын табыңдар.

A 0,5 Н/м

B 2 Н/м

C 200 Н/м

D 20 Н/м

Қорытынды жасау

Кері байланыс

Есептер мен тест тапсырмаларын орындау нәтижесі бойынша қандай сұрақтар қосымша қайталауды қажет етеді?

Презентация

ТМ1

ТМ2

ТМ3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу