Электр тогының жұмысы мен қуаты. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

 Сабақ мақсаттары

- токтың жұмысы мен қуатын анықтау; - токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

- токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;- токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тізбегінің символдары, шам,

батарейка, аккумулятор, өткізгіш сым, кілт , резистор (тұрақты және айнымалы), балқымалы сақтандырғыштар, зуммерлер тізбек,

ток, ампер (А), амперметр,потенциалдар айырымы, кернеу, вольт, вольтметр. кедергі, ом (Ω), тізбектей, параллель 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Жұмыс дегеніміз ................

Қуат дегеніміз..................

Кедергі деп..............

Ток күші дегеніміз...............

Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылық пен адамгершілікке баулу және өзін-өзі бағалау құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру және оларды есептер шығару барысында қолдану, математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электр тогы; ток күші, кернеу, амперметр ,Вольтметр ұғымдарын біледі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 мин

1. Алдыңғы білім мен жаңа материал арасында «көпір» орнату және үй тапсырмасын тексеру мақсатында фронтальды сұрақтарға жауап беру.

(Әр сұрақ бойынша жауапты білетін- білмейтініңізді дәптеріңізге белгілеп отырыңыз: білемін +, білмеймін -)

1. ... өткізгіштердің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай электр заряды өтетінін көрсетеді?(ток күші)

2. ... зараядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің қандай жұмыс атқаратынын көрсетеді (Кернеу)

3. ЭҚК деген шаманы қалай түсінесің?

5. Өткізгішті тізбектей жалғағанда не тұрақты?

6. Өткізгішті тізбектей жалғағанда кедергі қалай анықталады?

7. Өткізгішті параллель жалғағанда не тұрақты?

8. Өткізгішті параллель жалғағанда кедергі қалай анықталады?

9. Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

10. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын айтып бер.

2. Ой қозғау.Электр тогының жұмысы мен қуатын қалай анықтаймыз? Оқушылар жұпта талқылайды.

Мұғалім оқшыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсатына қарай бағыттайды.

Сабақтың ортасы

7-12 мин

12-20 мин

20-37 мин

37-39 мин

3. Түсіндіру. оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту үшін шағын практикалық жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларға ток көзі, шам, өткізгіш сымдар, секундамер, кілт беріледі. Оқушылар топта тәжірибені қалай жасайтындарын талқылайды, тізбектің схемасын сызады.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып жұмыс пен қуатттың физикалық мағынасын түсіндіреді және тұрғын үйдегі электр тогының жұмысын қалай анықтайтынын оқушылардан сұрайды. Оқушыларда жауап болмаған жағдайда мұғалім өзі түсіндіреді.

4. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін жұмыс және қуат формуласына есептер шығарады.

Деңгейлік тапсырмалар. Оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі:

I деңгей:

1. 3,5 А ток күшімен 12 В кернеуге есептелген электр шамының 20 с ішінде жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар. (Жауабы: 840 Дж.)2. Электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар. (Жауабы: 3 А.)3. Егер велосипедтің шамындағы кернеу 4 В және ол 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсаса, онда шамдағы ток күшін есептеңдер. (Жауабы: 0,2 А.)II деңгей:4. Электр құралы 45 мин ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай? (Жауабы: 2,4 Ом.)5. Кернеуі 120 В ток көзіне кезектестіріп, бірдей уақытта кедергісі 20 Ом және 40 Ом болатын өткізгіштер жалғанады. Бұл екі жағдайдың қайсысында электр тогының жұмысы қанша есе көп? (Жауабы: 2 есе.)III деңгей6. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай? (Жауабы: ~ 31%.)7. Қыздырғышта тұрған 4,5 л суды 23°С температурадан қайнағанға дейін қыздыру үшін 0,5 кВт*сағ электр энергиясы жұмсалады. Қыздырғыштың ПӘК-і неге тең? (Жауабы: 80%.)

Өзіңді-өзің бағала

Бағалау критерийлері:

Жұмыс формуласын біледі және оны анықтайды

Ток күшін анықтайды

Кедергіні анықтайды

Электр тогының жұмысын салыстырады

Қыздырғыштың ПӘК-ін анықтайды

Таратпа материал

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия: «екі жұлдыз, бір тілек»

Үй тапсырмасы: §42, 44 21 жаттығу (8,9)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы

Сұрақ жауап

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу