Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Мектеп:

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Булану және конденсация.

Қаныққан және қанықпаған булар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.5 – молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;

8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;

8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;
  • заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
  • қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.

 Бағалау критерийлері

1. Булану / конденсация процесін сипаттайды.

2. Қайнау және кебу процесінің бір-бірінен айырмашылығын біледі.

3. Қайнау және кебу процестерінің қандай факторларға байланысты екендігін зертейді.

4. Қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар булану, конденсация, қайнау процесстерінің және қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Булану, конденсация, қайнау, қысым, қаныққан бу және қанықпаған бу ,қайнау температурасы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Булану дегеніміз -............ процессі.

Конденсация – бұл ................ процессі.

Булану және конденсация бір-біріне ..................

Булану кез келген ..................... жүзеге асады.

Температураның артуымен – булану .................артады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық, топ ережесін сақтау және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

 

Заттың молекулалық құрылымын қарастырғанда химия пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақтан заттың агрегаттық күйлерін біледі. Өткен сабақта алған білімдері сұрақ- жауап арқылы еске түсіріледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-6 мин

6-8 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Балқу және қатаю процесі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестерді сипаттайды

  • Температурасы өзгереді
  • Ішкі энергиясы өзгереді
  • Күйі өзгереді
  • Молекулаларының орналасуы өзгереді
  • Пішіні өзгереді .

Оқушылардың жауаптарын ескере отырып, кері байланыс ұйымдастыруға болады.

2. Ой қозғау. Суреттен қандай процессті байқауға болады? Оқушылардың ойларын тыңдау.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • булану, қайнау және конденсация құбылысын сипаттау;
  • заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
  • қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.

Сабақтың ортасы

8-18 мин

18-28 мин

28-30 мин

30-35 мин

4. Түсіндіру. Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Оқушылар көрсетілген тәжірибеге қорытынды жасайды.

Қайнаудың қандай факторларға байланысты екенін анықтау және қорытынды жасау.

1) Май мен судың қайнауын бақылау

2) Массалары әр түрлі суды қайнатып қайнау уақытын анықтау

3) Қыздырғыш плитада массалары бірдей суды әр түрлі жылу бере отырып қайнау уақытын анықтау.

Бағалау критерийлері:

1. Қайнау процесін біледі,процесті түсінеді

2. Тәжірибеге қорытыды жасай алады.

Оқушылар әр түрлі заттардың қайнау температуралары әртүрлі, массасы жоғары сұйықтың қайнау уақыты ұзағырақ және жылу көбірек берілген сайын қайнау тез жүретінін түсінулері тиіс. Мұғалім кері байланыс бере отырып тәжірибе нәтижесіне жалпы қорытынды жасайды.

Топтық жұмыс. Кебу( булану) процесі неге тәуелді екенін зерттеу және қорытынды жасау.

1-топ Буланудың сұйық тегіне тәуелділігін зерттеу

2-топ Булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу

3- топ Буланудың сұйықтың еркін бетінің ауданына тәелділігін зерттеу

4-топ Буланудың желге тәуелділігін зерттеу

Бағалау критерийлері:

1. Кебу процесін біледі;

2. Тәжірибеге талдау жасай алады.

Мұғалім жұмыс нәтижесін ескере отырып кері байланыс үйымдастырады. Оқушылар булану және конденсация процессін сипатап, оның неден тәуелді екенін және қайнау мен кебудің айырмашылығын білуі тиіс.

Қаныққан және қанықпаған бу ұғымының физикалық мағынаын түсундуру үшін виде көрсетілімді қолдану

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

Қаныққан бу қысымы атмосфералық қысымға теңескен кезіндегі температура қайнау температурасы деп аталады.

 

 Оқушылар, қайнау - сұйықтың барлық көлемінде (тек қана бетінде емес, сондай-ақ сұйық ішінде) және тұрақты температурада өтетін булану екенін түсінулері тиіс.

5. Сабақты бекіту

1. Графикте үш сұйықтың қыздырылыуы көрсетілген.

а) Екінші сұйықтың қайнау температурасы қандай?

b) Бұл қандай сұйық?

с) Қыздырылу басталғаннан кейін бірінші сұйық неше минутта қайнады?

Бағалау критерийлері:

  • Температураның уақытқа тәуелді графигін түсінеді

Қыздырғыш плитка, термометр, су, спирт, мақта, сорғыш қағаз, лампа, май.

Қосымша 1

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b797d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/2_5.swf

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

Қосымша 2

Сабақтың соңы

35-40 мин

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма:

Булану және конденсация тақырыбын қайталау. Берілген график бойынша сұрақтар құрастыру

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау. Тәжірибеге қорытыды жасай алу дағдыларын бақылау. Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.

Тәжірибе жасағанда және топтық жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау. от жалынына әр түрлі сұйықты қыздырғанда абайлау керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу