Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы

Булану және конденсация.

Қаныққан және қанықпаған булар

Тест тапсырмасының жауаптары

1 А

10В

Ой қозғау. Неліктен табақтағы су азайып қалды ?

Сабақ мақсаты:

булану(кебу) және конденсация құбылысын сипаттау;

заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі

температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;

қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық

мағынасын түсіну.

Топтық жұмыс

Кебу процесін зерттеу

Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады.

Сұйықтың молекулалары кез келген бағытта бейберекет және еркін қозғалады. Сұйықтың бетіне кинетикалық энергиясы жоғары молекула шықса, ол басқа молекулалардың тартылысын жеңеді де сұйық бетіне ұшып шығады. Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан бу түзіледі. Осы бу булану немесе кебу болып табылады.

Жаңбырдан кейін шалшық су кез келген температурада: 100С болса да, 200С болса да кебеді. Тек бір жағдайда тезірек кебеді, ал екіншісінде баяу. Кебу процесі кез келген температурада жүреді.

Енді булану жылдамдығына әсер етуші жағдайларды қарастырайық.

Булану кезінде сұйықтан жылдам молекулалар ұшып шығады, сондықтан қалған молекулалардың орташа жылдамдығы азаяды. Яғни, кинетикалық энергия азаяды. Бұл буланған сұйықтың ішкі энергиясының азаятындығын және температурасының төмендейтінін көрсетеді.

Булану жылуды жұтумен қатар жүреді.

Сонымен қатар, кей жағдайларда булану құбылысы сублимация заттың қатты күйден газ күйіне өту процесі – деп те аталады.

(Мысалы, мұз, сондықтан аязда далаға жайған дымқыл киім кебеді; нафталин, сондықтан біз оның иісін сеземіз.)

Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады.

Кебу кезінде қанша жылу жұтылса, будың конденсациясы кезінде бірлік массаға сай сонша жылу бөлінеді.

Мәселен, жазға кеште ауа салқындағанда шықтың түсуін будың конденсациясымен түсіндіруге болады. ауадағы су буы салқындағанда конденсацияланып, шөп бастарына, жапырақ беттеріне ұсақ тамшылар түрінде қонады.

Қайнау және булану графигін сипаттау

Егер сұйық жабық ыдысқа жартылай құйылса, процестің басында сұйықтан ұшып кеткен молекулалардың саны, оған қайтып оралған молекулалардың санынан көп болады. судың бетінде су молекулаларының концентрациясы артады. Ақырында, уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе-теңдігі деп аталады.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды.

Температура төмендеген кезде ұшып шығатын молекулалар саны азаяды, ал қайтып келетін молекулалар саны артады. Біраз уақыттан кейін тепе-теңдік орнайды, бірақ қаныққан будың тығыздығы азаяды, себебі бірлік көлемдегі молекулалар саны азаяды.

Температура артқан кезде ұшып шығатын молекулалар саны артады. Динамикалық тепе-теңдік жойылады, бу қанықпаған болады. Біраз уақыттан кейін тепе-теңдік орнайды, бірақ қаныққан будың тығыздығы артады, себебі бірлік көлемдегі молекулалар саны артады.

Біздің бақылауларымыз: ыстық күндердің өзінде өзенге шомылып шыққан кезде біз тоңамыз. Біздің денеміздің беткі ауданындағы су тамшылары кепкен кезде денеміздің температурасы төмендейді.

Ғалымдардың қорытындысы: тер шығару бездері адам ағзасын қорғаушылардың бірі. Ыстық күдері арамдар қарқынды түрде терлейді. Адамның денесінің сыртқы беттерінің терлеуі, яғни тердің булануы оны қатты ыстықтан сақтайды.

 

Адам өміріндегі булану

…заттың сұйық күйден газ күйіне өту процесі

2.Молекулалар энергиясы және олардың орналасуы қалай өзгереді?

1. Дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?

4. Булану кезінде дененің температурасы

өзгере ме?

Кебу- сұйықтың бетінен бөлшектер( молекулалар, атомдар) ұшып шығатын процесс.

Булану

Сұйықтың кебу жылдамдығы:

1)заттын тегіне; 2)бетінің ауданына; 3)сұйық темепературасына; 4)сұйық бетінен будың жойылу жылдамдығына тәуелді

3.Булану кезінде дененің молекулалары

қалай өзгереді?

…заттын газ күйінен сұйық күйге өту процесі

2.Молекулалар энергиясы және олардың орналасуы қалай өзгереді?

1.Конденсация кезінде дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?

3.Конденсация кезінде дененің молекулалары өзгере ме?

Егер булану процесі жүрсе, онда сұйыққа белгілі мөлшерде жылу мөлшерін беру керек.

Булану үшін қажет және конденсациялану

кезінде бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын

формула : Q=L*m ,

L меншікті булану жылуы.

Конденсация

Түсіндір.

1.Егер сұйыққа жел үрсе, булану процесі қалай жүреді?

2.Неліктен тәрелкедегі су табақтағы судан жылдамырақ буланады?

Сабақты бекіту. Тест тапсырмалары

Бағалау критерийлері:

Булану(кебу) / конденсация процесін сипаттай алады.

Кебу процестерінің қандай факторларға байланысты екендігін анықтай алады.

Меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіре алады

улану/конденсациялану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдана алады.

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Булану және конденсация тақырыбын қайталау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу