Қатты дененің балқуы және кристалдануы.Меншікті балқу жылуы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні:

Сынып:

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қатты дененің балқуы және кристалдануы.Меншікті балқу жылуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.4 –МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;

8.3.2.10 - балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;

8.3.2.11 - заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

- балқу және қатаю процесстерін ;

- балқу және қатаю кезінде температураның өзгермейтіндігін;

- меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсіну, өлшеу бірлігін, белгіленуін;

- қатты денені балқу температурасында толығымен балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептейтін формуланы;

- балқу температурасында балқыту үшін жұмсалған жылу мөлшерімен қатаю кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерінің тең екендігін;

- денеге жылу мөлшері берілген кезінде темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсіну.

Бағалау критерийлері

1. Балқу және кристалдану процесстерін біледі.

2. Меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсінеді, оның өлшеу бірлігін біледі;

3. Денені балқу температурасында балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептей біледі;

4. Кристалдану кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептей біледі

5. Темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар білуі тиіс:

Оқушылар балқу, меншікті балқу жылуы, кристалдану процесінің физикалық мағынасын ауызша түсіндіру. Меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын ауызша/жазбаша түсіндіру. Пәнге тән лексика мен терминология:

Балқу, кристалдану, меншікті балқу жылуығ жылу мөлшері, балқу температурасы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Балқу дегеніміз........................

Кристалдану дегеніміз.....................

Меншікті балқу жылуы деп ......................

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, бір-бірінің пікірін тыңдау , жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дамытуға бағытталған. Ойын жүйелеп сыныптастарының алдында айта алу, топпен жұмыс жасай білу, өз жұмысының нәтижесін сараптай алуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Заттың агрегаттық күйлерін қарастырғанда химия пәнімен байланыс. Бақу және кристалдану кезінде жылу мөлшерін есептеу математикамен байланыс.

Бастапқы білім

Заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттауды 7 сынып бағдарламасынан біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-7 мин

1.Материалды қайталау "Заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау" оқу мақсаты бойынша 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.

Сынып үш топқа бөлініп заттың әр түрлі агрегаттық күйлерінде оның молекулалары қалай орналасқанын талқылайды.

  Оқушылар су молекулаларының орналасуының үш күйін білуі тиіс

 І топ қатты (мұз) заттың молекулаларының орналасуын көрстеді

 ІІ топ сұйық заттың молекулаларының орналасуын көрстеді

 ІІІ топ су буы (газ) молекулаларының орналасуын көрстеді

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттайды.

2. Ой қозғау. Берілген суреттен нені байқауға болады?

Сурет арқылы оқушылар өздерінің ойын айтады (Мұғалім оқушының жауабына қарай жетелеу сұрақтарын қойып, оқу мақсатын анықтайды)

3. Мақсатты болжау.

  • МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау;
  • балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану ;
  • заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау.

Слайд

7-15

15-21 минут

21-36 мин

4. Түсіндіру. Мұғалім заттың агрегаттық күйлердің өзгеруін түсіндіреді.

 Балқу - кезінде кристалл тор түйіндеріндегі бөлшектердің тербелістерінің амплитудасы артып, тордың бүлінуі басталады. Балқу процессінде энергия жұтылады сондықтан дененің ішкі энергиясы артады (молекулалардың өзара әсерінің потенциалдық энергиясы артады).

Кристалдану - заттың сұйық күйден қатты күйге ауысу процессі.

 Заттың балқу және қатаюы бірдей температурада өтеді. Кристалдану процессінде энергия бөлінеді.

Меншікті балқу жылуы - кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін, осы заттың меншікті балқу жылуы деп атайды және оны λ деп белгілейді.

5. Сабақты бекіту.

1. Уақыттың қандай мезетінде балқу процесі басталды?

2. Қандай уақытта зат кристалдана бастады?

3. Заттың балқу температурасы нешеге тең? Кристалдану температурасы ше?

4. Қанша уақытқа созылды?

а) қатты затты қыздыру;

б) заттың балқуы;

с) сұйық заттың салқындауы

G Топтық жұмыс

1 топ.

  • Заттың балқу және қатаю процестері өндірісте және техникада қалай қолданылады?
  • Балқу температурасындағы 1кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу керек?
  • 20°C-тағы 200 г нафталинді балқыту үшін қандай жылу керек?
  • 20°C -та 150г қорғасынды балқыту үшін 2,4 ккал жылу жұмсалды. Осы жылу мөлшері қорғасынды толық балқыта ма?

2 топ.

  • Балқу кезінде отынның энергиясы қайда жұмсалады?
  • Балқу температурасындағы 1кг темірді балқыту үшін қанша жылу керек?
  • 20°C -тағы 200 г парафинді балқыту үшін қанша мөлшері жұмсалады?
  • 0°C -тағы мұз бен судың қайсысына көбірек жылу жұмсалады? Неліктен?

3 топ.

  • Не себептен су қалыпты қысымда 0°C-та ериді, 0°C -та қатады?
  • Балқу температурасындағы 1кг қорғасынды балқыту үшін қанша жылу керек?
  • 0°C –тағы мұзды балқытып температурасы 15°C суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек?
  • 20°C болатын 2000 кг шойын балқыту пешіне салынған. Оны балқытуға қанша жылу мөлшері керек? 0°C -та алынған қанша мұзды ерітуге болады?

Бағалау критерийлері:

1.Денені балқу температурасында балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептей біледі;

2. Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде қорытып шығара алады;

3. Темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсінеді.

6. Жетістікті бағалау. Оқушылар бүгінгі сабақта алған үш жаңа ақпаратты және бір түсініксіз болған жағдайды айтады/жазады. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

 

  

Сабақтың соңы

36-40 мин

7. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма:

1. Массасы 5 кг мырыш қатаю температурасына дейін суып, қатая келе тағы 200С-қа дейін суыған. Мырыш өзін қоршаған ортаға қандай жылу мөлшерін берген? t0=4200С мырыштың балқу температурасы, 105Дж/кг - мырыштың меншікті балқу жылуы. с380 Дж/кг0С.

2. Температурасы 320С, массасы 100 г қалайыны массасы 30 г темір ыдысқа салып, оны толық балқыту үшін қанша жылу қажет болады? t0=2320С, қ0,6105Дж/кг, ст460 Дж/кг0С, сқ230 Дж/кг0С. Жауабы: 1) 12,6105 Дж 2) 13,36103 Дж

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға жоғарғы деңгейдің тапсырмаларын орындату. Орташа қабілетті оқушыларды жұмыс барысында сырттай бақылап, оларға өздік жұмыс кезінде көмек көрсету,

Оқушылар тапсырманы талқылап жатқанда сырттай бақылау.

Балқу процесіне есептер шығарады, бағалау критерийлері арқылы тақырыпты қалай меңгергендіктерін бағалау.

Топтық жұмыс орындау барысында топ ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу