Жылу мөлшері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

8.1 Жылулық құбылыстар

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу мөлшері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.9 – жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

1. Жылулық тепе-теңдік теңдеуін құра алады.

2. Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде қорытып шығарады.

3. Физикалық шамалардың мәндерін орнына қойып дұрыс есептеулер жүргізеді.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар білуі тиіс:

Есептерді ауызша талдау. Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде жазбаша қорытып шығару

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу мөлшері- бұл …

Жылу мөлшері дененің … тура пропорционал.

Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз - бұл …

Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық және жылулық тепе-теңдік ұғыдарын алдыңғы сабақта қарастырған.Жылу мөлшерінің формуласын біледі.

Сабақ барысы

ЖОСПАР

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

 1. Қайталау сұрақтарын қоя отырып, өтілген материалдары еске түсіру. оқушылар шеңбер жасап түрады , бір- біріне сұрақтар қояды. Мысалы,

-Жылу мөлшері дегенімз не?

-Жылу мөлшері қандай шамалардан тәуелді?

-Меншікті жылу сыйымдылық дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай?

- жылу мөлшерінің формуласын еске түсір.

2.Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану

 

Сабақтың ортасы

5-35 мин

3. Сынып үш топқа бөлінеді. Жылу баланс теӊдеуін кұрастыруға есептер шығарады.

  • Судан 100 Дж жылу алған массасы 50 г күміс қасықтың температурасы қанша градусқа артады? с250 Дж/кг0С.
  • Массасы 400 г спирт толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=27106Дж/кг.
  • Жанған керосиннің бөліп шығаратын жылуы түгелімен суды жылытуға жұмсалса, массасы 10 г керосинді жағып бастапқы температурасы 200С-ғы судың қандай мөлшерін қайнау температурасына дейін қыздыруға болады? с4200 Дж/кг0С. q=46106Дж/кг.
  • Массасы 420 г жез калориметрге массасы 200 г, температурасы 260С-ғы су құйылған. Осы калориметрге массасы 150 г, температурасы 1000С дене салынды. Қоспаның температурасы 300С болды. Калогиметрге салынған дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықта. ссу4200 Дж/кг0С, сж380 Дж/кг0С.
  • Сыйымдылығы 200 л ваннаны жуынуға дайындау үшін 100С салқын суды 600С ыстық сумен араластырды. Температура 400С болу үшін салқын және ыстық судың әрқайсысынан қандай көлемде құю керек?
  • Массасы 20 кг температурасы 900С ыстық суға, массасы 150 кг, температурасы 230С суды араластырды. Егер ыстық судың 15-і қоршағын ортаны жылытуға кетсе, қоспаның температурасы неге тең болады?

Қабілетті оқушыларға 7. 1000С-қа дейін қыздырылған денені температурасы 100С суға салғанда белгілі бір уақыт өткен соң, жалпы температура 400С болды. Егер бірінші денені шығармай, суға тағы сондай 1000С-қа дейін қыздырылған денені салсақ, судың температурасы қандай болады?

Бағалау критерийлері:

1. Жылулық тепе-теңдік теңдеуін құра алады.

2. Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде қорытып шығарады.

3. Физикалық шамалардың мәндерін орнына қойып дұрыс есептеулер жүргізеді.

Қосымша 1

35-40 мин

4. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

5. Үйге тапсырма:

1. Массасы 6,5 кг темір ыдысқа көлемі 200 л суық құдық суы құйылған. Күн сәулесінің жылуынан судың температурасы 40С-тан 290С-қа дейін көтерілген. Су мен ыдыс қандай жылу мөлшерін қабылдап алған? са920 Дж/кг0С, сс4200 Дж/кг0С, с1000 кг/м3.

2 Массасы 120 г алюминий ыдыстың температурасы 500С. Осы ыдысқа температурасы 1000С-қа тең көлемі 0,5 л су құйылса, қоспаның температурасы қандай болар еді? с4200 Дж/кг0С, са920 Дж/кг0С.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті орташа оқушылар орташа және жеткілікті деңгейдің тапсырмаларын орындайды. Қабілетті оқушылар жоғары деңгейдің тапсырмасын орындайды. Оқушылардың жұмысын сырттай бақылап, қиындық туған жағдайда мұғалім жандарына барып қолдау көрсетеді.

Алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу