Симфониялық музыка. Музыка, 5 сынып, қосымша материал. 1 – сабақ.
6 сынып Музыка Симфониялық музыка 2 сабақ
Мазмұны
- Сабақ жоспары
- Дидактикалық материалдар
- Презентация
Кіріспе
Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні
мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.
Сабақ тақырыбы:
Симфониялық музыка
Оқу мақсаты:
6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;
6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
- Симфония және симфониялық музыка түсінігімен танысу;
- Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату және оларды топтар бойынша жіктеу;
- Классикалық музыканы тындай отырып, музыкалық аспаптарды дыбыс буындары арқылы орындау.
Сабақ барысы:
1 кезең. Оқушыларды ұрмалы, үрмелі, ішекті, жез үрмелі музыкалық аспаптар топтамасы арқылы топтарға бөліңіз. Ол үшін музыкалық аспаптар топтамасын басып шығаруын керек. Сабақ тақырыбына шығу үшін ребусты шешу ұсынылады. Ребус жұмыстары дидиактикалық материалдарда ұсынылған. Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтаңыз.
2 кезең. сіз презентацияны негізге ала отырып симфониялық музыка және симфони я туралы мәлімет бересіз. Соған қоса симфониялық оркестр жайлы анықтама беріп, музыкалық аспаптардың топтамасы жайлы айтып кетіңіз.
1 тапсырмада сыныппен тыңдалым дағдысын қалыптастырасыз. Оқушыларға симфониялық оркестрдегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын тыңдатыңыз.
1.барабан;
2.скрипка;
3.флейта;
4.труба;
5.симфониялық музыканы сыныпта тыңдау.
Тапсырма 2. Сәйкестендіру (жекешеленген жұмыс).Тыңдалған музыкалық аспаптарының дыбысталуын сипаттамаға сүйене отырып, топтар бойынша жіктелуін анықтатыңыз.
Аспап | Сипаттама | Топтама |
барабан | симфониялық оркестрде, джаз, әскери үрлемелі оркестрде де қолданылады | үрмелі |
скрипка | ертеде дабылшы ретінде аңшылықта, жаугершілікте, салтанатты жиын-тойларда пайдаланған музыкалық аспап | ұрмалы |
флейта | цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік | ішекті |
труба | 4 ішекті квинталық бұрауға келтіріледі | жез үрмелі |
3 тапсырмада Тапсырма 3. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс).
Оқушылар сабақ алдында бөлінген топтар бойынша оркестр құрастырады. Әр топтан бір дирижершы тағайындалады. Дирижерларға 4 түрлі музыкалық шығарма ұсыныңыз;
- «Лунная соната» Бетховен
- «Кармен сюита №2» Бизе
- «Венгерский танец №5» Брамс
- «Щелкунчик» (Марш) Чайковский
Шығармаларды топтарда тыңдату. Тыңдалған әуенді әр топ өз дыбыс буынын таңдап, орындауға дайындалады.
Әр топ мүшесі музыкалық аспаптар топтамасы бойынша өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізеді.Нәтижесінде 4 түрлі музыка шығады.Бұл тапсырманы үй жұмысы ретінде де ұсынуға болады.
Тапсырма 4. Таныстырылым
Шығармашылық жұмыс дайын болғаннан кейін, әр топтың дирижерлары ортаға шығып, таңдалған музыкалық шығарма арқылы оркестрді басқарады.
3. Бағалау.
Оқушылар концерттік бағдарлама әдісі арқылы бағаланады.(шапалақтау)
Рефлексия.
Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі. Кестені толтыру.
Білдім | Толықтырғым келеді | Біле алмадым |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?