Симфониялық музыка. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар: 6.1 Классикалық музыканың үздік туындылары | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Мерзімі: | Оқытушы: | ||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Симфониялық музыка | ||||||||||||||||||||
Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу; 6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады. Лексика и терминология: Симфония, симфониялық оркестр, симфониялық музыка Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер: Бұл әуеннің көңіл-күйі ... Оркестрге арналған шығарманы орындау барысында ... қиындықтарға тап болдық. Тыңдалған шығарманы сынып алдында ... көрсете білдік. | ||||||||||||||||||||
Құндылық | Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, бірлесе жұмыс жасау. | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білімдер | Өткен сабақта алған білімдері | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Қорлар | |||||||||||||||||||
Сабақ басы 0-3 3-8 8-10 | 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды ұрмалы, үрмелі, ішекті, жез үрмелі музыкалық аспаптар топтамасы арқылы топтарға бөлу. Сабақ тақырыбына шығу үшін ребусты шешу ұсынылады. Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау | Қосымша №1 Қосымша №2 | |||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 10-13 13-15 15-18 18-25 25-33 33-35 | 2.Сабақ барысы Симфония (гр. Συμφωνία – үндестік) – симфоникалық оркестрде орындауға арналған күрделі циклді музыкалық шығарма. Симфониялық оркестр - ішекті ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралған оркестр. Алғаш рет симфониялық оркестрдің осылай құрылу тәртібі 18 ғасырда Еуропада бой көрсетті. Симфониялық оркестрдің құрамын дыбыс бояуы әр алуан жиырмадан астам музыка аспаптары (гобой, флейта, кларнет, фагот, валторна, литавра, тромбон, барабан, т.б.) құрайды. Сондай-ақ Симфониялық оркестр құрамына арфа, ксилофон мен фортепьяно да қосылады. Композитор осы аспаптардың дауыс-үнін еркін, кеңінен пайдалана отырып, симфониялық оркестр құрамының орындауына лайықты музыкалық шығармасын жазады. Симфониялық оркестрлердің дамуына Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Б.Жұманиязов, т.б. композиторлар елеулі еңбек сіңірді. Қазақстанда 1958 жылы ұйымдастырылған ҚР-ның мемлекеттік симфониялық оркестр жұмыс істейді. Тапсырма 1. Тыңдалым (сыныппен). Оқытушы оқушыларға симфониялық оркестрдегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын тыңдатады. 1.барабан; 2.скрипка; 3.флейта; 4.труба; 5.симфониялық музыканы сыныпта тыңдау. Тапсырма 2. Сәйкестендіру (жекешеленген жұмыс). Тыңдалған музыкалық аспаптарының дыбысталуын сипаттамаға сүйене отырып, топтар бойынша жіктелуін анықтаңыз.
Тапсырма 3. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс). Оқушылар сабақ алдында бөлінген топтар бойынша оркестр құрастырады. Әр топтан бір дирижершы тағайындалады. Дирижерларға 4 түрлі музыкалық шығарма ұсынылады:
Шығармаларды топтарда тыңдату. Тыңдалған әуенді әр топ өз дыбыс буынын таңдап, орындауға дайындалады. Әр топ мүшесі музыкалық аспаптар топтамасы бойынша өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізеді.Нәтижесінде 4 түрлі музыка шығады. Бағалау критерийлері: - Оқушылар оркестрді құрастыра алады; - Музыкалық шығарманы және дыбыс буынын таңдай алады; - Музыкалық шығарманың нақты әуенін сынып алдында дұрыс орындай алады; - Өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізе алады.
Дескриптор: - Оқушылар оркестрді құрастырды; - Музыкалық шығарманы және дыбыс буынын таңдады; - Музыкалық шығарманың нақты әуенін сынып алдында дұрыс орындады; - Өз дауыстарымен музыкалық аспаптың дыбысталуын жеткізді. Тапсырма 4. Таныстырылым Шығармашылық жұмыс дайын болғаннан кейін, әр топтың дирижерлары ортаға шығып, таңдалған музыкалық шығарма арқылы оркестрді басқарады. 3. Бағалау. Оқушылар концерттік бағдарлама әдісі арқылы бағаланады. | Презентация Қосымша №3 Қосымша №4 Қосымша №5 Қосымша №6 | |||||||||||||||||||
Сабақ соңы 35-40 | 4. Рефлексия Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі. Кестені толтыру.
| Қосымша №7 | |||||||||||||||||||
Дифференциация – мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану. | Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады. | Техникалық қауіпсіздік сақтау. Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу. | |||||||||||||||||||
Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы өзге оқушыларға өзінің көмегін тигізе алады. | Қалыптастырушы бағалау 6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу; | Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?